Ревматойдты артритте мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру
Презентация қосу
Тақырыбы: «Ревматойдты артритте
мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру»
Ревматоидты артрит (РА)
- синовиалды қабықтың үдемелі қабынуынан
шеміршектің бұзылуы және буын
сүйектерінің мүжілуі түрінде буындардың
зақымдануы арқылы көрініс беретін дәнекер
тіннің жүйелі сырқаты.
Буындардың зақымдануы олардың
деформациялануына, сіресіміне
(контрактурасына), буын қызметінің
бұзылуына және шорбуынға алып келеді
Этиологиясы
Әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Дегенмен, ағзадағы созылмалы
ошақты жұқпалардың ревматоид артритінің басталып кетуіне түрткі
болатыны көптен белгілі. Олардың ішінде В-гемолитикалық
стрептококк ерекше орын алады. Сонымен қатар аурудың дамуына
аутоиммундық серпілістер әсер етеді. Ғылыми бақылаулардың
нәтижесінде осы аутоиммундық серпілістердің және соған
байланысты өзгерістердің бірімен бірі қатынасымен үдере меңдеп
отыратын зақымданумен қабыну дәрістерінің негізгі желеушісі екені
анықталып отыр. Бұл дәрістер тек буындарды ғана зақымдап
қоймайды, дәнекер тіні бар мүшеледі түгелдей кеулеп зардаптайды.
Сөйтіп ревматоид артритімен ауырған адамның бүкіл денесінде ауруға
шалдықпайтын бірде бір мүше не жүйе қалмайды, тамыр атаулының
бәрі түгелдей дерлік қабынып кетеді. Сонымен бірге аурудың дамуына
тұқым қуалаушылықтың әсер ететіні дәлелденген.
Патогенезі.
• Әуелі қабынудың нәтижесінде іркілдек грануляция ағзалары
көбейеді де, буын шеміршегін күйретіп жібереді, сүйектің эпифизі
бұзыла бастайды. Буын шеміршегінің бұзылуына оны қоректендіріп
тұратын синовий сұйықтығы айналысының немесе дифузиясының
кемуі де себеп болады. Буын шеміршегінің құруы мен қабыну
дәрісінің дамылсыз дамуы буын сүйектерінің жабысып, қозғалмай
қатып қалуына (анкилоз) әкеп соғады. Кейбір буындар ұясынан
шығып, кейбірі тарылып (контрактура) қалады. Бұл дәрістерге
демеуші болатын мәнбірлер – буын қалтасы мен буын
айналасындағы сіңірлер, бұлшық еттердің патологиялық өзгерістері.
Ревматоиды артриттің жіктелуі.
Оның негізгі 4 клиникалық түрі бар:
1. Буынды ғана зақымдайтын РА. Бұл түрінде полиартрит, олигоартрит,
моноартрит түрінде білінеді;
2. Жүйелі зақымдану тән РА. Аурудың бұл түрінде буындармен қатар ішкі
ағзалар да зақымдалады. РА-тің бұл клиникалық түріне псевдосепсистік,
Фельти синдромы секілді ерекше синдромдар жатады;
3. РА-тің басқа аурулармен қоса қабаттасуы. Бұл ауруларға деформация
тудырушы остеоартроз, құздама және дәнекер тіннің жайылмалы
аурулары (жүйелі қызыл жегі т.б.) жатады.
4. Жасөспірімдік (ювенильдік) РА (Стилл сырқатын қосқанда).
Ревматоидтық артриттің екі клиникалық-иммунологиялық түрі бар: қанның
сары-суында жэне синовиалдық сұйықтықта ревматоидтық фактордың
болуы (серопозитивті) және аталған фактордың болмауы (серонегативті).
РА-тің белсенділік дәрежелері төмен, орташа, өте жоғары болып
бөлінеді. Бұларды анықтау үшін қабыну үдерісінің клиникалық
(артриттің айқындылығы, қабынған буындар саны, буыннан тыс
қабынудың орналасуы, қызба) және зертханалық (ЭТЖ, СРБ,
серомукоид, синовиальдық сұйықтықтағы лейкоциттер мөлшері, т.б.)
зерттеулердің көрсеткіштері пайдаланылады. Сонымен қатар қабынудың
жанама белгілері (қаназдық, жүдеу) ескеріледі.
Клиникалық
көрінісі.
• Ауруды тану үшін көбінесе ұсақ буындардың зақымдалуымен,
қимылдың шектелу сезімімен, көп уақытты қимылсыздықтан
дамитын зақымдалған буындардың үдемелі деформациясымен
жүретін полиартралгияның маңызы зор. Бірақ бұл ауруға кез-
келген буындар шалдығуы мүмкін, кейде ол моноартрит
ретінде көрініс береді. Аурудың басталуы бірнеше жылдар бойы
бірқалыпты және мерзімді өтуіне байланысты созылмалы,
жедел, жеделдеу болуы мүмкін. Таңғы уақытта, көп уақыт
қимылсыз қалыпта болудың салдарынан, қозғалыстың шектелуі
байқалады. Буындарды қимылға келтіру қиынға соғады (бұл
синдром периартикулярлық тіннің ісінуімен түсіндіріледі);
кешке қарай буындардағы қозғалыс анағұрлым жеңілдейді.
Сонымен қатар науқастар жалпы әлсізлікке, шарщағыштыққа,
дене қызуының жоғарылауына, тамаққа тәбеттің жоғалуына
шағымданады.
Айтылған артриттік өзгерістерді қарап
тексеру барысында буындардың өзіндік
деформациясын, буынның жартылай
шығуын, анкилоздарды анықтау қиын емес.
Бұл ауруға білезіктің ульнарлық бағыттан
ауытқуы (“морж жұзбеқанаты” тәрізді
ульнарлық девиация), проксималды және
дистальді фалангааралық буындардың
бүккіш контрактурасы (саусақтардың
“түйме ілмегі тәрізді” деформациясы),
проксималды буындардың жазылуымен,
дистальді буындардың бүгілуімен жүретін
алақан сүйектерінің (пястно-фаланговый)
бүккіш контрактурасы. Қарап тексерумен
қоса пальпация жасау арқылы аурудың
белсенді және әлсіз деңгейін анықтайды.
Емі:
• Патологиялық аутоиммундық реакцияға әсер ететін дәрілік заттарды
қолдануға негізделеді. Осы мақсатта глюкокартикоидтар, холиндік
қатардың препараттары [хингамин (резохин, делагил),
гидроксихлорохин (плаквенил)], пеницилламин (купренил), левамизол,
стероиды емес қабынуға қарсы препараттар [ацетилсалицил қышқылы,
бутадион, ибупрофен (бруфен), ортофен (вольтарен), индометацин],
алтын тұзы қолданылады. Сонымен қатар көрсеткіштері бойынша емдік
гимнастика, физиотерапия (көбінесе жылытқыш процедура),
ортопедиялық емнің арнайы тәсілдері тағайындалады. Жеке жағдайда
хирургиялық ем ұсынылады (синовэктомия, ортопластика және т.б.).
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
• https://ppt-online.org/576507
• https://kk.wikipedia.org/wiki/Ревматоидтық_артрит
Назарларыңызға
рақмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz