Ауыр металдардың препараттары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

Ауыр металдардың препараттары.

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Алюминий препараттары

Ашудас

Мырыш сульфаты

Қалпына келтірілген темір

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Ауыр металдар қасиеті мен әсер етуі жөнінен бір-біріне өте ұқсас дәрілік заттардың ерекше бір тобын құрайды. Металдардың кейбіреулері таза күйінде енді біреулері қосылыстар, тұздар күйінде, ал үшінші біреулері коллойдыты жағғдайда фармакологиялық маңызы болады.

Практикалық тұрғыдан ең маңыздыларына тұздар жатады. Олар ктиондар және аниондар күйінде әсер ете береді. Ауыр металдар организмге жергілікті және жалпы әсер теді. Олардың жергілікті әсері белоктармен қосылысқанда альбуминдер түзуге негізделген. Металл әрекеттесетін ұлпалардың ерекшелігіне және препараттың концентрациясына байланысты әрекеттесу реакциясы әртүрлі деңгейде өтеді.

Slide 4

Ауыр металдардың организмге сіңуінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Тұздар жаралар мен бүлінген кілегейлі қабықтар арқылы оңай сіңеді. Егер, ірі малдың барлығында белгілі бір дәрежеде ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабығының қабынып, бүлінетінің ескерсек, барлық металдардың тұздарыда организмге сіңеді деп түсінуіміз керек. Ауыр металл тұздарын тері астына еккенде, еккен жерді қабындандырады және ұлпаларды жансыздандырады. Ауыр металдардың бейорганикалық тұздарын ауыз қуысы арқылы бергенде, ас қорыту жүйесіндегі белоктармен қосылып альбуминаттар ьүзеді. Бұл альбуминаттардан организмге тек суда еритіндері ғана сіңеді. Қан құрамындағы металдар тез бөлінеді де, бауырда, көкбауырда, ішектердің қабырғасында, бүйректерде, сүйектің қызыл кемігінде, ал аздаған мөлшері басқада мүшелерде жинақталады.

Slide 5

Алюминий препараттары

Алюминий еритінде және етімейтінде қосылыстар түзе алады. Ерімейтіндеріне ақ саз жатады. Алюминийдің еритін қосылыстары белоктарды тұндырып тұтқырлық және құрғатып әсер етеді, сонымен бірге бактериостатикалық әсеріде бар. Жоғарғы концентрацияларында рецепторларды тітіркендіріп, қабыну тудырады.

Алюминийдің тұздары ас қорыту жүйесі арқылы баяу сіңеді және резорбтивті әсер етпейді, күре тамырына немесе тері астына еккенде, ауыр металл тұздарына тән улану пайда болады. Улану баяу дамиды, соңы орталық жүйке жүйесі мен жүректің салдануына ұласады. Алюминий тұздары негізінен бүйректер арқылы, ал аздаған бөлігі ішектер арқылы бөлінеді.

Slide 6

Ашудас

Калий сульфаты мен алюминий сульфатының қосарлы тұзы. Тәттілеу келшген тұтқыр дәмі бар, түссіз жылтыр кристалдар немесе ақ түсті ұнтақ зат. Ашудастың төменгі концентрациялары тұтқырлық және қан тоқтатып әсер етеді. Екі және оданда жоғарғы концентрациядағы ерітінділері рецепторларды тітіркендіріп әсер етеді. Егер оның 5 пайыз ерітіндісін ішке қолданса гастроэнтерит пайда болады, ал улану дәрежесі жоғары болса некроз дамиды. Ашудасты дезинфекциялық зат ретінде коньюнктивит, стоматит, фарингит, ларингит, метрит, вагиниттер кезінде қолданады.

Slide 7 Slide 8

Қорғасын ацетаты

Қорғасынды ацетатты сыртқы ағзаларға тұтқыр зат ретінде терінің қабынуларында, күйіктерде, жергілікті жердің қызуын төмендететін зат ретінде, соғылу-жаншылу кезінде, кейде метрит, вагинит, цистит және проктиттер кезінде қолданады. Осы мақсаттар шін қорғасынды ацетат пен қатар, оның официнальды ерітіндісі қорғасынды сірке ерітіндісінде қолданады. Оны қорғасынды булау немесе сүртпе майлар түрінде пайдаланады.

Slide 9 Slide 10

Висмут субнитраты

Құрамында кем дегенде 70, 9-73, 9 пайыз висмут бар. Иіссіз, дәмсіз, ақ түсті, ауыр, ұсқа кристалды ұнтақ. Тұтқырлағыш, қабынуға қарсы және дезинфекциялық зат ретінде гастриттер, энтериттер кезінде микстура түрінде кілегейлі қайнатпамен бірге, сонымен қатар болюс, пилюла түрінде ішке беріп қолданады. Ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға 5, 0-15, 0, сиырларға 5, 0-25, 0, қойларға 3, 0-8, 0, шошқаларға 2, 0-5, 0, иттерге 0, 5-2, 0, түлкілерге 0, 1-0, 5, мысықтарға 0, 3-1, 0, тауықтарға 0, 4-0, 5 г.

Slide 11 Slide 12

Мырыш сульфаты

Мырыш сульфатының жергілікті әсері оның концентрациясына байланысты келеді: 0, 1-0, 5 пайыз ерітінділері тұтқырлап, қан тамырларын тарылтып және қабынуға қарсы әсер теді, 3-5 пайыз ерітінділері - тітіркендіреді, ал 20-50 пайыз ерітінділері күйдіреді. Мырыш сульфаты офтальмологияда қабынуға қарсы және ауырсыну сезімін әлсірететін зат ретінде кеңінен қолданылады. Тәжірибелі дәрігерлердің мәліметтерріне қарағанда, оны құстырғыш зат ретіндеде қолдану жақсы нәтиже береді.

Slide 13

Қалпына келтірілген темір


Ұқсас жұмыстар
Ауыр металлдардың препараттары
Бөліп алу әдістері
Ауыр металдар ұғымына
Өскемен қаласының атмосфералық ауасы және агроценоздарының ластануын бағалау
Металдардың химиялық қасиеттері
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Жүрек қан тамырларна әсер ететін гликозиттер. Минералды заттар
КАДМИЙ МЕН ГУМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫДЫҢ ӨСІМДІКТЕРДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ
Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz