Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау


Slide 1

Қазақ хандығы туралы не білеміз?

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Ә. Бөкейханов - қоғам қайраткерінін Қасым ханға берген мінездемесін оқып, қорытынды шығарыңыз. Сіз Қасым хан туралы қандай пікірдесіз?

«Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды. »

Ә. Бөкейханов

Slide 5

Оқу мақсаты:

7. 3. 1. 10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау

7. 3. 2. 6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау

Сабақтың тақырыбы:

Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. . . » деп жазды?

Slide 6

Бағалау критерийлері:

XVIғ басындағы Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын, шекарасын кескін картаға дұрыс түсіреді;

XVIғ басындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясаты туралы дерек мәтінін оқып, Қасым ханның қасқа жолының бес бөлімінің атауын жазап, талдайды;

«Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. . . » сұрағына жауап беру үшін Қасым ханның қол жеткізге жетістіктерін пирамидаға жазып, 4 дәйек келтіру арқылы дәлелдейді.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

1- тапсырма. Картамен жұмыс

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығын территориясы мен көрші мемлекеттерін және астанасын картаға түсіріңіз.

Дескриптор

1

Қасым хан тұсындағы территорияна біледі

2

Астанасын біледі

3

Көрші мемлекеттерді көрсетеді

Slide 10 Slide 11

2-тапсырма. Топтық жұмыс

1-топ:

Қасым ханның жүргізген ішкі саясатының ерекшеліктерін анықтайды.

2-топ:

Қасым ханның сыртқы саясатының нәтижелерін тұжырымдайды.

3- топ.

Қасым ханның қасқа жолы заңдарының маңыздылығын сипаттайды

4- топ. «Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. . . » деп жазды? Қасым ханның қол жеткізген жетістіктерін тарихи пирамидаға салып, 4 аргумент келтіріңіз. Маңыздылығы бойынша төменнен басталады

Slide 12

1-топ: Қасым ханның жүргізген ішкі саясатының ерекшеліктерін анықтайды.

қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды.

Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Оған дәлел әскер санының 300 мың ға жеткені және халық санының бір миллион адам болуы.

Қасым хан тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды

Slide 13

2-топ: Қасым ханның сыртқы саясатының нәтижелерін тұжырымдайды.

1513 жылы Сайрам қаласын ұрыс-шайқассыз алады.

Ол Моғолстан хандарымен жақсы қарым-қатынас орнатып, одақтас болды.

Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Жетісу жерлерінде билігін нығайтты.

Әрі Ноғай Ордасына қараған маңғыт жұртының руларын Қазақ хандығына қосып алды.

Хандықтың шекарасы Шығысында Жетісу, батысында Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы жерлерге дейін созылды.

Ресеймен дипломатиялық келісімдер жасалған.

Slide 14

3- топ. Қасым ханның қасқа жолы заңдарының маңыздылығын сипаттайды

Мүлік заңы (мал -мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері) .

Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т. б. қолданылатын жазалар) .

Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т. б. ) .

Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері) .

Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т. б. ) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді. Яғни маңыздылығы өте жоғары болды, себебі осы заң жинағы арқылы халықты басқарды. Әрі бұл заңдар жинағын халық қолдап Қасым ханның қасқа жолы деп атап кеткен.

Slide 15

4- топ. «Не себепті Қ. Жалайыри: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. . . » деп жазды? Қасым ханның қол жеткізген жетістіктерін тарихи пирамидаға салып, 4 аргумент келтіріңіз. Маңыздылығы бойынша төменнен басталады

Хан өзінің қасқа жолымен елдегі жағдайларды түзеген. Осы арқылы мемлекетті күшейткен. Қазақ хандығы тәуелсіз дербес мемлекет атанады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі
Кәсіпорын жарғысымен, қызметтік міндеттерімен танысу
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Хақназар қазақ хандығын
Зерттеу экспедициясының əдісі
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР
Салқам Жәңгір хан 1610-1652
Халықаралық қатынастағы ұлттық мәдениеттің рөлі
Қазақ тілі Ғаламдық тақырыптардағы Оқушылар Қазіргі заманның жаһандық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz