Витаминдер және оларға ұқсас заттар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

Витаминдер және оларға
ұқсас заттар
Орындаған: Қонысбекова.Д.Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Билялов.Е.Е

Семей 2021 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Фармакодинамикасы
Тиамин бромиді
Кокарбоксилаза, рибофлавин
Никотин қышқылы, пиридоксин
Фолий қышқылы, аскорбин қышқылы
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Витаминдер – адам мен жануарлар организмінің өмір
сүруін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттар.
Алғашында витаминдік препараттар олардың биологиялық
маңыздылығына байланысты ғана аталған болатын.
Алайда әртүрлі тәжірибелер қою арқылы витаминдік
препараттардың жекелеген аурулардың алдын алуға және
оларды емдеуге де зор маңызы бар екендігі анықталды.
Қазіргі кезде витаминдік препараттардың төрт тобы
белгілі: азықтық заттардағы витаминдер, таза витаминдер,
әртүрлі микроорганизмдерден бөлінетін витаминдер және
жасанды жолмен алынған витаминдер тобы.
Витаминдерді биологиялық жолмен алудағы жеткен
табыстар қанша зор болғанымен қазіргі кездегі ең
маңыздысы оларды жасанды жолмен алу болып
табылады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген
витаминдік препараттардың басым көпшілігі жасанды
жолмен жолмен алынғандар. Жасанды жолмен алу
витамин құрамын немесе әсерін қажетінше өзгертуге
мүмкіндік береді. Олардың құндылығы медицина және
мал шаруашылығына қажетті жағдайларды толығымен
қамтамасыз етуінде болып табылады.
Қазіргі кезде витаминдік препараттардың дәл
химиялық классификациясы жасалынған олар:
алифатты, ациклді, ароматты және гетероциклдік
қосылыстар түзеді.
Фармакодинамикасы
Қазіргі кезеңде витаминдік препараттардың жануар
организміне әсері айтарлықтай дәрежеде тексеріліп,
жаңарған препараттармен толықтырылуда. Витаминдер
тіелей немес жанамалай болса да организмдегі барлық
биохимиялық құбылыстарға қатысады. Кейбір витаминдер
организмге қажетті заттарды түзуге, ал кейбіреулері
энергетикалыө заттар есебінде қажет. Витаминдік
препарттар тотығу-тотықсыздану, карбоксилдену,
декарбоксилдену, амин қышқылдарының түзілуіне, т.б
биологиялық құбылыстарға қатысады. Витаминдік
заттардың ферменттік құбылыстардағы маңызы өте зор.
Витаминдер өздігінен ферменттік жүйелер құрамына
кірмейді, алайда, олар ферменттік құбылыстарға
кофермент түрінде қатысады.
Тиамин бромиді
Өзіне тән иісі бар, ақ түсті ұнтақ. Суда және спиртте жақсы
ериді. Температураға төзімді. Тиамин организмде бір қалыпты
таралмайды. Ең көп мөлшері жүйке клеткаларында, ал аздаған
мөлшері бауыр мен бұлшық етте болады. Сіңіріліп үлгермеген
тиамин және оның әр түрлі өзгерген қосылыстары бүйрек
арқылы сыртқа шығарылады. Тиамин бромиді – жатырдың,
капиллярлардың жиырылуы төмендегенде, миокард
ишемиясында, жүрек-қан тамырларының қоректенуі
бұзылғанда, қан қысымы төмендегенде, жүрек қан айналымы
нашарлағанда, өкпе қабынуларында, атониялық гастрит пен
энтериттер кезінде емдік және алдын алу мақсатында
қолданылады. Тері астына енгізілумөлшері: сиыр мен жылқыға
0,06-0,5 г, қой мен шошқаға 0,005-0,05 г, иттерге 0,001-0,01г.
Кокарбоксилаза
Кокарбоксилаза – тиаминдіпирофосфат. Ақ түсті, ашылау
дәмі бар, тиаминге тән әлсіздеу иісі бар қиыршық ұнтақ.
Суда оңай, спиртте нашар ериді, 35 жоғары температурада
ыдырауға ұшырайды. Карбоксилаза зат алмасуы бұзылған
кезде пайда болатын ацидоздар кезінде қолданылады.
Мұндай патологиялық құбылыстар ірі қара малда сапасыз
азық берген кезде байқалады. Кокарбоксилаза жүрек
қызметі төмендегенде және қан қысымы азайғанда,
көмірсу мен белоктар алмасуы бұзылған кезде нәтижелі
әсер етеді. Бұлшық етке мынадай мөлшерлерде
тағайындалады: сиырға 0,5-1
,6 г, шошқаға 0,4-0,6г, иттерге 0,02-0,2г.
Рибофлавин
Рибофлавин күлгін сары түсті, иіссіз, дәмі ащы. Суда өте
аншар еритін қиыршық зат. Рибофлавин ишекте сіңіріліп
басым түрде бауыр ұлпасында шоғырланады. Негізнен несеп
арқылы, жартылай термен , нәжіспен, т.б шығарылады.
Рибофлавин организмдегі қант мөлшерін реттейді. Тиамин
және никотин қышқылы тәріздес ол алдымен сүт қышқылын
пирожүзім қышқылына, соңынан көмір қышқылына өзгертеді.
Ол азот алмасуына да қатысады. Рибофлавиннің ең бір
маңызды әсерлерінің бірі жануар организмінің трифтопан,
гистидин, фениланин және треонин тәріздес амин
қышқылдарының пайдалануын жақсартады. Ал гликокол,
цистин, тирозин сияқты амин қышқылдарының организмдегі
өзгеруі рибофлавинсіз мүмкін емес.
Никотин қышқылы
Никотин қышқылы – түссіз, иіссіз, қышқыл дәмі
бар қиыршық зат. Суда 15 градуста – 1:75, 60
градуста – 1:25, 100 градуста – 1:10 мөлшерде
ериді. Қыздыруға, жарық әсеріне,
тотықтырғыштар әсеріне төзімді. Организмге
сіңгеннен кейін никотин қышқылының
қосылыстарын бауырда, жекелеген эндокринді
бездерде, өкпеде, бүйректе, мида, асқазан мен
ішекте, жүректе кездестіруге болады.
Пиридоксин
Пиродоксин ұнтақ, таблетка, 1 мл ампулада,ғы ерітніді
түрінде дайындалынады. Пиродоксин тез сіңеді де,
әртүрлі байланыстарға оңай түседі. Ең маңызды
қосылыстарының бірі фосфопиридоксал. Организмнен
пиродоксил қышқылы түрінде несеп арқылы бөлініп
шығады. Пиродоксиннің реттегіш әсері лифопенияның
пайда болуына, темір алмасуының бұзылуына кедергі
жасайды, бауырдың гликорегуляциялық және уытқа
қарсы қызметін жоғарылатады. Мөлшері: бұлшық етке –
сиырларға 0,1-0,8 г, шошқаға 0,06-0,2 г, иттерге 0,04-0,02
г.
Фолий қышқылы
Фолий қышқылы таза күйінде сары немесе күлгін-сары түсті,
дәмсіз, иіссіз қиыршық крсталлдар. Суда нашар ериді,
температура жоғарылаған сайын ерігіштігі де арта түседі.
Фолий қышқылының әсер ету механизмінде оның тотығу –
тотықсыздану жүйесіндегі сутегіні беріп жіберіп тотыға
немесе тотықсыздана алу қасиеті жатады. Фолий
қышқылының препараттары организмде нуклеин
қышқылының және амин қышқылдарының пуриндік және
пиримидиндік негіздерін түзуге қатысады. Фолий
қышқылының нуклеин қышқылдарының алмасуы мен белок
синтезіне қатыса отырып, мал организмінің өсуін
қуаттандыратын да қасиеттері бар.
Аскорбин қышқылы
Таза күйінде аскорбин қышқылы – иіссіз, қышқыл дәмі
бар, ақ түсті ұнтақ немесе түссіз қиыршық зат, суда
ериді. Температураға және ұзақ сақтауға төзімді. Сулы
ерітінділері ампулада сақталынады, себебі ол ауа бар
жерде тез тотығады, сілтілік ортада тез бұзылады..
Сутегі қос тотығымен, калий перманганатымен және
иодпен, гидрокарбонаттармен, карбонаттармен, күміс
препараттарымен тұрақты қосылыстар түзеді.
Организмнен бүйрек арқылы бөлініп шығады.
Токоферол
Сарғыш түсті май тәріздес зат, суда ерімейді, майларда
оңай ериді, организмде спермиогенез құбылысына
қатысады, ұрықтың дамуына әсер етеді. Еркек малдарда
спермиялардың дегенеративтік бұзылуы кезінде,
спермиялардың пайда болуы бұзылған кезде, іштегі
ұрықтың жақсы дамуы үшін, жынысқа тән белгілердің
бұзылуы кезінде жақсы әсер етеді. Ұрғашы малдарға
ұрықтануын жақсарту, іштегі эмбрионның жетілуі үшін
тағайындалады. Мұнан басқа токоферол жүрек және қаңқа
бұлшық еттеріндегі әртүрлі дегенеративтік өзгерістерге да
емдік және профилактикалық әсер етеді, капиллярлардың
жиырылғыштығын күшейтеді.
К витамині
Қандағы протромбин құрамына әсер етеді, сондықтанда
ол антигеморраргиялық немесе коагуляциялық витамин
деп аталынады. Витаминнің К1 және К2 деген түрлері
бар. К1 өсімдіктерде кезедеседі, ал К2жануарлар
организміндегі әртүрлі микроорганизмдер бөліп
шығарады. К витаминінің жетіспеушілігі ас қорыту
жолдарының қабынуларында, бауыр, жүрек, қан жүйесі
ауруларында байқалады. Фармакологиялық препарат
ретінде викасол тағайындалады.
Пайдаланылған әдебиет
1.Айтжанов.Б.Д, Заманбеков.Н.А,
Фармакология, Алматы 2014 жыл.
2.Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Суда еритін витаминдер
Майда еритін витаминдер
Заттар алмасуына кіріспе.Витаминдердің биохимиясы.Дәрументәрізді заттар.Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар.Гипервитаминоздар
Фолациндер алмасу коферменті
Липидтердің қызметтері
Витаминтәрізді заттар
Қарапайым липидтер және өкілдері
Орот қышқылы
Сырт көрінісі сары май түсті зат
Филлохинон тапшылығы
Пәндер