Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

Жеке фармакология.
Жүйке жүйесіне әсер
ететін дәрілік заттар.
Орындаған: Қонысбекова.Д.Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Билялов.Е.Е

Семей 2021 жыл
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
Орталық жүйке жүйесін тежейтін заттар
Ауырсыну сезімділігін жалпы әлсірететін
дәрілер немесе наркоздық заттар
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Жүйке жүйесі – құрылы мен қызметі өте күрделі,
организмдегі барлық құбылыстарды реттеп отыратын
жүйе. Организмнің әртүрлі бөлігіндегі болып жатқан
құбылыстардың белсенділігін күшейтетін немесе
әлсірететін дәрілік заттардың түрлері өте көп.
Бұлардың ішіндегілердің ең маңыздылары жүйке
жүйесінің әртүрлі бөлігіне, сонымен бірге оның
перифериялық бөлігіне әсер ететін заттар болып
табылады.
Жүйке торшаларының негізгі физиологиялық
құбылысы болып – дәрілік заттардың әсерінен
болатын және бүкіл жүйке талышықтары арқылы
тарайтын қозу толқыны немесе жүйке импульсі болып
саналады.
Қазіргі кездегі көзқарас бойынша нейротроптық
заттардың орталық және перифериялық жүйке
жүйесіндегі әсер ету механизміне синаптикалық
теория негіз бола алады. Бұл теория бойынша
негізгі нейротроптық заттардың әсер ететін жері
нейронаралық байланыстар болып табылады.
Мұндағы жүйкелік қозу құбылысы
медиаторлардың басқаша айтқанда, химиялық
өткізгіштердің көмегімен ғана жүзеге асады.
Фармакологиялық заттар жүйке торшасы
құбылыстарының әртүрлі бөлігіне әсер етеді. Бұл
әсер қоздыру немесе тежелу түрінде өтеді.
Орталық жүйке жүйесін тежейтін
заттар
Орталық жүйке жүйесін тежейтін көптеген
заттардың ішінде ветеринарияда:
наркотикалық заттар, ұйықтататын заттар,
нейролептиктер, транквилизаторлар,
седативтік заттар, анальгезиялық және қызу
басқыш заттар қолданылады.
Наркоз – дегеніміз арнаулы дәрілік заттарыдң
әсернен орталық жүйке жүйесіндегі нейронаралық
синапстарда болатын қозудың өткізгіштік құбылысының
әлсіреуі. Қазіргі дәрілік практикада наркоз дегеніміз
ауырсыну сезімдігінің жалпы әлсіреуі, осының әсерінен
болатын сезімділіктің жойылуы, қаңқа еттерінің
босаңсып, толық қозғалыссыз күйге көшуі болып
табылады.
Наркоздық заттардың орталық жүйке жүйесіне алғашқы
әсері ауырсыну сезімділігінің әлсіреуімен қатар жүретін
естен айырылуды немесе есеңгіреп талып қалуды еске
түсіреді. Осы сатыда орталық жүйке жүйесі едәуір
әлсірегенімен, ми қыртысының ауырсыну сезгіш
орталықтарының әлсіреуі басым болып анальгезия
құбылысы айқындала бастайды.
Наркоздың төрт даму дәрежесін
кездестіруге болады:
Бірінші дәрежелі наркозды – базистік немесе
беткейлік наркоз дейді. Наркоздың бұл дәрежесінде
организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен
жойылады, көлденең жолақты бұлшық еттердің
тонусы бірден төмендейді, ал тыныс алу, тамыр соғу,
қан қысым өзгеріссіз қалады.
Екінші дәрежелі наркозды – айқын наркоз дпе
атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде организмнің
ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылып, көлденең
жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден
төмендегенімен, тыныс алу жүйесі мен жүректің
қызметі өзгермейді.
Үшінші дәрежелі наркозды – терең наркоз деп
атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде рефлекстер
толығымен жойылады, тыныс алу әлсірейді, қан
қысымы төмендейді, тамыр соғуы жылдам болғанымен,
әлсіз болады.
Төртінші дәрежелі наркоз – аса терең наркоз
немесе мөлшерден шектен тыс асып кетуі деп те
атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде ең маңызды
орталықтардың қызметі бұзылады: қан қысымы бірден
төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді, тыныс алу сиреп,
бірқалыпсызданады. Егер де тыныс алу және жүрек-қан
жүйесінде патологиялық құбылыстар болатын болса,
наркоз мөлшерінің шектен тыс асып кетуі
жануарлардың өліміне әкеп соқтырады.
Организмдегі болатын негізгі өзгерістер. Наркоз
кезінде барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметі төмендейді,
бірақ әртүрлі жағдайларда әртүрлі дәрежеде болады. Ас қорыту
жүйесінің моторлық және секреторлық қызметі әлсірейді,
бүйректің қызметі төмендейді, жатырдың жиырылуы әлсіреп,
ферменттердің белсенділігі азаяды. Жүректің жиырылуы сиреп,
әлсірей бастайды, импульстардың өткізгіштігі нашарлайды,
көбінесе жүрек жүйелерінің қозуы және жүрек еттерінің
жиырылуы нашарлайды, кейде жүрек-қантамырларының
қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеуі тамырларды
қозғау орталығының әлсіреуінен және жүйке жүйесі
жүйкелендіретін аймақтың шектен тыс кеңейіп кетуінен болады:
бұл тамырлар тонусының төмендеуіне және жүрек қызметінің
әлсіреуіне әкеп соқтырады. Қанның құрамында эритроциттер
көбейіп, оның резистентілігі және эритроциттердің шөгу
жылдамдығы төмендейді, қанның ұю қабілеті артады.
Жануарлардың температурасы наркоздың азғана
мөлшерінен-ақ төмендеп, оның мөлшері артқан
сайын, температураның төмендеуі күшейе түседі.
Негізінен температура 1-2 градусқа, ал терең наркоз
беру кезінде 4-6 градусқа дейін төмендейді. Мұны
температураны реттеу қызметінің әлсіреуінен деп
түсінуге болады. Температураның төмендеуі
әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп
соқтырады.
Наркоздан кейін 1-6 сағатқа дейін созылатын ұйқы
құбылысы болады. Ұйқы жанаурлар мүшелері
қызметінің қайта қалпына келуіне және
операциядан кейінгі кезеңнің жақсы өтуіне септігін
тигізеді.
Наркоздың маңызы.
Наркоздың маңызы өте үлкен. Өйткені аса күрделі
де, ұзаққа созылатын операцияларды тек
наркоздың көмегімен ғана жүзеге асыруға болады,
наркоз алмаған жануарларға қарағанда, наркоз
алған жануарларда операциядан кейінгі жаралар
тез арада жазылып кетеді. Наркоздалған
жануарлардың жалпы жағдайы нашарламайтын
болса, наркозсыз операцияланған жануарлардың
өнімділігі мен өсімталдығы айтарлықтай
төмендейді, салмағы азайып, жүйке жүйесінің
әртүрлі ауытқулары пайда болады.
Терең наркоз организмді көптеген өзгерістерге енгізіп,
өлімге душар етуі мүмкін. Сондықтан, наркоздық
заттарды арық, буаз малға, сонымен бірге жүрек-тамыр,
тыныс алу жүйелері және бауыры ауыратын малға
қолдануға болмайды. Кейбір өзіне тән иісі бар
наркоздық заттар етке өткізілетін малға
қолданылмайды. Өйткені наркоздық заттардың
жағымсыз әсері етте ұзақ уақыт сақталып қалады.
Соңғы кездері жалпы наркоздаудан бұрын
премедикациялау жиі қолданылып жүр. Бұл жағдай
тыныштандырып әсер етеді, жүрек-қан айналу жүйесі
мен тыныс алу орталығына жағымсыз рефлекторлық
әсерді тежеп, наркоздық заттардың әсерін ұлғайтады
және оның қолайсыз әсерін әлсіретеді.
Ингаляциялық емес наркозға
арналған дәрілік заттар
Жануарларға көп реттерде наркоздық заттарды
ингаляциялық емес жолдармен береді.
Тиопентал – тез әсер ететін наркоздық зат. Бұлшық ет
арқылы енгізгенде оның наркоздық әсері 2,5 сағатқа дейін
созылады. Ең күшті наркоздық заттардың бірі ретінде
хирургиялық операцияларда және ішектің түйілуі кезінде,
сіреспеге қарсы зат ретінде қолданылады. Препараттың
мөлшері барлық мал үшін бірдей. Малдың 1 кг тірідей
салмағына қан тамыры мен кеңірдек арқылы енгізгенде
0,025-0,030 г, тері астына енгізгенде 0,025-0,040 г, бұлшық
ет арқылы енгізгенде 0,03-0,05 г, ал ауыз қуысы арқылы
0,04-0,06 г беріледі.
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік
заттар
Ингаляциялық наркоз дегеніміз – тез буланатын сұйықтық
немесе газдар. Бұл аталған наркотиктердің ең жақсы берілу
әдісі ингаляция болып табылады.
Хлороформ – мөлдір, түссіз, оңай қозғалатын ұшқыр сұйық
зат. Өзіне тән иісі, тәтті және күйдіретіндей дәмі бар. Оны
күңгірт шыны ыдысатрда шығарады. Улы және ұшқыр зат
болғандықтан хлороформ жергілікті жерге әсер етеді.
Алғашқыда сезімтал жүйке талшықтарын қоздырып
әлсіретеді де олардың сезімталдығын нашарлатады.
Хлороформ жануарлардың барлық түріне және құстарға
бірдей әсер етеді. Ірі қара мен ұсақ малға хлороформдық
наркоз қолданылады. Сыртқы ағзаларға хлороформ негізінен
ауырсыну сезімділігін әлсіреткіш және ревматизмге қарсы
зат ретінде буындар мен бұлшық еттердің қабынуы кезінде
қолданылады.
Қорытынды
Шеткі жүйелердің салдануы наркоз кезінде
механикалық қысылудан немесе мидың кейбір
орталықтарының қызметі бұзылғаннан болады. Салдану
көбінесе өзінен-өзі аз уақыттан кейін қалыптасады, кей
кезде ұзақ мезгіл арнайы ем қолдану қажет етеді. Ол үшін
электрстимуляция, массаж, гальванотерапия
рефлексотерапия, лазер сәулесі, стризнин, прозерин,
галатомин қолданып бірнеше айлар ем жасауға мәжбүр
етеді.
Наркоздан кейін су-тұздың алмасуы жиі бұзылады. Оны
қалыптастыру үшін несептегі және қандағы хлорид
натрийдің, калийдің концентрациясын мұқият
қадағалайды. Малға сұйықты мол беріп аталған
элементтер тапшылығында оларды тамырдан
сұйықтармен енгізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ильясов.Б.К, Алғашқы
ветеринарлық жәрдем, Алматы 2001
жыл.
2.Муралинов.К.К, Оперативтік
хирургия, Алматы 2006 жыл.
3.Ильясов.Б.К, Ветеринарлық
хирургия, Алматы 2008 жыл.

Ұқсас жұмыстар
Анальгетик заттар
Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы
Дәрілік заттардың дозасы
Орталық Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік өсімдіктер
Ультрадыбыстың фармацияда қолданылуы
Тітіркендіргіш дәрілік заттар
Сіреспе
МИКРОБТАР МЕН ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАЬЫН ПРЕПАРАТТАР
ЗӘР АЙДАЙТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Пәндер