Амин қышқылы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

Малдың иммундық статусын,
стресс жағдайын, өнімділігін
реттейтін дәрілік заттар.
Орындаған: Қонысбекова.Д.Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Билялов.Е.Е

Семей 2021 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Амин қышқылы. Мочевина.
Цистин. Метионин.
Минералдық заттар.
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Иммундық қуаттандырғыштар
Көптеген дәрілік заттардың емдік және аурудың алдын ала әсер
етуінің негізі – олардң қан сарысуында, әртүрлі торшаларда, тіптен
органеллаларда глобулиндік фракциядағы спецификалық белоктар
мөлшерін көбейту болып табылады.
Антиденелер белсенділігіне байланысты айқын спецификалық, әлсіз
спецификалық және спецификалық емес деп бөлінеді.
Спецификалық антиденелер тек қана белгілі бір антигендермен
өосылысады. Әлсіз спецификалық антиденелердің белсенділігі
төмендеу болады, бірақ олар біршама сәйкес топтары бар бірнеше
химиялық қосылыстармен әрекеттесе алады. Үшінші топқа жататын
антиденелер шартты түрде солай деп аталынған. Кейбір
щзерттеушілер оларға тек қана глобулиндер емес, барлық қан
белоктарын, амин қышқылдарын, антиметаболиттерді, ұлпалық
препараттарды, лизаттарды және т.б жатқызады.
Амин қышқылы
Амин қышқылдары – дегеніміз құрамында карбоксил
тобы және амин топтары бар, қышқылдар мен аминдік
қасиет көрсететін органикалық қосылыстар. Амин
қышқылдарының барлық тірі организмдер үшін маңызы
зор, себебі олар белок құрамына кіреді және басқа
қосылыстарға қарағанда иммунохимиялық
реакциялардың өтуіне, жануар өнімділігі мен
резистенттілігіне көбірек әсер етеді. Өнімділігі жоғары
малдарға азықтық рациондар тек қана протеиндердің
жалпы мөлшері емес, сонымен бірге
аминқышқылдарының мөлшері бойынша да толық
болуы тиіс.
Мочевина
Сыртқы түрі жіңішке инелер немесе
жалпақ призма тәріздес, иіссіз, суда
жақсы еритін кристалл заттар.
Цистин
Суда еритін кристалды ұнтақ, тотықсыздану арқылы
цистеингге айналады, али цистеин тотығу арқылы
қайтадан цистинге ауысады. Денеде цистеин мен
цистин тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш жұп түзеді
де, бірыңғай салалы бұлшық етті мүшелердің
қабынуларының алдын алады. Цистин организмде 5
сағаттай ғана әсер етеді және оның әсері қандағы
концентрациясы 1 мг пайыздай болған жағдайда
күштірек болады. Тәулігіне 4 рет жемге қосып
беріледі. Мөлшері: бұзауларға – 0,7-2,0 г, торайларға –
0,2-0,3 г.
Метионин
Ақ түсті кристалды ұнтақ, суық суда нашар
ериді, температураға төзімді, организмдегі
қайталап аминдеу процессіне қатысады. Бұл
процесс зат алмасуда өмірлік маңызы зор –
холин, креатин, адреналин түзілуде өте жоғары
рөл атқарады. Метионин бауыр ауруларында,
мышьяк, фенол , анилин, гексахлорон
туындыларымен уланған кезде, дистрофиялар
кезінде қолданылады. Мөлшері: шошқаға – 20,-
4,0 г, иттерге – 0,5-1,0 г, бұзауларға – 3,0-5,0 г.
Гистидин
Суда жақсы еритін, спиртте біршама еритін, ұсақ
кристалды ұнтақ, 5 мл ампулаларда 4 пайыздық
ерітінді түрінде шығарылады. Гистидииннің жануар
организміндегі биологиялық ыдырауы кезінде
гистомин түзіледі. Препарат малдың өсуі баяулаған
кезде , асқазан және ішек қызметтері төмендегенде,
анилин туындыларымен уланған кезде жақсы емдік
әсер көрсетеді. Официналдық ерітіндінің бұлшық етке
енгізілу мөлшері бұзауларға – 5-8 мл, иттерге – 3-5 мл.
Глутамин қышқылы
Депрессия құбылсытары арқылы өтетін аурулар
кезінде, мал әлсірегенде, дененің созылмалы улануы
кезінде, бұлшық ет дистрофиясы кезінде және жүйке
жүйесі тозған жағдайларда. Ішкізу және венаға
енгізу үшін тағайындалынады. Мөлшері: ішкізу
үшін бұзауларға – 1,0-2,0 г, торайларға – 0,1-0,15 г,
венаға енгізу үшін иттерге 0,5-1,0 г. емдеу бірнеше
күн жүргізіледі. Бір мезгілде ауру түріне байланысты
спецификалық әсер беретін дәрілерді қолдану емдік
тиімділікті арттыра түседі. Кей кездері глутамин
қышқылының орнына оның тұздарын да
пайдаланады. Бұл тұздардың суда еруі оңай және
күре тамырға енгізу үшін қолайлы.
Гамма-глобулин
Электрофоретикалық қозғалғыштығы ең аз,
қан сарысуының белоктік фракциясы. Гамма-
глобулин құрылысы күрделі, дербес белоктарға
жатады. Малдардың кейбір жұқпалы
ауруларының алдын алу мақсатында
қолданады.
Минералдық заттар
Минералдық заттардың метабодизм құбылыстарының
қалыптағыдай өтуіне, мал организмінің резистентілігі мен
оның өнімділігінің жоғары болуына тигізетін әсерінің зор
екендігі бұрыннан белгілі.
Организмдегі минералдық заттар мөлшеріне байлнысты
шартты түрде макроэлементтер және мөлшері 10-3-10-5
дәрежесі аралығындағы микроэлементтер деп бөлінеді, ал
концентрациясы 10-5 дәрежесінен аз элементтер
ультрамикроэлементтер деп аталынады. Организмде
әсіресе микро және ультрамикроэлементтер күрделі әсер
етеді, себебі олар организмдегі барлық биохимиялық
процестерге қатысады.
Пайдаланылған әдебиет
1.Айтжанов.Б.Д, Заманбеков.Н.А,
Фармакология, Алматы 2014 жыл.
2.Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
АМИНҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ӨНДІРУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Глутамин қыщқылының алынуы
АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Аминқышқылдарының негізгі көздері
АСПАРАГИН ҚЫШҚЫЛЫ
Пептидтер
Азот қосылыстары және олардың өзгеруі
Прокариоттардағы белок синтезі
Аминқышқылдарды өндіру биотехнологиясы
РНҚ Рибоза урацил цитозин аденин гуанин Фосфор қышқылы
Пәндер