Жатыр жарақаты



Тақырыбы:Сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттары

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
- Жатыр жарақаты, алдын алуы, емі
-Жатырдың жыртылуы, этнологиясы, патогенезі, клиникасы
-Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері
-Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі
-Қасаға буынының ажырауы, клиникалық белгілері, емі
-Сыртқы жыныс мүшелерінің және қынаптың гематомасы
3. Пайдаланған әдебиеттер
Жоспары:

Жатыр жарақаты (денесі мен мойын жарақаты) . Жатыр мойнының жарақаты жиі босану кезінде пайда болады. Кейде жасанды түсік кезінде де жарақаттанады. Жатырдың жарақаты (тесілуі) жасанды түсік кезінде жиі болады, кеңейткіш, зонд, кюретка, абортцанг, вакуммэкскохлеатор құралдарымен жарақаттануы мүмкін.
Тесік пайда болуының себептері.
Босану жарақаттары (патологиялық босану кезінде) .
Операциялық жарақаттар (акушерлік және гинекологиялық операциялар кезінде) .
Жатыр қосалқысы қабыну процсетерінің асқынулар (іріндіктердің жарылуы) .
ЬІдыраған қатерлі ісіктер.
Көрші мүшелердің сәулелі жарақаттары.
Жарақаттар (босану мен операцияға байланысты емес) .
Акушерлік тәжірибеде тесіктің пайда болу себептеріне жамбас жазықтығының біреуінде бала басының ұзақ тұруы және жамбас сүйектеріне жұмсақ тіндердің қысылып қалуы болып табылады. Бұл - тар жамбас, ірі бала, босану күштерінің әлсіздігінде кездеседі. Акушерлік операциялар (қысқаштар салу эмбриотомия, вакуум-экстракция, баланың жамбасынан тартып шығару) жұмсақ тіндердің және көрші мүшелердің кең түрде жыртылуымен, сонан кейін тесіктің пайда болуына әкеліп соқтырады.
Жатыр жарақаты

Алдын-алу:
Тесіктер босану жарақаты кезінде жиі пайда болады. Содықтан алдын-алу шаралары ішінен ең негізгісі босануды дұрыс өткізу, бсану процесі кезінде көрсетілетін акушерлік көмекті дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Бұл арнаулы орта медицина қызметкерлерін дайындай мәселесімен тікелей байланыста. Операциядан кейінгі тесікті алдын-алу -операция кезінде тіндерге ұқыптылықпен қарау, мүшелердің натомиялық өөара қарым-қатынасын дұрыс бағалауға байланысты. Қатерлі ісік кезіндегі тесіктің алдын-алу - ісіктерді ерте анықтап, оның алдын-алу шараларын жүргізумен тығыз байланысты.
Емі:
Ішек-жынысты және қуық-жынысты тесіктерді емдеу қиын мәселелердің бірі. Босану не гинекологиялық операциялар өзіндегі көрші мүшелердің жедел жарақаттары - оны жеңілдетіп қалпына келтіруді талап етеді. Егер тесік пайда болса, оны консервативті емдеуге тырысады. Кіші өлшемдегі тесіктер өздігінен жазылады. Қуық-жынысты тесіктер де несеп ағар түтігіне тұрақты катетер қояды. Тесіктің орналасуына байланысты науқасты ішіне не арқасына жатқызады. Жарақаттанған жерге Вишневский не 5%-тті синтомицин имулсиясына батырылған тампон қойылады.
Сыртқы жыныс мүшелердің маңайы тітіркенген жағдайда түймедағы не калий перманганат тітінділерімен жылытылған отырғыш булаулары жасалады. Науқасты осылай емдеу тесіктің жазылуына және айнала гендердегі қабыну реакцияларын шешуге мүмкіндік береді. Түйсікті хирургиялық әдіспен де жабуға болады. Мұндай операцияларды жасау қиындау. Науқасты операцияға дайындайды, диета сақталынады /ащы тағамдар жеуге болмайды/, көп мөлшерде сұйық ішіледі, сыртқы жыныс мөлшеріне күтім жасалынады, зарарсыздандырылған өтінділермен қынапты жуып шаяды, антибиотиктер қолданылады. Тесік жолдарын тіндерді ыдырату және қабат бойынша тігу арқылы жабады. Операцияның жетістігі операциядан кейінгі күтімге тығыз байланысты. Катетерді үнемі қадағалап отыру қажет.

Жатырдың жыртылуы
Жатырдың жыртылуы деп жатыр қабырғаларының бүтіндігінің бұзылып, жыртылуын айтады. Егер жатырдың барлық қабаты жыртылса, оны жатырдың толық, ал егер шырышты не бұлшықет қабаттары жыртылса жартылай жыртылуы деп атайды.
Жатырдың жыртылуы ең ауыр жарақат, оның жиілігі 0, 005%-0, 1% жалпы босанған әйелдер арасында. И. Ф. Жорданияның мәліметі бойынша бұл көрсеткіш-1000босанушылар арасында бір жатыр жыртылуы кездеседі (1960) .
Себебі:
Бұл ақаудың негізгі себебін түсіндіретін екі көз қарас бар.
Бандль (1875) жатырдың жыртылу механизмін түсіндіру үшін, өзінің механикалық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша нәрестенің бас өлшемі әйелдің жамбас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен, жатырдың жиырылу қасиеті бұзылып, оның төменгі сегменті қатты созылып, жұқаланып жыртылады. Бұл жағдай көбінде тар жамбаста, құрсақтағы нәресте ірі болса, көлденең немесе қиғаш жатса, нәресте басы шалқая орналасқанда кездеседі.
Я. Д. Вербов (1911ж) жатырдың жыртылу механизмінің себебін-жатыр қабырғаларының қабынып дегенрациялық-дистрофиялық өзгерісиерге ұшырауынан деп түсіндірді. Мұндай қабыну кесар тілігінен кейінгі тыртықта, сондай-ақ жасанды түсіктерден кейін және жыныс мүшелерінің дамып жетілмеуінде жиі кездеседі.

Жатырдың жыртылуының жіктелуі:
Мезгіліне қарай:
Жүктілік мезгілінде.
Босану мезгілінде.
Этиологиясы мен патогенезіне байланысты:
Өздігінен жыртылуы.
Күшпен жыртылуы.
Аралас жыртылуы.
Орнына қарай жыртылуы:
Түбі
Денесі
Төменгі сегмент
Жатыр мойнының үшінші дәрежелі жыртылуы, жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі.
Көлеміне қарай:
Толық жыртылуы.
Жартылай жыртылуы
Клиникалық ағымына қарай:
Жыртылу қауіпі
Жыртылудың басталуы
Жатырдың жыртылуы
Кесар тілігінен кейінгі тыртықтың ажырауы.
Жатырдың толық жыртылуы
Жатырдың жартылай жыртылуы

Жатыр мойнының жыртылуы, клиникалық белгілері, емі
Босанудың патологиялық ағымында жатыр мойны жыртылып, қан шығыны артады. Жатыр мойнының жыртылуының үш дәрежесін ажыратады.
Жатыр мойнының жыртылуы-2см
Жатыр мойнының жыртылуы -қынап күмбезіне дейін.
Жатыр мойнының жыртылуы-2см ден артық
Клиникалық белгілері:
Негізгі белгісі қан шығынының артуы, қалыпты жағдайда нәресте туысымен бірден қан кетеді, екінші кезеңде қан тамырлары нәресте денесімен басылып, қан шығыны болмайды. Бала жолдасы бөлініп туылмай қан шығынының қай жерден екенін анықтау қиын, бірақ қан шығыны жатыр мойны жыртылуы салдарынан болғанда, жатыр қатты жиырылады.
Емі:
Жыртылған жерге тігіс салу. Бірінші тігісті жоғарғы бұрышына жыртылған жерден 1-2см жоғары салады және тігісті салғанда жатыр мойнының шырышты қабатын тікпейді

Жатырдың жыртылу қауіпі
Бандельдің механикалық теориясына сай клиникалық белгілермен сипатталады.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ :
Қатты ауырсынулы толғақ, жатырдың сырт пішіні ұзынша, оның түбі қисаяды, төменгі сегменті созылып, жұқарып қолмен ұстағанда ауыртпалы. Контракциялы сақина өте жоғары, қисық тұрады. Жатыр мойны, қынап қабырғалары, аралық, сыртқы жыныс мүшелерідомбығып ісінеді. Жатырдың жұмыр байламы ауыртпалы. Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды. Әйелдің күшену қарқыны нәтижесіз. Нәрестенің жүрек соңысы нашарлайды.
ЕМІ:
Жатырдың жыртылу қауіпінде анаға жедел жәрдем көрсетіліп, кесар тілігі арқылы босандырады.
Жатырдың жыртыла бастауы
Бұл ауытқуда жоғарыда жатырдың жыртылу қауіпінде аталған белгілерге қосымша: босану жолдарынан қан аға бастайды; зәрге қан араласады, нәресте қысылып тұншығады, ауру сезімі қатты артып, әйелде қорқыныш үрей пайда болады.
Жатыр толық жыртылғанда қатты айғайлап жатқан әйел тынышталып, толғақ сап тоқтайды, босану жолдарынан қан кетеді, нәрестенің жүрек соғысы естілмейді, геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады, жатырдың пішіні өзгереді, нәресте іш перде қуысында анықталады.
ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК:
жатырдың жыртыла бастауында және жатыр жыртылғанда бірден ампутация немесе экстрипация жасайды.

Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшелігі
Бұл ауытқу ана мен бала өміріне өте қауіпті, соңғы жылдары жатырдың жатыр тыртығынынан кейінгі жыртылуы жиі кездеседі, себебі әйелді кесар тілігі арқылы босандыру жиіледі.
Жыртылу ерекшеліктері клиникалық белгілері мардымсыз, өте аз, іштің төменгі жағы тыртық тұсы ауырады, тыртықты сипап зерттегенде ауырсынады, ауыртпалы толғақ пайда болады.
Кесар тілігінен кейінгі тыртыққа УДЗ зерттеу жүргізеді, плацентаның орнын, тыртықтың қасиетін анықтайды. Әйелді кесар тілігі арқылы босандырады.

Қынаптың жыртылуы, себептері, клиникалық белгілері, емі
Себептері:.
Көбінде қынап қабырғаларының жеткілікті созылмауынан, дамып жетілмеуінен, бастың шалқая туылуынан, ірі нәрестеде, шапшаң босануда және аралық жыртылғанда қынап қабырғалары да жиі жарақаттанады.
ҚЫНАПТЫТЫҢ ГЕМАТОМАСЫ:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz