Алкогольдің организмге сіңірілуі



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті
Фармакологиядағы алкогольдердің орны
Орындаған: Қонысбекова. Д. Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Билялов. Е. Е
Семей 2021 жыл

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Этил спирті
Алкогольдердің жергілікті әсері
Алкогольдің организмге сіңірілуі
Резорбтивті әсері
Алкогольдің қолданылуы
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Алкоголь препараттарының атаулары гидроксил тобындағы радикалдарға байланысты болады, ал көп атомды спирттердің атаулары моносахаридтерге байланысты. Халықаралық номенклатура бойынша спирттердің атаулары, оның құрамына кіретін көмірсутекке ол деген жалғау арқылы айтылады, глюкоза мен галактозаға сәйкес келетін алты атомды спирттерді осы уақытқа дейін сорбит, дульцит деп те атайды. Спирттердің ішінде фармакологиядағы ең маңыздысы этил спирті болып табылады.

Этил спирті - түссіз, мөлдір, оңай тұтынатын, өзіне тән иісі, күйдірерлік дәмі бар, ұшқыр сұйық зат. Сумен оңай араласады, тірі торшалардың және химиялық заттардың ерітіндісінен суды өзіне тартып алады.
Этил спиртінің 95, 90, 70 пайыздық және 40 пайызды түрлері болады. Егер спирттің концентрациясы көрсетілмесе оны 95 пайызды деп түсіну керек. денатурациялық спиртті алу үшін спирт - шикізатқа пиридин негіздерін және метил алкоголін қосып дайындайды. Сонымен бірге арнаулы қолданулар үшін денатурацияның ерекше түрлерін пайдаланылады. Мысалы: формалинді спирт - дезинфекция және анатомиялық препараттарды сақтау үшін қолданылса, ал майлы фир спирті - косметикада пайдаланылады.

Жергілікті әсері. Алкогольді теріге немесе кілегейлі қабықтарға жақындатқанда алғашқыда салқындылық, соңынан күйдіретіндей сезімдерді де байқауға болады да, гиперемия пайда бола бастайды. Жергілікті жердің қан тамырлары кеңейеді де мұнда қанның мөлшері көбейеді, бұл жүйке талшықтары рецепторларының қозуынан және капиллярлардағы интерорецепторлардың алкоголің әсерінен әлсіреуінен болады.
Алкогольдің 4 пайызды концентрациясын тері астына енгізгенде ұлпалардың өте қатты тітіркенуі, тіптен қабынуы пайда болады. 50-60 пайыз концентрацияларында алкогольдар ұлпалары жансыздандырады. Спиртті және дәрілердің спиртті ерітінділерін тері астына егуге болмайды.

Организмге сіңірілуі. Алкоголь кілегейлі қабықтар арқылы өте тез сіңіріледі: 5-10 минуттан кейін-ақ орталық жүйке жүйесіне алкоголдің алғашқы әсері байқала бастайды. Организмде ол қышқылданады. Алкогольдің қышқылдануы денеге сіңгеннен кейін бірден басталады, бірақ ол баяу жүреді және оның организмдегі жалпы көлеміне байланысты болмайды. Алкогольдің қабылданған мөлшері көп болған сайын, организмде ұзақ тұрақталады да, оның едәуір мөлшері уытты қосылыстарға айналады. Емдік мақсатпен берілген алкогольдің 90-95 пайызы организмде ыдырайды, ал қалған 5-10 пайызы шамасы ешқандай өзгеріссіз өкпе, сүт және тері бездері арқылы сыртқа шығарылады.

Резорбтивті әсері. Жоғары мөлшерінде берілген алкогольдің әсері наркоздық заттарға ұқсас келеді. Оның ерекшелігі сол, ол суда тез еритін зат ретінде тек липидтерге бай ұлпаларға ғана жинақталып қоймай, бұлшық еттерде және паренхиматозды мүшелерде де жинақталады. Сондықтан да алкогольдік наркоз алу үшін, наркоздық заттарға қарағанда алкоголдің едәуір көп мөлшері қажет.
Толық наркоз сатысында тыныс алу орталығы әлсіреп, тыныс алу нашарлайды. Мұндай кездерде мөлшердің шамадан тыс берілуі жануарлардың өліміне әкеп соқтырады, сондықтан да алкогольді толық наркоз алу үшін қолданбайды.

Алкогольдің ыдырауы кезінде бөлінген энергия мүшелердің қызметін арттырады. Мұны әсіресе олардың қызметі нашарлағанда айқын байқауға болады. Нашарлап әлсіреген организм өзіне керекті бүкіл энергияның 25 пайызға жуығын алкогольдің ыдырауы арқылы ала алады.
Ауру малға күре тамыры арқылы енгізілген алкогольдің аз ғана мөлшерінің өзі организмнің жалпы жағдайын жақсартады, қан айналу қалпына келеді, тыныс алу жиілейді, зат алмасу жақсарып, организмнің төзімділігі артады. Кейбір жағдайларда күре тамыры арқылы қолданылған алкоголь өкпенің іріңді және шіріме жаралар кезінде бұл құбылыстың өкпенің басқа бөліктеріне таралуына жол бермейді.

Қолданылуы. Наркоздық зат ретінді алкогольді ішке береді және күре қан тамырына егеді. Ауырсыну сезімділігін әлсірететін, ашу құбылыстарына қарсы және антисептикалық зат ретінде оны қарын кеуіп-кеңігенде, сіреспе-шаншулар кезінде, ішектердің атониясында, сонымен қатар ауырсыну сезімділігін әлсірететін зат ретінде мидың қабынуында, сіреспе жөтелдерде және иттің оба аурулары кезінде қолданады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz