ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Қалқанша безін зақымдайтын гликозидтер

Кумарин типті гликозидтер

Стероидты гликозидтер

Жабайы шалқан. Қарамықша. Түйежоңышқа.

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Гликозидтер

Сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және аглюкондар түзетін, эфирге ұқсас, азотсыз, органикалық қосылыстар. Улылық қасиеті түзілетін аглюкондарға байланысты. Олар альдегидтер, қышқылдар, алкалоидтар болуы мүмкін. Гликозидтер фермент энзимінің әсерінен суға еріткенде, белгілі бір жылулықта, механикалық әсер еткенде оңай ыдырайды. Әрбір энзим гликозидтің тек бір белгілі түрін ғана ыдырата алады. Гликозидтерді бөлшектеу үшін олардың сілтідегі немесе қышқылдағы ерітіндісін қыздыру керек. Әсіресе тұз қышқылымен ерітіндісінде жақсы ыдырайды. Гликозидтердің мал асқазанында жақсы ыдырауын осымен түсіндіруге болады.

Slide 4

Гликозидтер құрамына қарай үш топқа бөлінеді:

1. Құрамында азоты жоқ гликозидтер - сапониндер, оймақгүл гликозидтері

2. Құрамында азоты бар гликозидтер: а. нитрил-гликозидамигдамин, б. синиль қышқылын түзбейтін гликозидтер.

3. Құрамында азот пен күкірт бар гликозидтер - синигрин, синалбин, алиин-чеснок пен қыша майлары.

Slide 5

Қалқанша безін зақымдайтын гликозидтер

Гликозидтердің арасында қалқанша безінің қызметін тежеп, иодтың игерілуін және тироидты гормондардың түзілуін бұзатын түрлері де кездеседі. Нәтижесінде гипотироидизм пайда болуы мүмкін. Шаршы гүлді өсімдіктер тұқымдасының құрамында тиоксазалидон туындысы болып табылатын гликозидтер бар. Екінші дүниежүзілік соғысының тұсында бірқатар Еуропалық мемлекеттерде және Канадада күнжаралармен азықтандыру нәтижесінде қойлардың арасында жаппай улану жағдайлары кездескен.

Slide 6

Құрамында аллилді - қыша майы бар гликозидтер

Шаршы гүлдер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктердің тұқымдарныда ерекше түрдегі гликозидтер кездеседі. Олардың құрамына циан топтарынан басқа күкірт кіреді. Тұқымындағы мирозин ферменттерінің әсерінен және белгілі бір температура мен ылғалдылық жағдайларына байланысты, бұл гликозидтер аллилді - қыша майына ыдырайды. Бұл майдың иісі қатты тітіркендіріп әср етеді. Әсіресе теріге, кілегейлі қабыққа әсері айтарлықтай. Қара қышада мұндай гликозидтер - синигрин деп аталады. Ол аммиловотиоционат, глюкоза және сульфатты калий қышқылына ыдырайды.

Slide 7

Кумарин типті гликозидтер

Көптеген өсімдіктер құрамында кумаринді гликозидтер кездеседі. Кумарин нафтанолға және нафталинге жақын келеді, сонымен қатар, олардың негізін құарйды. Қсімдік құрамында кумарин, олардың гүлдеу кезеңінде және жеміс сала бастаған кезінде түзіледі. Мұндай гликозидтерге эскулин, мезерин және ерекше уытты агент дикумарин жатады. Жауынды күндері немесе бұзылған азық құрамындағы кумарин өте уытты зат дикумаринге тез айналып кетеді. Дикумарин бауырда жинақтала келек К витаминінің синтезін, протромбиннің түзілу процесін бұзып, нәтижесінде қан нашар ұйығыш келеді.

Slide 8

Стероидты гликозидтер

Өсімдіктер құрамындағы көптеген гликозидтердің мөлшері күрделі стероидты құрылымға ие. Олардың барлығы бұрынғы уақыттан бері жүрек-қан тамырларын емдейтін емдік заттар тобына жатады. Құрамында осы гликозидтері бар өсімдіктерге оймақгүл, жалынгүл, інжугүл, олеандр жатады.

Slide 9

Сапониндер

Құрылымы жоғарыдағы гликозидтер секілді күрделі, бірақ әсер ету сипаты басқаларға қарағанда ерекше гликозидтер. Сапониндер қанның формалық элементтерін зақымдайды. Атап айтқанда, эритроциттерді зақымдап гемолиз тудырады. Зақымданбаған кілегейлі қабықтары арқылы қанға таралуы айтарлықтай емес, бірақ кілегейлі қабықты қатты тітіркендіріп әсер етеді.

Slide 10

Нитрилгликозидтер

Өзінің ыдырау ыкезінде гидролизденіп, нәтижесінде синил қышқылын түзетін гликозидтер. Цианоагенді гликозидтер деген атпен белгілі. Сау, қалыпты дамып келе жатқан өсімдіктерде бос синил қышқылы өте аз болады. Өйткені ол өсімдік құрамындағы өзіне сәйкес келетін ферменттер әсерінен жойылып отырады. Ал жағымсыз жағдайларда өскен өсімдіктердің құрамында бос синил қышқылдарының мөлшері көптеп кездеседі. Ірі қара мал цианогенді гликозидтердің әсеріне өте сезімтал келеді, нәтижесінде олардың улануы басқа жануарлармен салыстырғанда жиі кездеседі.

Slide 11

Егістік қышасы

Клиникалық белгілері: құрамында қыша майы бар егістік қышасын және басқа да қыша туыстас өсімдіктерді гүлдеу уақытында және гүлденгеннен кейін жеу, жануарларда жіті улануды тудырады. Ал созылмалы уланулар байқалмаған.

Емі: құрамында қыша майы бар өсімдіктермен уланған жануарларда процесс тез дамитын болғандықтан, дереу алғашқы көмек көрсетуі керек. Өкпе ісініп кеткеннен кейінгі емдеу шаралары жақсы нәтижелер бермейді. Кез-келген жағдайларда жүрек жұмысын қалпына келтіретін заттар бірден қолдануға дайын тұрғаны жөн. Кейбір авторлар ауыз арқылы спиртті және глаубер тұзын қолдануды ұсынады. Стрихнин және сергітетін басқа да заттарды қолдану өте пайдалы болуы мүмкін.

Slide 12 Slide 13

Жабайы шалқан

Клиникалық белгілері. Жабайы алқаннан уланудың клинилық белгілері егістік қышасынан улану кезіндегідей.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Шалқаннан уланудан өлген жануарлар өлексесін сойып зерттеу кезінде геморрагиялық гастроэнтеритті, қан аралас зәрді, кеуде және құрсақ қуыстарынан, жүрек үлбіршегінен қанды-серозды сұйықтықты, ал бауырының сарғайғанының көруге болады.

Slide 14 Slide 15

Қарамықша


Ұқсас жұмыстар
Стероидты гликозидтер
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Құрамында күкірті бар эфир майлары
Өсімдік токсикологиясы
Құрамына кумарин кіретін препараттар
ҚҰРАМЫНДА КУМАРИНДЕР БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР КУМАРИНДЕР МЕН ХРОМОНДАР
Құрамында кумариндері және хромондары бар дәрілік өсімдік шикізаттарының жалпы сипаттамасы. Кумариндер мен хромондардың медициналық-биологиялық маңызы
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
Гексоздардың пираноза түрінің конформациясы. О- және N-гликозидтер. Гликозидтердің гидролизі. Аминді қанттарды ацилдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz