ЖИТС және жүктілік




Презентация қосу
Тақырыбы : ЖИТС және жүктілік
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
ЖИТС деген не
ЖИТС қалай беріледі
Жүктілікті жоспарлау
ЖИТС және жүктілік
ЖИТС-ның анадан балаға берілуі қашан болуы мүмкін
Босануды жүргізудің әдістері
Босанудан кейінгі кезең
ЖИТС оң ананы бақылау және балаларды күту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ЖИТС деген не
ЖИТС-адамның иммундық тапшылық вирусы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының
басынан бастап танымал. ЖИТС ағзаға түскен кезде біздің аурудан және
жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады. Уақыт өте келе ЖИТС-мен
жұқпаланған адам жиі ауыратын болады. ЖИТС диагнозы (жұқтырылған
иммундық тапшылық синдромы) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл
өткесін қойылады. ЖИТС – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда
болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше
қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл
аурулармен адам ағзасы күресе алмайды. АИТВ– ЖИТС-тың басты себебі
болып табылатын індет.
ЖИТС қалай беріледі
Жұқтырылған анадан балаға (жүктілік, босану кезінде және емшек
сүтімен тамақтандырғанда)
Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде (анальдық, қынаптық, аз
жағдайда оральдық)
Қанмен жанасқанда (инелер, шприцтер, қан құю кезінде)
ЖИТС диагностика
Егерде жұбайлардың бірі АИВ – инфицирленген болса, жүктілікті толық жоспарлау
қажет. Кейбір отбасылар инфекцияның анадан балаға берілуінің барынша алдын алу
үшін экстра корпоральді ұрықтандыру, шәуетті (сперманы) тазарту, донорлық
шәуетті қолдану сияқты қосымша репродуктивті технологияларды қолданады.
Емді қабылдау және уықытылы инфекционистке қаралу өте маңызды. Дәрігер
инфекцонист әйелдің денсаулық жағдайына қарай АРВ — терапияны қабылдаудың
мейлінше сәйкес схемасын анықтайды. Содан кейін АРВ-профилактиканың
эффективтілігін, жанама әсерлерін, тағайындалған емге әйелдің ұқыптылығын
қадағалайды. Әйел диспансерлік тіркеуге алынады. Зерттеу жоспары:
СД4 лимфоциттерді анықтау
вирустық жүктемені анықтау
жалпы және биохимиялық қан талдауы
Бұл зертеулер иммундық жүйенің жағдайын анықтау үшін, терапияның
эффективтілігін көру үшін, дәрінің жанама әсерін бағалау үшін жасалады.
ЖИТС және жүктілік клиникалық белгілер
Жүктілік кезінде барлық әйелдер иммундық функцияны
әлсірейді. Жүктіліктің бастапқы кезеңінде
иммуноглобулин төмендейді және комплемент деңгейі
төмендейді, ал бүкіл жүктілік кезінде жасушалық
иммунитет айтарлықтай әлсірейді. Жүктілік кезіндегі бұл
табиғи өзгерістер АҚТҚ-жұқтырған әйелдерде жүктілік
инфекцияның дамуын тездетуі мүмкін деген қорқынышқа
әкеледі. Кейінгі зерттеулер мұны растамады.
Жүктілікті жоспарлау
Егер сіз бала туам деп шешім қабылдасаңыз, болжалды жүктілікке
дейін бірнеше ай бұрын дәрігерге көрініп (акушер-гинеколог) және
оған өзіңіздің жоспарларыңызды айтқаныңыз жөн. Алдымен акушер-
гинеколог жүктіліктің басталуын анықтайды және сізді жүктілік
бойынша есепке алуға тіркейді. Өз жағыңыздан, сындарлы
ынтымақтастыққа бағытталыңыз, дәрігермен жақсы қарым-қатынас
орнатыңыз, жүктіліктің барлық кезеңінде айына бір реттен кем емес
уақыт кездесулеріңіз керек.
ЖИТС және жүктілік
Алдымен акушер-гинеколог жүктіліктің басталуын
анықтайды және сізді жүктілік бойынша есепке алуға
тіркейді. Дәрігер сізді анализдер қатарын тапсыруға
жібереді – бұл УДЗ, қанның жалпы көрсеткіші және несеп
анализі. Бұл процедуралардан басқа, сізге иммундық
статусы және вирустық жүктемені анықтау үшін қан
анализін тапсыруды ұсынуға тиіс. Бұл зерттеулер сіздің
денсаулығыңыздың жағдайын (иммунитетті) бағалау және
вирустың жағдайын анықтау үшін қажет. Осы
көрсеткіштердің негізінде дәрігер сізге
антиретровирустық емдеуді тағайындау туралы шешім
қабылдайды. Болашақ ананың салауатты өмір салты сәтті
босанудың кепілі және оның ЖИТС- статусына
қарамастан баланың денсаулығы болып табылады.
Жүктіліктің бірінші жартысында әйел айына 1 рет,
жүктіліктің 20 аптасынан кейін 2 рет, 32 аптадан кейін
айына 4-3 рет кеңес алып тұруға тиіс. Қажет болған
жағдайда дәрігер анағұрлым жиі кеңес беруді белгілейді.
Жүктіліктің қалыпты ағымы жағдайында босануға дейінгі
ауруханаға жатқызу 37-38 аптада ұсынылады.
Асқынулардың пайда болу қаупі кезінде ауруханаға
жатқызу жүктіліктің кез-келген мерзімінде жүргізіле
алады.
Анадан балаға берілу жолдары
Сайып келгенде, АИВ-инфекциясының анадан балаға берілуін түбегейлі жоққа
шығаруға болмайды,оған мынадай факторлар әсер етеді:

анасының жоғары вирустық жүктемесі (анасының қанындағы вирустың саны);
анасының бейтараптаушы антиденелері (аналық антиденелер ұрықта АИВ-ті
белсендіруі мүмкін);
плацентарлық мембрананың қабынуы (вирустың енуін тоқтата алмауы
мүмкін);
босану кезіндегі жағдай (дұрыс орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын
сылынуы, акушерлік қысқыштарды салу кезінде баланың терісін зақымдау);
нашақорлық ( жүктілік кезінде ортақ шприцті қолдану);
басқа инфекционды аурулар (басқа инфекциалар әйелдің иммундық жүйесін
төмендету арқылы АИВ-инфекциясының балаға өту қаупін жоғарылатады);
ЖИТС-тың анадан балаға берілуі қашан
болуы мүмкін

Егер ешқандай алдын-алу шараларын қолданбаса, ЖИТС-тың анадан балаға
берілу қаупі 20 дан 45% дейін құрайды. Бұған қоса ең үлкен қауіп – босану
кезінде. — Жүктілік кезінде ананың қанындағы вирус ұрыққа плацента арқылы
өтуі мүмкін. Плацента нәрестені анасының қанында болатын әртүрлі инфекция
қоздырғыштарынан, соның ішінде ЖИТС-тан да қалыпты қорғайды. Ал егер
құрсақтың зақымдануы және инфекциялық аурулар жағдайында плацента
қабынса немесе зақымдаса, оның қорғаныш қасиеттері төмендейді. Бұл жағдайда
ЖИТС- инфекциясы анадан ұрыққа берілуі мүмкін. — Нәресте босану жолдары
арқылы өту кезінде анасының қанын және қынап бөлінділерін жұтуы мүмкін.
Бұл жағдайда вирус баланың ағзасына ауыздың шырышты қабаты, өңеш және
асқазан арқылы түсуі мүмкін. — Емшекпен емізу кезінде жұқтырылуы мүмкін:
құрамында ЖИТС болғандықтан тікелей сүт арқылы. Қан арқылы – егер ананың
емшек ұшының терісі жарақаттанған болса, онда сүтпен бірге қан кетуі мүмкін,
ал бұл нәресте үшін қосымша қауіп. ЖИТС-ның емшек сүті арқылы берілу қаупі
12-ден 20% дейін, сондықтан тамақтандыру үшін аналардың балаларды емізуі
ұсынылмайды. Сізге балаға арналған тегін сүт қосындылары беріледі.
ЖИТС-ның анадан балаға берілуін
алдын-алу
Алдын-алу шаралары ойдағыдай нәтиже беру үшін,
яғни, сіздің болашақ балаңыздың дені сау болып туылуы
үшін дәрі-дәрмекті 14 аптадан бастап қабылдау
басталады. Нәресте туылғаннан 6 сағаттан кейін
невирапин немесе ретровир шәрбатын бастап, қабылдау
6 аптаға дейін созылады. Егер жүктілік және босану
кезінде АРВ терапия жүргізілмесе және жаңа туылған
сәттен бастап туылғаннан кейінгі бірінші тәулікте
алдын-алу жүргізілмесе, онда кешірек бастаудың мәні
жоқ. Алдын-алу шаралары сіздің қалағаныңыздай
нәтиже беру үшін, яғни балаңыздың дені сау болуы
үшін, дәрі-дәрмектерді қабылдау режимін сақтау өте
маңызды. Егер сіз бұл режимді бұзсаңыз (дозасын жиі
өткізіп алу, жазылған дозаны аз қабылдау немесе
препараттарды қабылдаудың арасындағы интервалды
қадағаламау) вирустың балаға берілу қаупі артады. Егер
сіз барлық жоғарыда көрсетілген тармақтарды
сақтайтын болсаңыз, онда бүкіл әлемде жүргізілген
көптеген зерттеулердің мәліметтері бойынша ЖИТС-тың
анадан балаға берілуін 2-8% дейін азайтуға болады.
Сонымен қатар вирустың балаға берілу
қаупін мына жолмен де төмендетуге болады
Егер кесар тілігі арқылы босандыру болып шешілген
болса қағанақ қуығы жарылмастан бұрын жоспарлы
түрде 38 аптада кесар тілігіне алу
Егер табиғи жолдар арқылы босандыру болып шешілсе
қағанақ суының кетуі мен босану әрекетінің басталуы
арасындағы уақытты минималды ету
Бала туылғанға дейін нәрестенің қанын мүмкіндігінше
алмау
Қағанақ қуығын жаруды, ұзаққа созылған босануды,
қажетсіз жарақаттауды болдырмау
Босанғаннан кейін акушерка баланың кіндігін кескен
бойда нәрестені жуады, содан кейін сіздің балаңызға
өмірінің алғашқы 4-6 аптасында антиретровирусты
емнің курсын бастайды. Вирус ана сүті арқылы
берілетін болғандықтан жасанды қоректендіру ең
қауіпсіз нусқау болып табылады.
ЖИТС жұқтырған әйелдерді
инфекцияланбағандармен салыстырғанда

Эктопиялық жүктіліктің жоғары деңгейі;
Жыныс жолдарының инфекциясы жиі кездеседі;
Бактериялық пневмония, зәр шығару жолдарының
инфекциясы жиі кездеседі
Мерзімінен бұрын босану зарарсыздандырылғанға қарағанда
екі есе жиі кездеседі
Өлі туылу жиілігі инфекцияланбағандарға қарағанда екі есе
жоғары
Сондай-ақ, босанғаннан кейінгі кезеңде инфекциялық
асқынулар жиі кездеседі
ЖИТС инфекцияланған жүкті әйелді емдеу
врирусқа қарсы препараттар:
- І триместрде – алғашқы 12 -14 апта жүктілікте ешқандай
дәрілер қолдануға болмайды. Себебі, ұрыққа кері әсері өте
жоғары, сонымен қатар, жүкті әйелдің таңғы жүрек айнуы
әсерінен дәрілерді қабылдау қиындық туғызады. AZT -
(зидовудин, ретровир) - АИВ инфекциясының балаға берілмеу
профилактикасының бірден бір таңдар препараты.
AZT курсы 3 бөлікте: жүктілік кезінде (1 триместрден соң),
босану ккезінде (көктамырға) және нәресте өмірінің алғашқы
аптасында (арнайы сиропта). Басқа препараттардан, АИВ
профилактикасы ретінде, невирапин (вирамун) қолданылады.
AZT сияқты қысқа курста, невирапин босануда және жаңа
туған нәрестеге беріледі. Жоспарлы кесар тілігі АИВ
инфекциясының алдын алу шарасының бірі, босануға дейінгі
кезеңде, ұрық қабының жыртылуына дейін жасайды
Босануды жүргізудің әдістері:
табиғи жолмен босану, егер жатыр мойны ашылуы 4 см. жоғары
болса, активті босану әрекеті басталса, сусыз кезең 4 сағаттан кем
болса таңдалады.
Кесар тілігі арқылы босану, егер сусыз кезең 4 сағаттан көп болған
жағдайда, босану әрекетінің әлсіздігінде, жатыр мойны ашылуы 4 см
кем болған жағдайда таңдалады.
Қалған жағдайда акушерлік ситуацияға байланысты.
Босанудан кейінгі кезең
Қанның іздері бар материалдарымен жанасуға түскен жағдайда сақтық
шараларын сақтау керек (лохиялармен)
Сүттің шығуын (емшектегі сүттің кезекті бөліну, жиналу, пайда болу
процестері) тоқтату үшін кеуде бездерін көшіру немесе дәрі-дәрмектік
әдісті (дәрігердің ұсынысы бойынша) пайдалануға болады.
Баланы күту барысында ЖИТС оң ананың жұқтырылған
сұйықтықтармен: қаны, сүті, қынаптағы бөлінділермен жанасуды
болдырмай, сақтық шараларын сақтау қажет. — Перзентханадан
шығарылғаннан кейін әйел жақын арада гинекологқа көріну керек,
өйткені ЖИТС оң әйелдер босанғаннан кейінгі инфекциялық
асқынуларға жиі ұшырайды. — Отбасын жоспарлау мәселелері және
контрацепция әдістері бойынша мамандардан кеңес алыңыз. —
Перзентханадан шыққаннан кейін туберкулез аруын алдын-алу
мақсатында флюроографиялық тексеруден өту
ЖИТС оң ананы бақылау және
балаларды күту
Тұрғылықты жеріне қарай емхана педиатры мен ЖИТС орталығының
педиатры қарауында болу керек. — Вакцинациядан өту. — Барлық нәресте 6
аптаға дейін пневмоцисті пневмонияны алдын-алу үшін бисептолмен
(балаларға арналған) ем қабылдау. — 1, 2 айда және 12 айда, кейде 18 айда
ЖИТС-ға тексерілуден өту.
ЖИТС оң азаматтарға медициналық көмек көрсету жалпы негіздемелерде
мемлекеттік кепілдіктердің бағдарламасы шеңберінде ғана жүзеге асырылады.
ЖИТС оң әйелдер тұрақты мекен-жайы бойынша әйелдер кеңес беруде
тіркеуде тұрады және мекен-жайы бойынша перзентханаларда босанады.
ЖИТС оң аналарда өзі мен баласын АРВ-препараттармен тегін, баласын 1
жасқа дейін тамақпен тегін қамтамасыздандыру құқығы бар. Балалы болу
немесе болмау – таңдауды өзіңіз жасайсыз, біз бар болғаны нәрестеңіздің дені
сау болуы үшін кеңес бере аламыз. Егер жазылған барлық ұсынымдарды және
медициналық персоналдың кеңесін сақтасаңыз, онда дені сау баланы дүниеге
әкеле аласыз!
Қорытынды
Дегенімен, кез-келген АИВ-инфицирленген анаға жүктілік алдында барлық
мәселелерді ой елегінен өткізіп, сәйкес мамандардан кеңес алғаннан кейін
жүктілікті жоспарлау керек. Барлық алдын-алу шараларын жүргізгенімен де
аз да болсын АИВ-инфекциясын болашақ нәрестегежұқтыру қаупі бар.
Кейбір АИВ-инфицирленген аналардың жүрегіне қаяу болып жүрген
мәселелердің бірі бала дені сау болып туғанымен жасөспірімдік шаққа
жеткенше жетім болып қалуы, сондықтан жүкті болғысы келетін АИВ-
инфицирленген ананың өзі шешім қабылдауы маңызды. АИВ-ке қарсы ем
қабылдап жүрген әйелдердің көбісі жүктілікке дейін немесе жүкті екенін
білгеннен бастап емді токқтатқысы келеді, осы сұрақтар жайлы медициналық
персоналмен жеке сөйлесіп бір шешімге келгені абзал. Негізінен әйел ем
курсын жалғастығаны әбден дұрыс. Егер емді тоқтатқан жағдайда вирустық
жүктеме қайтадан жоғарылап кету қаупі бар, ал бұл АИВ-тің анадан балаға
берілу қаупін жоғарылатуы мүмкін. Антиретровирусты терапияның бір ғана
жанама әсері уақытынан ерте босануды шақыруы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Айламазян, Эдуард Карпович. Акушерство : Учеб. для
медвузов - СПб. : СпецЛит, 2005.
• Раисова А.Т., Нұркасымова Р.А. Акушерия
және гинекология:Оқулық/.Алматы:АсемСистем,2006.

Ұқсас жұмыстар
АИТВ және жүктілік
ЖИТС және АИТВ
АИВ ЖИТС
АИВ инфекцияның берілу жолы
Берілу жолы
ЖИТС жайлы
Жұғу жолдары
БАЛАСЫНА ЖҰҒУ ҚАУІПТІЛІГІН АЗАЙТУ ҮШІН ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ АУРУ АНАНЫ ЕМДЕУ
АИВ ИНФЕКЦИЯСЫ
АИВ инфекция қоздырғышы
Пәндер