Наркоздың түрлері


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аграрлық факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары

Орындаған: Қонысбекова. Д. Б

Тобы: ВМ-801

Тексерген: Ахметжанов. О. Н

Семей 2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Наркозға арналған дәрілік заттар.

Наркоздың түрлері.

Наркоз кезінде және кейіннен болатын шиеленісулер, оларға жол бермеу және жою.

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Наркоз Narcosis сезімсіз қалу деген мағынаны білдіреді. Орталық жүйке жүйесінің функциясын тежейміз яғни естен тандырамыз, сезімді жоғалтады, рефлекторлы бұлшық еттердің тонусы төмендейді, тыныс алу және қан айналым системасының функциясы сақталынады. Наркоз хирургиялық жағдайларда яғни операцияларда қолданылады.

Slide 4

Наркозға арналған дәрілік заттар

Химиялық құрылымы жағынан наркозға арналған заттар түрлі болып келеді. Орталық жүйке жүйесін тежейді, негізі наркоздың бірнеше кезеңі бар:

1. Анальгезия кезеңі - біртіндеп ауру сезімі жоғалады және сезіну жоғалады. Егер бұл жағдайда көп жататын болса амнезия дерті пайда болуы мүмкін.

2. Қозу кезеңі - науқас жиі қозғалып қатты сөйлей бастайды, тынысы және пульсі жиілейді, қан қысымы көтеріледі, көзінің қарашығы кеңейеді, барлық рефлекторлы қозғалыстар көбейеді.

3. Наркоздық ұйқы кезеңі:

1-кезеңде - шеткейлі наркоз, барлық физиологиялық функциялар бірқалыпқа келеді, ұйқы дұрысталады, жануар тыныштанады, бұлшық ет тонусы сақталынады.

2-кезеңде - күрделі наркоз, тыныс, пульс қалыптасады, стабилизация, рефлекторлы тиімділік пен және бұлшық ет тонусы төмендейді.

Slide 5

3-кезеңде - терең наркоз, тыныс беткейлі болады, жиі және диафрагмалы, көздің қарашығы ақырындап кеңейеді, тахикардия көбейеді, қан қысымы төмендейді, жалпы бұлшық ет тонусы болуы мүмкін.

4-кезеңде - терең деңгейлі наркоз, қан қысымы төмендейді, диафрагманың тырысуы пайда болады, барлық физиологиялық функциялардың параличі басталады.

4. Ояну кезеңі - тыныс алу бірден нашарлайды, пульс жоғалады, қан айналым жоғалады, өлім тыныс алудың параличінен және тамырлардың қозғалу центрінің тоқталуынан пайда болады. Наркоздың ағзаға енгізуді тоқтатқанда ояну барлық кезде де кері бағытта жүреді және наркоздан кейінгі ұйқы кезеңі басталып кетеді.

Slide 6

Наркоздың түрлері

1. Ингаляцияға арналған наркоз - газ тәріздес және ұшқыш сұйық анестетикті, наркозға арналған аппарат арқылы немесе эндотрахиалды трубка арқылы тыныс алу мүшелеріне енгіземіз. Ингаляциялы наркоз қабылдағанға ыңғайлы.

2. Ингаляциялық емес наркоз - анастетиктердің ерітінділері көк тамырға кей кезде бұлшық етке немесе ректальды енгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың ояну кезеңдері мүлдем жоқ бірақ, наркозбен басқару мүмкін емес. Ингаляциялық наркозды басқаруға болады.

Slide 7

Наркозға арналған дәрілік заттардың классификациясы

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілік заттар

Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар

1. Ұшқыш сұйық заттар: - наркозға арналған эфир - фторотан - метоксифлуран - трихлорэтилен - энфлуран - изофлуран - десфлуран - флороксен. Газ тәріздес заттар: - азот тотығы - циклопропан.

1. Барбитура қышқылының туындылары: - тиопентал - натрий - гексенал - метагекситал. 2. барбитура емес препараттар: - пропанидид - натрий оксибураты - кетамин - пердион - альфаксолон - этомидрат - пропофол.

Slide 8 Slide 9

Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер

Метоксифлуран - фторотанмен эфирге қарағанда белсенділігі жоғары бірақ ояну кезеңі ұзақ.

Кері әсері: фторотанға ұқсайды, бірақ миометрияның релаксациясын шақырмайды. Жоғары анальгетикалық белсенділігі бар.

Slide 10

Флуроксен - наркоздың болуы және одан шығу аралығы тез. Қаңқа бұлшық еттерінің босалуы төмен. Жаңғыш препарат.

Slide 11

Энфлуран, изолуран, десфлуран - құрамында фторы бар анестетиктер, әсер етуі фторотанға ұқсайды. Миорелаксацияны өте шартты шақырады бірақ кері әсері фторотанға қарағанда аз.

Slide 12

Хлороформ - қазіргі кезде қолданбайды көбінесе фармацияда еріткіш және экстрагент ретінде қолданамыз.

Slide 13

Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар

Гексенал - тиопенталға ұқсас бірақ наркотикалық және бұлшық еттерді босатқыш қасиеті төмен.

Slide 14

Метагекситал - тиопенталға қарағанда белсенділігі жоғары бірақ әсер етуі 7-10 минутқа созылады.

Slide 15

Пропанидид - ампулада 5 пайызды ерітінді 10 мл. Көк тамырға баяу енгіземіз, мүлдем қысқа әсері бар наркоз 20-40 секундтан кейін басталып кетеді, хирургиялы кезеңі 3-5 минутқа созылады, жануар 2-3 минуттан кейін есін жинай бастайды, 20-30 минуттан кейін наркоз әсер етуін тоқтатады. Тыныс алуды тежейді, тахикардия, жүрек айниды, ықылық пайда болады, терлейді, анафилактикалық шок шақыруы мүмкін.

Slide 16

Предион - наркоздың ұзақтығы 30-40 минут аралығы, тамырлардың қабырғасын тітіркендіреді, тромбофлебит шақыруы мүмкін сондықтан қолданылуы мүлдем аз.

Slide 17

Альфаксолон - әсер етуі қысқа, жиі аллергия шақырады.

Этомидат - 4-8 минут аралығында наркоз шақырады, құсық, тырысу, қан қысымын өзгертеді.

Slide 18

Наркоз кезінде және кейіннен болатын шиеленісулер, оларға жол бермеу және жою

Шиеленісулер наркоз техникасының қателіктері нәтижесінде, есірткі құралдардың дозасынан асырғанда, малдардың оларға жеке сезімталдығы артық болғанда және басқа себептерде көрінеді. Наркоз кезінде құсу, тыныс алудың тоқтауы, коллапс шок және тромбофлебит болуы мүмкін.

Құсуды аш диетамен алдын алады. Құсыққа лоқсулар кезінде наркозды күшейтеді. Егер құсу басталса, құсықтан босатуға ыңғайлы жағдайға басты келтіреді, ауыз қуысын тампонмен тазартады.

Slide 19 Slide 20

Асфиксия - екі себептен болады: тыныс өтетін жолдарының механикалық бітелуінен - механикалық асфиксия және тыныс алу ми орталығының салдануынан - орталық асфиксия. Асфиксия дамуында шырышты қабықтары цианозданады, көздің қарашығы ұлғаяды, тыныс алуы және жүрек жұмысы тоқтайды. Дереу ауыз қуысына жиналған шырыштан, іріңнен, қаннан, бөгде заттан тазалайды, кейбір қатерлі жағдайда трахеотомия қолданады. Тіл төмен түскенде оны сыртқа шығарады, кеңірдекке ауа жіберетін түтіктерді енгізеді.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Наркоздың сатылары
Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
Ингаляциялық наркоздық заттар, олардың ветеринариядағы маңызы
Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары туралы
Наркоз бергенде кездесетін асқынулар және оны жою жолдары
Ингаляциялық наркоз
ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯЛЫҚ ЗАТТАР
Жануарларға наркоз беру
Жанама әсері
Жергілікті жансыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz