Абай журналындағы еңбегі, 1924 жылғы




Презентация қосу
М.Әуезовтің 1918 жылғы
«Абай» журналындағы
еңбегі, 1924 жылғы
«Қазақ әдебиетіндегі
Абайдың орны» атты
баяндамасының маңызы

Нурланова Айдана 301-топ
М.Әуезов туған халқының әдебиеті мен ауыз
әдебиетінің, Ұлы Абайдың көркемдік әлемінің
кәусар бұлағынан сусындап, солардың игі дәстүрін
өз бойына сіңіру, оларды байытып, дамыту
үстіндегі бүкіл әлемдік көркем ойдың асыл қорына

баға жетпес үлес қосты.
Жазушы ұлы Абаймен рухани жақындығы қазақ
әдебиетінің биік шыңға көтерілуіне игілікті
әсерін тигізді. Абай арқылы қазақ елі тарихының
эпопеясын сомдады. Ал Абайдың өмірі мен әдеби
мұрасына келсек, М.Әуезов оған ерте кезден-ақ
зер салған. 1918 жылы ол «Абай», 1925 жылы
«Таң» журналдарына ұлы ақынның
шығармаларын «Абайдың Әбдірахман деген
баласы өлгенде жоқтап айтқан өлеңдері»,
«Абайдың кейбір өсиет сөздері» деген атпен
бастырған. Арада жылдар өткен сайын Абай
мұрасына жазушы тереңірек үңіле бастады.


Осындай әрекеттер арқасында М. Әуезов Мүрсейіт
қолжазбаларына енбеген, онда мүлде болмаған жаңадан
45 өлең (1086 жол) алғаш рет толық жинаққа тыңнан
қосылды. Абай мұрасы кәлемі мен мазмұны жағынан да
елеулі түрде молығып, келешек зерттеушілер үшін мол
қазына бір жерге топтастырылды.1909 жылғы жинаққа
небары 5399 өлең жолдары ғана кірген еді (оның 4309
өлең жолы төл туынды болса, 1090 өлең жолы аударма
шығармалар) міне, осы тұңғыш жинақты М. Әуезов,
біріншіден, Мүрсейіт қолжазбасында бар 17 елең (626
жол), 45 қарасез, 1 тарихи мақаламен толықтырды.
Екіншіден, Абай шәкірттерінің көмегімен М. Әуезов
ізденістері арқылы тағы да тыңнан косылған 1086 елең
жолымен молықты. Сәйтіп түңғыш дұрастырылған толық
жинаққа 62 дербес өлең немесе 1712 елең жолы тыңнан
қалған қымбат қазынасын жинастырып,
баспаға әзірлеген, сонан соң оны ғылыми
ыждағаттылықпен зерттеген М.Әуезовтің
еңбегі оның Абай тақырыбына арналған
көркем шығармашылық мұрасымен пара-пар
еді.
Бұл бағыттағы М.Әуезовтің ең бірінші еңбегі –
ақынның танымдық, мағлұматқа бай ғылыми және
шығармашылық өмірбаянын жасап бергендігі.
Сонау 1933 жылғы Абай жинағында жариялаған
«Абайдың туысы мен өмірі» атты көлемді мақала
мен сол томда ақын өлеңдеріне қосымша ретінде
берілген түсінік кейін көлемді монографиялық
зерттеуге ұласты.
Абайдың жалпы шығармашылық мұрасына
арналған ғылыми еңбектердің ішіндегі ірісі –
М.Әуезовтің осы монографиясы. Он тараудан
тұратын бұл жұмыстың бастапқы үш тарауында
абайтанудың ең алғашқы қадамдарынан бастап,
елуінші жылдарға дейінгі бұл игілікті іске қосылған
шағындағы шығармалары бір жүйе, ал
қаламгер ретінде қалыптасқан кезеңдегі
туындылары жанр-жанр бойынша
қарастырылады. Сол тараулардың ішіндегі
маңыздысы - «Абай лирикасы» деп аталатын

бесінші тарау.

Бұл тарауда М.Әуезов ақынның шығармашылық
ғұмырының соңғы жиырма жылдан астам кезеңдегі
өлеңдерін хронологиялық тәртіппен алып, оларға
жан-жақты талдау жасайды. Тарауда өлеңнің шын
мәніндегі лирикалық шағын түрлерін алғаш рет
енгізген Абайдың жаңашылдық үрдістері
сипатталады. Жазушы ақынның әр шығармада әр
қырынан көрінген шыншыл реалистігін,
суреткерлігін, қоғам өмірі мен адам мінезін
бейнелеудегі сыншылдық бағдарын әрдайым
ерекше мән бере атап көрсетеді,
Жазушы көп жылғы ғылыми зерттеулерінің қортындысы
ретіндегі Абай мұрасы жайлы монографиясы мен «Абай
жолы» эпопеясын жазды. «Абай жолы» эпопеясында

жазушы бірінші кезекте Абай дәуірінде қазақ елінің
тұрмысына түскен ірі тарихи өзгерістердің негізі мен
ақын шығармаларындағы басты әлеуметтік сарындарды
тудырып отырған замана шындығына баса көңіл бөлген.
М.Әуезов ақын өмірбаянын қайта-қайта өңдеп,
толықтырып жазу үстінде Абай өмірі мен заманы
жөнінде ел аузындағы естеліктерді жиып, ғылыми
тұрғыдан талдау арқылы оны Абай шығармаларындағы
басты әлеуметтік сарындармен салыстыра отырып,
басты тарихи арнаны табады. Жазушы Абайдың
өмірбаянын жазуда шешуші орын алған сұрастыру,
әңгімелесу, естелік жию жолымен жинастырған көл-
көсір деректерді талдап, талғай қорытып алған ой
тұжырымдауының көбі эпопея желісіне өндірудегі
қайталанбас суреткерлік өнер бірден танылып тұрады.

Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин
Қ.Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Взвод командирі
Мұхтар әуезов және фольклортану мәселелері
Абайдың әдеби ортасы мен нәр алған рухани көздері
Халыққа білім беру
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
Жаңадан табылған шығармалары
Мәскеу психиатриялық клиникасына сәйкес прогрессивті паралич
Пәндер