Кеуде аумағына жасалатын операциялар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

Кеуде аумағына жасалатын
операциялар
Орындаған: Қонысбекова.Д.Б
Тобы: ВМ-801
Тексерген: Ахметжанов.О.Н

Семей 2021 жыл
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Плевроцентез
Қабырғаны кесіп алу
Аортаны тесу
3.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Анатомо-топографиялық мәліметтер
Алдыңғы шеті түзу сызық ол жауырынның артқы жағы мен
шынтақ төмпешігінің жалғасқан жері. Артқы шеті – соңғы
қабырға, үстіңгі шеті арқаның ұзын бұлшық етінің артқы жағы,
астыңғы шеті – сыртқы кеуде көк тамырының бойы.
Қабаттары: тері және тері асты клеткасының астында, үстіңгі
ет қабы, оның арасынан көкірек бұлшық еттері өтеді. Көкірек
бұлшық етінің үстіңгі шеті соңғы қабырғадан тізе буынына
дейін, ал астыңғы шеті доға тәрізденіп ақ жолмен өтеді.
Жылқыларда ол үшбұрыш тәрізді болып орналасқан. Үстінде –
соңғы мойын омыртқасы мен тізе буынын қосатын сызықтың
бойында, астыңғы осы сызықтан қарынның астыңғы жағына
қарай тартылған сызық бойымен шынтақ бойының алдына
қарай орналасады.
Плевроцентез
Бұл операцияны диагностика жасау үшін, плевра
қуысында жалқаяқ немесе қан бар екендігін білу үшін,
немесе ем жасау үшін орындайды. Ірі малдарды тұрған
бойында, кішігірім малдарды бүйіріне жатқызып бекітеді.
Операцияның жасалуы. Тесетін орын – қабырға
аралық орын ірі қарада – оң жағынан 6, сол жағынан – 7,
жылқыда оң жағынан 6 не 7, сол жағынан 7 немесе 8, ит,
мысықтарда оң жағынан – 7, сол жағынан – 8. қажетті
қабырға аралығын анықтау үшін санауды соңғы қабырға
аралығынан бастаған жөн. Инені немесе троакрды оң
қолға ұстап, сұқ саусағымен иненің тереңдігін анықтай ірі
малдарға 4-6 см, кішігірімдеріне 2-3 ұстайды, сол қолмен
теріні жанына тартып кеуде тұсын шапшан қимыл жасай
отырып кеседі. Тесер орын сыртқы кеуде көк тамырының
үстіңгі жағы инені алдыңғы қабырғаның қасына сұғу
керек. Кедергісіз өткен соң гильзадан стилетін алып
сұйықтықты ағызады.
Плевра қуысындағы сұйықтықты ақырын
жіберіп, уақыт өткен соң тесікті жауып отыру
керек. Инемен темкенде оған резеңке түтік
жалғап шприц арқылы сорып аламыз. Плевра
қуысына ауа жіберіп алмау үшін шприцті
алғанда түтік басын қолмен жауып отырады.
Сорып болған соң троакар гильзасын стилетпен
инені мандренмен жауып терімен тесілген
жерді жауып троакарды не инені аламыз.
Тескен орынды йодоформен жабады.
Қабырғаны кесіп алу
Қабырғаны жартылай кесіп алуда, сынуы салдарынан
іріңді қабыну кезінде ісік пайда болғанда және плевра
қуысына жетіп операция жасалуы кездерінде жасайды.
Кей кездері бұл опрацияны алдыңғы қарын
органдарына жетіп операция жасау үшін де
қолданады. Ірі малдарды тұрған бойында бекітеді.
Жансыздандыру. Үш нерв жүйесін жансыздандырады.
Кесетін қабырғаның алдында орналасқан нервті және
келесі және одан кейінгі қабырға маңындағы нервтерді
жансыздандырады. Бұлардан кейін кеуденің
алдыңдағы нерв буындарын жансыздандырады.
Операцияның жасалу тәртібі. Саусақтармен теріні
тартып ұстап кесетін қабырға үстіңдегі жұқа ұлпаларды
кеседі де ілмектермен жараның шеттерін тартып сүйек тұсын
жалаңаштап оны қабырға бойымен сосын көлденең тіледі.
Сосын распатор немесе скальпель сабымен сүйек ұлпасын
қабырғаның сыртқы қабатынан алдыңғы және артқы
шеттеріне дейін сылады. Сосын қабырғаның астыңғы шетіне
ілмек тәрізді Дуайен распаторын салып, оның басын
қабырғаның алдына шығарады да алға-артқа жүргізіп ақырын
сүйек тұсын бүлдіріп алмай қабырғадан ажыратып алады.
Алынған сүйек тұсы мен жалаңаштанған қабырға арасына
сым арасын салып кесеміз. Егер қабырға шеттері
үшкірленген болса тістеуікпен тегістейді. Жараны жабу үшін
сүйек тысын орнына әкеліп тігіс салады, бұлшық ет келесі
теріні де тігеді.
Аортаны тесу
Құрсақ аортасының пункциясы оны ем
қолдану үшін новокаин антибиотиктер,
сульфаниламидтер ерітінділер жіберіп, бірдене
қан арқылы жарақаттанған жерге ем жасау
үшін қолданады. Ол емшек, жатыр және қарын
мен жамбас органдарының, аяқтардың
аурулары.
Қабырға аралық пункциясын жасау тәртібі.
Малдарды тұрған бойында мықтап бекітеді нейролептик
қолданған жөн. Сол жақ мықын қабырға бұлшық етінің
үстіңгі жағынан соңғы қабырғаның алдыңғы жағынан
укол беретін орынды дайындайды. Кәдімгі инъекциялық
инемен соңғы қабырға аралығын жансыздандырады.
Пункциялық инені осы жерге тереңдетіп, соңғы
қабырғаның жанына тиістіріп 30 градусқа еңкейтіп
енгізеді. Иненің ұшы омыртқаға тиуі керек. Сосын оны 1-
2 см артқа тартып омыртқадан түсіріп алға тереңдете 1,5-
2,5 см 40 градусқа бұрыштама етіп енгізеді. Иненің жүру
бойымен 5-10 мл ерітіндісін жібереді. Иненің аорта
қабырғасына жеткенін сәл дірілінен білеміз, сосын тағы
0,7-1 см тереңдете сұғамыз, сол кезде әлсіз қарсыластық
сезіледі де ине ұшына қан ағады.
Содан соң шприцке жалғап дәріні ақырын
жібере бастаймыз. Дәрі беріп болған кезде
шприцке қайтадан қан келеді. Инені
гематома болуының алдын алу үшін этаппен
аламыз.
Алғаш рет қан тоқтағанша тартып, сосын 10-
15 сек тоқтатып, сосын бірақ тартып аламыз.
Ине кіргізген орынды йод тұнбасымен
сүртеміз.

Ұқсас жұмыстар
Ауру сезімі
Мұрын аумағына операция жасау
Косметикалық операция кезде ауырсындырмау жасау және оның техникалары туралы
КЕДЕНДІК ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
Кедендік және валюталық бақылау
Хирургиядағы ақпараттық - компьютерлік технология. Лапароскопиялық хирургия. Эндо-видеохирургия. Лапароскопиялық хирургияның Қазақстанда дамуы. Телемедицина
ЭКОНОМИКА СЕКТОРЫ
Делдалдар арқылы жасалатын мәміле
Косметикалық операциялардың түрі
НОВОКАИНДЫ ТЕЖЕУ
Пәндер