Гормонды препараттар
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті
Гормонды препараттар.
Сілтілік және сілтілік жер
металлдар тұздары
Орындаған: Қонысбекова.Д.Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Билялов.Е.Е
Семей 2021 жыл
Гормоналдық препараттар
Гормондар дегеніміз – ішкі секреция бездерінде түзілетін және
қанға, лимфаға немесе ішкі ағыс жолдары арқылы тиісті
организм қуысына бөлінетін заттар.
Ветеринария практикасында көптеген табиғи немесе жасанды
жолмен алынатын гормондық заттар қолданылады. Оларды
негізінен төрт топқа жатқызуға болады.
1.Жануарлардың эндокриндік бездерінен алынатын препараттар,
экстрактілер. Көптеген препараттар өте таза күйінде алынады,
ал біраз препараттарының құрамында органикалық қосындылар
болады.
2.Табиғи гормондарға құрылысы жағынан өте ұсақ, жасанды
жолмен алынған гормондар. Әдетте олар өте таза күйінде
алынады, әрі дәл мөлшерлеуге өте қолайлы.
3.Гормондық әсері бар өсімдік тектес заттар.
4.Жасанды гормондар. Гормоналдық препараттар организмдегі
физиологиялық құбылыстарға ерекше әсер етеді.
Гормоналдық препараттар өте аз мөлшерде
қолданылады. Гормондардың тиімділік әсері тек
қана патологиялық ауытқудың даму кезеңі белгілі
болған жағдайда ғана болады. Жануарлар
организмінде гормондардың жетіспеушілігі
мынандай жағдайларға байланысты:
1.Олар организмде жеткіліксіз мөлшерде
түзілетіндіктен.
2.Әртүрлі заттардың әсерінен тез күшін
жоятындықтан.
3.Жаңа қосылыстарға енетіндіктен.
4.Эфференттік жүйе құрылымымен бірлесес
әсерлеспейтіндіктен.
Эстерогендік препараттар
Ұрғашы жыныстық гормон – эстрон, дигидроэстрон түрінде
аналық бездегі фолликуладарда түзіледі де, фолликулдар
жарылған кезінде бөлініп шығады. Эстрогендер
көмірсулардың, белоктардың және пуриндердің алмасу
құбылыстарына қатысады. Олар өсу, көбею қызметін
айтарлықтай өзгертеді, сүт бездерінің дамуына әсер етеді
және гипофиз белсенділігін тежейді. Ұрғашы жыныстық
гормондардың әсерінен малдың күйттілігі реттеледі, жатыр
мен қынаптың шырышты қабығы қалыңдайды да, барлық
әсер ету күйітке әкелумен аяқталады. Жыныстық дамып
жетілген жануарларда эстероген жатырдың ісіуін және
ретрактивті жиырылуын тудырады, еркек жыныстық
белгілердің дамуын тежейді, гипофиздің қызметіне әсер
етеді.
Эстрон
Ақ түсті, кристалды ұнтақ, суда өте аз ериді, сусыз
спиртте жәнен майларда ериді. Буаз малдардың
несебінен немесе жасанды жолмен алынады. 1 мл-де
10000 ЭБ бар. Стандартты препарат есесбінде
биологиялық стандарттау үшін және аналық бездер
қызметі төмендеген кезде емдік мақсатта қолданады.
Майлы ерітінді түрінде бұлшық етке мынадай
мөлшерде тағайындалады: жылқыға және сиырға
0,0015-0,003 гр, шошқаға 0,0003-0,0006 гр.
Гестагендік препараттар
Гестагендер немемсе прогестогендер деп әсерлері сары
дене гормондарды тәріздес немесе солар ұқсас дәрілік
заттарды атайды. Организмге енгізілген гестогендік
препараттар буаздықты сақтайды, ұрықтанған аналық
торшасының өсіп-өнуіне кедергі жасайды, етеккір келуін
тоқтатады, жатырдың окситоцинге сезімталдығын
төмендетеді де, буаздықтың кейінгі кезеңдерінде ұрық
қабының пайда болуымен кіші жанбастың байланыс
аппаратының босаңсуына әсерін тигізеді. Гестогендік
препараттар буаздықтың қалыпты жағдайдан ауытқуы
кезінде түсік түсірмеу үшін сиырлар мен қойлардың күйге
келуін бір ырғаққа келтіру үшін, ал көп ұрықты малдарға
ұрық санын көбейту мақастында пайдаланылады.
Прогестерон
Суда ерімейтін, ал спирт пен өсімдік майларында жақсы
еритін, ұсақ кристалды зат. Емдік мақсатта пайдаланылатын
препарат 1 мл ерітіндіде 5-10 және 25 мг прогестерон бар,
майлы ерітінді түрінде ампулаларда шығарылады. Организмде
прогестерон барлық стрейодтық гормондардың биологиялық
түзілуі кезінде пайда болады. Прогестерон буаздық кезеңде
плацентаның дамуына және ұрықтанған жұмыртқаның
жатырға бекуіне жағдай жасайды. Бұдан басқа ол жатыр
қабырғаларының жиырылуын бәсеңдетеді және сүт бездерінің
қызметін жақсартады. Қолданылу мөлшері: 0,001-0,04 гр
мөлшерінде бұлшық етке және тері астына енгізіледі: шошқаға
0,004-0,008 гр мөлшерінде күніне бір реттен 4-8 күн қатарынан
қолданылады. Бұл препаратпен бірге оксипрогестерон –
капронат деп аталынатын препараты да осы бағытта әсер етеді.
Андрогендер
Андрогендер – ер жыныстық гормондар тәріздес
биологиялық әсері бар заттар. Жануарларда бұл заттар
ер жыныстыларды ұрық бездерінде және бүйрек үсті
бездерінің қыртысты қабатында, ал ұрғашы
жыныстыларда бүйрек үсті бездерінің қыртысты
қабатында немесе аналық бездерінде пайда болады.
Ұрық бездерінде алғашқы гормондық зат –
тестостерон пайда болады. Тестостеронның зат
алмасу немесе түрлену нәтижесінде андростерон,
этилхоланолон, дегидроандростерон, изоандростерон
пайда болады.
Метилтестостерон
Тестестерон гормонынан жасанды жолмен алынған
препарат. Ақ, аздап сарғыштау түсті, ұсақ
кристалды ұнтақ. Суда ерімейді, спиртте, ацетонда,
эфирде жақсы ериді. Кәдімгі гормон тәріздес
биологиялық әсері бар, әрқайсысы 5 және 10 мгнан
болатын таблетка түрінде шығарылады.ы еркек
малдарға жыныстық дамуының жетіспеушілігінде
және жыныс аймағындағы функциональдық
ауытқулар болған жағдайда, қан тамырлары мен
жүйке қызметінің бұзылуы кезінде қолданылады.
Сілтілік және сілтілік жер металдардың
тұздары
Тұздар дегеніміз қышқылдардағы сутегі йондарын
белсенді металл иондарымен алмастыру арқылы алынатын
заттар. Олардың катиондарына электрондар өте нашар
байланысады, сол себепті бос күйіндегі негіздік металдар
ерітінділерде энергияның өте көп мөлшерні жоғалтып
алады. Негіздік металдардың атомдары электрондарды
өздеріне байланыстыра алмайды, сол себепті олар
ешқашанда тотықтырғыш бола алмайды. Сыртқы
электрондарын оңай береді де, бұл металдардың атомдары
тотықсыздандырғыш ретінде әсер етеді.
Натрий хлориді
Теңіздердегі және кейбір өзендердегі сулардан, сонымен
бірге тұзды тастардан өңдіреді. Судың 3 бөлігінде еритін,
иіссіз, тұзды дәмі бар түссіз куб тәрізді кристаллдар
немесе ақ түсті кристалды ұнтақтар. Ерітінділерінің
реакциясы нейтралды келеді. Гипертониялық
ерітінділерді күре тамырына еккенде, қанның осмотық
қысымы көтеріледі, лимфодаму күшейеді, несептің
мөлшері артып, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметі
жақсарады. Мөлшері: жылқыларға 10,0-75,0, сиырларға
20,0-100,0, қойларға 1,0-15,0, шошқаларға 0,1-3,0,
иттерге 0,1-2,0 г.
Калий сульфаты
Түссіз жылтыр кристалдар немесе ұсақ кристалды
ұнтақ. Спиртте ерімейді, ал судың 2 бөлігінде ериді.
Әсері натрий сульфатына ұқсас, бірақ оған қарағанда
кілегейлі қбықтарды қатты тітіркендіреді және
организмге тез сіңеді. Жасанды карловар тұзының
құрамдас бөлігі ретінде қолданылады. Іш өткізгіш зат
ретіндегі дозасы: жылқыларға 50,0-200,0, сиырларға
100,0-300,0, қойларға 20,0-50,0, шошқаларға 10,0-25,0,
иттерге 5,0-10,0 гр.
Магний сульфаты
Судың бір бөлігінде еритін ащы – тұздылау келген, призма
тәрізді түссіз кристалдар. Сонымен бірге құрғатылған магний
сульфатында қолданылады. Ол судың үш бөлігінде еритін ақ
түсті ұнтақ зат. Әртүрлі жаралар мен ас қорыту жүйесіне магний
сульфаты натрий сульфаты тәрізді әсер етеді, қолданылатын
кездері мен мөлшері ұқсас. Парентальды жолдар арқылы
еккенде ұйқы келтіріп және миорелаксанттар тәрізді әсер етеді.
Күре тамырына еккенде, ешқандай қозу сатысынсыз организм
бірден қатты ұйқыға кетеді, кейде тіпті наркозданады. Ең бірінші
үлкен ми, сонан соң жұлын наркозданады. Тыныс алу мен қан
айналуды реттейтін орталықтар әлсіреп, мөлшері көбейіп кетсе
салданады. Қан қысымы төмендеп, диурез күшейеді, оның
салдандыратны әсері жүйке бағаны мен бұлшық еттерге тарайд.
Бүйректер арқылы бөліне отырып, диуретикалық әсер етеді.
Хлорлы кальций
Ащы дәмі бар, призма тәрізді түссіз кристалдар. Суды өзіне
тез сіңіріп алады. Судың 0,25, спирттің 9 бөлігінде ериді.
Сулы ерітінділерінің реакциясы бейтарап келеді. Кальцийді
кристал түрінде сақтау өте қиын, себебі ол ауаудағы
ылғалды өзіне оңай тартып алып, ери бастайды. Көбінесе
ол 50 пайызды ерітінді түрінде қолданылады. Хлорлы
кальций жергілікті жерге қолайсыз әсер етеді. Препаратты
күре тамырына егу кезінде оның аздаған мөлшері тері
астына құйылып кететін болса, сол жерде қабыну пайда
болады және көпке дейін кетпейтін қатты ісік қалады.
Пайдаланылған әдебиет
1.Айтжанов.Б.Д, Заманбеков.Н.А,
Фармакология, Алматы 2014 жыл.
2.Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz