Халықтың қартаюы


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Дәріс 3

Дүниежүзінің халқы

Slide 2

Антропология

Алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған.

Адамзаттың әр нәсілінің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны

Slide 3

Әлем халқының саны

Мемлекеттер, млн.

2010 жылғы дерек

Мемлекеттер, млн.

2013 жылғы дерек

Қытай -1330

- 1349

Үндістан - 1173

- 1220

АҚШ - 310

- 316

Индонезия -242

- 251

Бразилия -190

- 201

Пакістан - 184

- 193

Нигерия -152

- 174

Бангладеш - 156

- 163

Ресей - 140

- 142

Жапония - 126

- 127

Slide 4

Ғалымдардың пікірінше, бұдан 50-100мың жыл бұрын Номо sаріепs (ақыл - есті адам) өкілдерінің саны не бары 1 миллиондай болған. Содан бері адамзат саны мың есе көбейеді. ХХ ғасырдың аяғында планетадағы халық саны 6 миллиардтан асты.

Адамзаттың демографиялық тарихында шартты түрде үлкен - үлкен екі кезеңді саралауға болады. Бұлардың біріншісі аграрлық өркениет деп аталынды да, шамамен XVII ғасырдың екінші жартысына дейін жалғасты. Бұл кезеңде халықтың өсімі біршама төмен болды. Алғашқы қауымдық қоғам жағдайында, тіпті полигамия болғанның өзінде, табиғи өсім болмашы болды, өйткені туу мен өлім - жітім биік деңгейде болса да, олар өзара теңесіп отырды. Феодализм тұсында ғана халықтың өсімі біраз жеделдеді.

Алайда жер шары тұрғындары санының неғұрлым едәуір өзгеруі, сөйтіп, демографиялық дамудың екінші кезеңінде өту соңғы үш жарым ғасырдың ішінде болды. 1900 жылы Жер шары халқының саны 1, 6 млрд. адамнан асты, ал 1960 жылы бұл шама 3 млрд адамға жетті. Мұның мәнісі дүние жүзі халқының екі еселенуіне біздің ғасырымызда 60 жылдан астам уақыт қажет болды деген сөз. Бірақ келесі екі еселену (6 млрд. ) 2000 жылдың шамасында, яғни не бары 40 жылдан кейін болды.

Халықтың өсіп көбеюінің дүние жүзілік тарихтағы ең жоғары қарқыны (20 пайызға жуық) үстіміздегі ғасырдың 60 -шы жылдары болды.

Slide 5

Халық санының динамикасы

Әрі қарай өсу осы тәртіппен жүрді:

Әлем халқы шамамен күніне 0, 25 млн., жылына 90-100 млн. ға артып келеді

Бірінші миллиардты екі есе көбейту үшін 1810-1930 жылдар аралығында 120 жыл қажет болды.

Slide 6

Шартты түрде адамзаттың демографиялық тарихында 2 үлкен кезең бар

Slide 7

Демографиялық күрт өрлеу дейтін, халықтың күрт көбеюін білдіретін ұғым да сол кезде шықты. Жер шарында халықтың тым көбейіп кетуі туралы үрейлі болжамдар айтылатын болды.

Демографиялық өрлеу ең алдымен барлық жастардағы топтарда өлім - жітімнің күрт азаюының нәтижесі. Ал туу болса не өзгермеген деңгейде сақталды не төмендегенімен, өлім - жітім сияқты дәрежеде болған жоқ.

Демографиялық күрт өрлеудің зардаптарын айтқан түңілушілік болжамдарды өмірдің өзі теріске шығарды. 80- ші жылдардың ортасында -ақ Жер шары халқының жылдық өсімі 17 пайызға түсті, яғни демографиялық күрт өрлеудің шыңы артта қалды.

Slide 8

Қазіргі заманғы дүниеде халықтың есесі толып отыруының басты - басты екі түрін саралауға болады. Бірінші түріне тән сипат - туу өте көп, өлімнің азаюы және халықтың көбеюінің жоғары қарқыны. Нақ осы түрдегі елдерде демографиялық күрт өрлеу айқын көрінді (Африка, Азия, Латын Америкасы елдерінің көпшілігі) .

Slide 9

Халықтың есесі толуының екінші түрінің ерекшелігі - туу көрсеткіштері орташа және төмен, өлім - жітімнің күрт азаюы және халықтың көбею қарқынының бояулауы не тұрақтануы (дамыған капиталистік елдер, Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі, Ресей және ҚХР) .

Slide 10

Демографиялық жарылыс-

Slide 11

Демографиялық жарылыс-

Slide 12

Жерді асыра пайдалану болжамдары

Теориялық тұрғыдан, жер көп адамды тамақтандыруға қабілетті. Егер біз африкалық және азиялық шаруалардың өмірін талдайтын болсақ, онда қазіргі жағдайды сақтай отырып, миллиардтаған адамдар аш өмір сүреді.

Slide 13

Аймақтық ерекшеліктері

Slide 14

Әлем халқының санының өсуі

Халық саны млн.

Жыл

Slide 15

Табиғи өсу-бұл туу мен өлім арасындағы айырмашылық.

Slide 16

Әлем халқының саны 8. 02. 2021 19сағ-28мин бойынша

Slide 17

Депопуляция- Халықтың тарылуы нәтижесінде халық санының азаюы

Slide 18

Демографиялық ауысу дегеніміз не ?

Slide 19

Демографиялық ауысудың 4 фазасы

Slide 20 Slide 21

Халық санының көбеюі түрлері

Slide 22

Дамушы елдер халқының жоғары табиғи өсуінің себептері.

Slide 23

Дамыған елдердегі халықтың табиғи өсуінің төмендеу себептері

Slide 24

Демографиялық саясат

Slide 25 Slide 26

Демографиялық саясат

Slide 27

Әр түрлі елдердегі демографиялық саясаттың бағыты сол елдерде бар демографиялық проблемаларға байланысты. Мысалы, халықтың өсуі тым көп елдерде бұл саясат оны азайтуға бағытталған. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел - ҚХР үкіметінің мақсаты халықтың өсімін күрт тоқтатып, елді жанұяға жалғыз бала деңгейіне «шығару» болды. ҚХР әкімшілік шаралардан насихаттық және экономикалық шараларға ауысты. Осының нәтижесінде жанұяны жоспарлау айтарлықтай нәтиже берді - халықтың жылдық өсімі 28 пайыздан (1968) 10-11 пайызға дейін төмендеді, яғни дүниежүзілік орташа деңгейден төмен болды.

Демографиялық саясат - халықтың ұдайы өсуін реттеу. Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің кепшілігі мемлекеттік демографиялық саясат жүргізу арқылы халықтың ұдайы өсуін басқаруға тырысады.

Slide 28

ҚХР - дің тәжірибесі халқының табиғи өсімі жоғары көптеген елдер үшін өнеге болды. Халқы көп Үндістан осы жолға түсіп «әр жанұяға - екі бала « ұранын ұстанатын болды. Алайда мұнда демографиялық саясаттың жүзеге асырылуы онша ойдағыдай емес. Тууды мемлекеттік тұрғыда шектеу саясатын сондай -ақ Бангладеш, Индонезия, Шри - Ланка, Пәкістан және басқа бірқатар азиялық және латынамерикалық елдер де жүргізуде. Демографиялық саясаттың нәтижесі бәрінен гөрі Африканың дамуы нашар елдерінде төмен. Мұсылман елдерінде халықтың балалы -шағалы болуын дін қолдайды.

Slide 29

Демографиялық саясатты енгізген елдер ондығы :

Slide 30

Кейбір дамыған елдерде (Франция, ГФР, Дания, Бельгия, Венгрия және т. б. ) - демографиялық саясат халық өсімін көбейтуді көздейді. Бұл мемлекеттер үкіметтерінін тууды көбейтіп көтермелеу үшін қолданп отырған шаралары әр алуан; олардың қатарында екі және одан көп баласы бар жанұяларға ақшалай төлемдер мен жеңілдіктер берілуін, түсік түсіруге тиым салынуын (ГФР) және т. б. шараларды айтуға болады.

2050 жылға қарай табиғи өсімі

төмендеуі мүмкін елдер:

Slide 31

Біздің өркениетіміз демографиялық күрт өрлеу шыңынан өтті. Алайда халық саны одан әрі көбейіп отыр. Планетамыз тұрғындары санының табиғи тұрақтануына жету қажет. Бұған жетудің жолы ең алдымен дамуы нашар елдерде халық ағарту ісін өркендету. Бұл орайда нысаналы демографиялық саясаттың рөлі өте зор, мемлекеттердің бірден - бірге көбі осындай саясат ұстанып отыр.

Slide 32

Адамзат басты - басты үш нәсілге: еуропеидтік, монголоидтік және негроидтік нәсілдерге бөлінеді. Бұларға қоса кейбір ғалымдар тағы бір төртінші нәсіл - австралоидтік нәсіл бар деп есептейді. Оның онша көп емес өкілдері Азияның оңтүстік - шығысында, Мұхит аралдары мен Австралияда қоныстанған. Алайда дүние жүзінің барлық халқы осы нәсілдерге жатады деп ойлау дұрыс емес. Олардың өкілдері дүние жүзі халқының жалпы санында 70 пайыздай ғана. Қалған 30 пайызы аралас және аралық нәсілдік топтар; бұларға жататындар, мысалы эфиоптар, малагасийліктер, полинезиялықтар, меланезиялықтар және т. б.

Slide 33

Жер шары халқының этностық (ұлттық) құрамы - ұзақ тарихи процестің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде этностық қауымдастықтардың әр алуан түрлері: жекелеген тайпалар, рулас тайпалар топтары, ұлыстар, ұлттар бар.

Этностық қауымдастық мынадай белгілердің:

-секілді белгілердің жиынтығымен сипатталады.

Slide 34

Ұлттық өлшемдер адамзаттың мемлекеттерге бөлінуінің негізі болады. Кейде бір немесе бірнеше ұлт бір мемлекет құруы мүмкін( Ресей, Үндістан және т. б. ) . Мемлекеттік және этностық шекралардың бөлшектенуі апарып соғады. Мысалы, курдтер Түркия, Иран, Ирак және Сирия түйісетін тұста шоғырланған.

Ұлттық құрамы

Slide 35

Жер шарындағы мемлекеттердің жартысына жуығы бір ұлтты (яғни, негізгі ұлт 90 пайыздан астам) . Бұлар Дания, Швеция, және т. б. Қалған елдер көп ұлтты Олардың қатырна Ресей, АҚШ - ты (бұл елдерде 100- ден астам әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады), Ұлыбританияны (ағылшындар, шотландтар, уэльстіктер және т. б. ), Испанияны (испандар, католондықатр, баскілер және т. б. ) жатқызуға болады.

Көпұлттылық әсіресе дамушы елдерге тән. Үндістанның өзінде ғана бірнеше жүз, Нигерияда 200- ге жуық, Индонезияда 150 - дей әр түрлі этностық қауымдастықтар бар.

Slide 36

Халықтар әдетте тілдік жақындығы принципі бойынша топтастырылады. Бұлайша топтастырудағы ең үлкен бірлік - тілдік отбасылар. Сан жағынан ең көбі үндіеуропалық отбасы, онда шамамен 2, 5 млрд. адам бар.

Ең көп таралған тілдік отбасылар:

Slide 37

Дүние жүзінің неғұрлым көп тараған тілдері мыналар:

Ұлыбритания мен Испанияның өзінің халқынан әлдеқайда көп халыққа ағылшын және испан тілдерінің кеңінен тарауы Азияның, Африка мен Латын Америкасының көптеген елдерінің бұрын отар болғанынан. Мысалы, Африкадағы 19 елдің мемлекеттік тілі осы күнге дейін ағылшын тілі болып отыр. Мұндағы ұлттық белгі тілдік белгіден едәуір сараланады.

Реті

Тілі

Ана тілі

Екінші

Қолданушылардың жалпы саны

1

Қытай тілі

1, 2 миллиард

300 миллионға дейін

1, 5 миллиардқа дейін

2

Ағылшын тілі

500 миллион

1 миллиардқа дейін

1, 5 миллиардқа дейін

3

Испан тілі[4]

425 миллион

125 миллионға дейін

550 миллионға дейін

4

Араб тілі

300 миллион

120 миллионға дейін

420 миллионға дейін

5

Орыс тілі

160 миллион

100 миллионға дейін

260 миллионға дейін

6

Португал тілі[

230 миллион

30 миллионға дейін

260 миллионға дейін

7

Неміс тілі

120 миллион

80 миллионға дейін

200 миллионға дейін

8

Француз тілі

75 миллион

195 миллионға дейін

270 миллионға дейін

Slide 38

Дүние жүзінің неғұрлым көп тараған тілдері мыналар:

Slide 39

Адамдардың діни түсініктерінде ХХ ғасырда күрт өзгерістер болғанына және халықтың бірсыпырасының діннен қол үзгеніне қарамастан, дүние жүзінде діннің позициясы берік. Ол адамдардың ақыл - ойына, құлқына, әдет - ғұрпына, адамдар арасындағы қарым - қатынасқа және тіпті кейбір мемлекеттердің сыртқы саясатына әсер ықпал етіп келеді.

Slide 40
Ұқсас жұмыстар
Егде жастағы адамдар көбінесе
Қазақстан Республикасының экономикасы мен еңбек ресурстарына сипаттама
Халықтың жастық- жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары туралы
Халықтың жастық - жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары
Адамзаттың жаhандық мәселелерінің рухани адамгершілік сипаты туралы ақпарат
Жасушаға әсер етуші факторлар
Қарттар мен қарттарға қызмет көрсетудің шетелдік тәжірбиесі
Жаһандық мәселелер
ЖАҺАНДАНУ ТУРАЛЫ
Демографиялық проблема
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz