Дәрілік заттардың фармодинамикасы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Жалпы фармакология

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Дәрілік заттардың фармодинамикасы

Дәрілік заттардың әсер ету механизмі

Дәрілік заттардың әсер ету түрлері

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары

Дәрілік заттардың әсерінен болатьын жануарлар организміндегі күрделі өзгерістер жүйесін олардың әсер ету жөніндегі заңдылықтарынан толық мағлұмат болғанда ғана түсінуге болады.

Ол үшін олардың фармодинамикасын, әсер ету механизмін, оның күші мен әсер ету мерзімі тәрізді мағлұматтарды білген жөн. Осыған байланысты олардың құбылыстары өзгертудегі әсер ету ерекшелігі, әсер ету принципі, таралуы, маңызы, олардың әртүрлі мөлшерлермен дәрілік түрлерінің әсер ету ерекшелігі, сонымен бірге әртүрлі жолдармен екендігі жануарлардың жасы мен физиологиялық жағдайларына байланыстылығы зерттеледі.

Slide 4

Дәрілік заттардың фармодинамикасы

Фармакодинамика - дегеніміз дәрілік заттардың әсерінен болатын организмдегі өзгерістер жүйесі. Әрбір өзгерістер динамика бойынша - пайда болағаннан бастап жойылып кеткенге дейін дамиды. Өзгерістер субторшалық деңгейде басталып, биологиялық жүйенің әртүрлі физиологиялық функцияларына, қорғаныс реакцияларына, олардың өсімталдығымен басқада өмірлік мәні бар құбылыстардың белсенділігіне ықпалын тигізеді.

Slide 5

Холинергиялық жүйкелердің әсерін күшейту әртүрлі биохимиялық құбылыстарға негізделген, ал оның әрқайсысы үшін әр түрлі дәрілік заттар қолданылады:

1. Медиатордың көлемін ұлғайтатындар.

2. Холинореактивтік құрылымдардың сезімталдығын арттыратындар.

3. Медиатор ыдырауын баяулататындар.

4. Адренергиялық иннервацияның әсерін әлсірететіндер және тағыда басқа заттар.

Slide 6

Дәрілік заттардың әсер ету механизмі

Мал шаруашылығында дәрілік заттардан толық нәтиже алу үшін, олардың фармакодинамикасын ғана емес, осы өзгерістердің себептерінде толық білген жөн. Дәрілік заттардың әсер ету механизмі дегеніміз - белгілі бір бағдарлы өзгерістерге жеткізетін тірі организмдегі биохимиялық және физиологиялық заттармен құбылыстардың қосылуы, күшеюі мен әлсіреуі. Ал ондай заттар организмде өте көп: иондар, рецепторлар, реактивті құрылымдар және т. б.

Slide 7 Slide 8

Организмдегі өзгерістерді зерттеу көрсеткендей дәрілік заттар әсерінің е негізгі себебі - олардың мембранасындағы кейбір биохимиялық құрылымдармен немесе торша цитоплазмасымен алғашқы физико-химиялық әсерлесі боолып табылады. Осы алғашқы реакциялар дәрілік заттардың әсер ету механизімін көрсетеді.

Дәрілік заттардың алғашқы реакциясы әр алуан: ол рН-тың және резрвті сілтіліктің, осмостық қысымның өзгерісінен бастап белоктармен, ферменттермен, медиаторлармен және басқа да күрделі биохимиялық қосылыстармен реакциялауға дейін жүреді.

Slide 9

Жануарлар организмінде бұл құбылыстар барлық ұлпалар мен торшаларда химиялық оксиредуктаза ферменттер тобының қатысуымен үздіксіз жүруін-биологиялық тотығу деп атайды. Жүріп жатқан бұл құбылыстардың құндылығы сол, әр түрлі физиологиялық құбылыстарға ыңғайлы әртүрлі ұлпа, торша, торша органеллалары және тағы да басқаларын ескере отырып организмді энергиямен қамтамасыз етеді.

Биологиялық тотығудың бұзылуы жергілікті және жалпы патологияның бірден-бір себебі болып табылады. Сонымен бірге, барлық патологияларда әртүрлі деңгейде тотығу құбылыстары да бұзылады. Осы өзгерістердің алдын алып, бұзылған кезде қалпына келтіретін заттардың бірі - биологиялық тотығудың белгілі бір бөлігіне әсер ететін дәрілік заттар.

Slide 10

Дәрілік заттардың әсер ету түрлері

Дәрілік заттардың фармакодинамикасы зерттеліп қаралғанда, олардың мына төмендегідей негізгі әсер ету түрлері міндетті түрде ескеріледі: бағыты, қызметін өзгертуі, қоздыру, әлсірету, сезімділіктің өзгеруі, заттардың әсер ету принциптері әсер ету күші мен мерзімі, фармакологиялық әсердің орны, оның таралуы, әсер ету дәрежесі, және малдың ауруы кезіндегі әсері.

Сонымен бірге, дәрілік заттарды қолданғанда организмнің реакциясындағы ерекшелік пен оны қолдану шарттары, жанаурлардың түрі, жасы, жағдайы, күйі және басқалары ескеріледі.

Slide 11

Дәрілік заттардың негізгі және қосалқы әсері. Кез келген дәрінің әсерінен организмде көптеген өзгерістер болады. Осы өзгерістер белгілі бір дәрілік заттарды жиі қолданғанда айқынырақ болады. Мұндай әсерді негізгі әсер дейді. Ал дәрілік заттарды қолданғанда байқалған өзгерістер айқын білінбесе, ондай әсер қосалқы әсер деп атайды. Қосалқы әсердің де пайдалы жақтары бар, оны дәрілік заттарды қолданарда ескерген жөн. Жағдайдың әртүрлілігіне байланысты негізгі және қосалқы әсердің нәтижелігіде өзгеріп тырады.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЕНУ ЖОЛДАРЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ
Дәрілік заттар метаболизмінің ерекшеліктері
Ағза ортасына химиялық және физикалық өзара әсерлесуі
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖАРНАМАЛАУ
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФАРМАКОДИНАМИКАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz