Операция жасайтын бөлменің құралдары


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Ахметжанов. О. Н

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Операция жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру

2. Операция жасайтын бөлменің құралдары

3. Наркоз, құрал-сайман бөлмесі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Операция жасайтын бөлме мен қосымша бөлмелерді операциялық блок деп атайды. Ол бөлек тұруы тиіс. Онда таза және іріңді операция бөлмелері болуы керек. Егер операциялық бөлме біреу ғана болса, онда бірінші таза операциялар жасалады, содан соң іріңді. Бұлардан соң ең соңғы жинастыру әдісін естен шығармаған жөн. Іріңді операциялық бөлмені тазалау таза операциялық бөлмеге қарағанда мұқият тазалану керек. Операциялық блоктың қабырғасында және төбесінде ешбір шығыңқы орындар болмай, олар майлы сырмен боялады, еденге керамикалық плиткалар төселеді. Қазіргі операциялық бөлмелердің қабырғасы арнаулы плиталармен қапталған, оның ақ емес, ашық жасыл не көкшіл болғаны дұрыс, себебі ақ түсті хирургтардың көздерін тез талдырады.

Slide 4

Операция жасайтын бөлменің жұмысын ұйымдастыру

Операциялық бөлме құрылысы: хирургиялық кабинет 2 кабинеттен тұрады: дәрігер қарайтын бөлмеде 2 жазу столы, 2 отырғыш, 2 табурет, кушетка, аяқ қоятын отырығыш, киім ілгіш, айна, қол орамал, қол жуатын кран, медициналық құжаттар болады. Таңу кабинетіне дәрігер кабинеті арқылы кіреді. Онда стерильді стол, бикстер, таңу столы, кушетка, инструменттер, таңу материалдары, медициналық шкаф, леген, шелектер, т. б болады.

Slide 5 Slide 6

Операция алдында дәрігер медбикені жасалатын операциялардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырма береді.

Хирургке операция жасауға көмекші қажет. Оның қызметін, тәжірибелі мейірбике, дәрігер немесе жоғарғы курс студенттері атқарады. Операциядан кейін ауруды 30 мин-тен 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн.

Slide 7

Хирургиялық операцияға керек құрал-жабдықтар

Операциялық бөлмедегі аспаптар және жиһаздар тек жұмыс үшін керекті заттар: операциялық стол, құрал-саймандар және таңба, байлау заттарын қоятын операциялық мейірбикенің столдары, хирургтің құрал-сайман столы, қан ағуын тоқтату үшін термокоагулятор, электроотсос және анестезиологиялық аппарат болуы тиіс. Оттегі баллондардың операциялық бөлмеде болмағаны дұрыс. Газды беру трубалар арқылы беріледі.

Slide 8

Хирургиялық операцияға керек құрал-жабдықтар

Жергілікті анестезия жабдықтары

Жгут

Антисептик ерітінділер

Резина қолғаптар

Клеенка алжапқыш

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Залалсыздандырғыш

заттарды екі столға бөледі

Таңу жабдықтары

Құралдар

Slide 13 Slide 14

Ауаны жаңарту, алмастыру

Операция бөлмесінің температурасы қалыпты болуы керек және операция бөлмесінің ауасы жақсы тазалануы қажет. Сол үшін ауаны көбірек тартатын суырып-сорушы аспаптарды қолдану керек.

Қазіргі кезде ауаны тек салқындатып, қыздырып, ылғалдандырып қана қоймай, оның ауасын микробтардан арылту үшін арнаулы кондиционерлер қолданып жүр.

Slide 15

Операция алаңын жарықтандыру

Жарық түсіру жеткілікті және түсті өзгертпей тиіс. Терезелер құбылаға қарамау керек. Тікелей түскен қиғаш сәулелер хирургтың жұмысын қиындатадыжәне хирургтың басынан, қолынан көлеңке түспейтіндей болуы қажет. Ол үшін арнаулы көлеңкесіз шамдар қолданылады. Жарық көбірек керек жағдайда қосымша шамдар пайдаланылады, хирургтың басында арнаулы лампашалар тағылады. Оларды әсіресе косметикалқ және нейрохирургиялық операцияларда жиі пайдаланылады.

Slide 16 Slide 17

Наркоз бөлмесі - бұл наркоз аспаптары, дәрі-дәрмектер, құжаттар сақталатын жер. Кейде бұл бөлмеде наркоздың бастапқы кезеңдері жүргізіліп, соңынан науқас операция жасалатын бөлмеге апарылады.

Зарарсыздандыратын немесе автоклавтық бөлме - бұл операциялық киімдерді және құрал-саймандарды зарарсыздандыруға автоклавтарды, стерилизаторларды және қайнатқыштарды пайдаланылатын жер.

Slide 18

Құрал-сайман бөлмесі

Хирургиялық құрал-саймандарды, аспаптарды және аппаратураны сақтауға арналған жер. Олар арнаулы шыны шкафтарда сақталады.

Операциялық бөлімнің материалдық бөлмесі операциялық киімдерді, таңу және тігу материалдарын даярлау үшін пайдаланылады. Онда спирт, эфир және басқа дәрі-дәрмек қоры сақталады.

Slide 19

Қорытынды

Операция жасаудан бір күн алдын операция орыны дайындалады. Операция сәтті шығу үшін операциялық бөлменің барлық талаптарға сай болуы қажет. Операция жасар кезде дәрігерге ешқандай кедергі болмау керек. Бөлмедегі ауа уақытылы тазарып, жарық керек жерден түсіп, құрал-саймандар стерильді және өз орнында дайын тұрса операция жылдам әрі сәтті аяқталады.

Slide 20

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К. Қ. Мүрілңнов, Оперативтік хирургия. Алматы 2014 жыл

2. Интернет желісі

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Операция жасайтын орын ( операция бөлмесі ) және оны дайындау
Балаларға арналған жұқпалы аурулар, туберкулез аурулары
Операциялық блок
Жергілікті жансыздандыру
Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада
Косметикалық операция жасайтын орын (операция бөлмесі) және оны дайындау
Жобалық операция - жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы
Өрт кезіндегі тәртіп ЕРЕЖЕСІ
Эндовидиохирургия
Операция көрсеткіші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz