Терінің жоғарғы қабаттары мен тырнақтың жұқпалы ауруы
Презентация қосу
Дерматомикоздар
Орындаған:Халбаев Шакирбай
Қабылдаған:ОрынбасарМадиана
Дерматомикоздар—патогендік грибтердің —
дерматофиттардың қоздыруынан болатын терінің
және оның туындыларының инфекциялык
аурулары. Малдардың арасындаа ең көп
тарағандары — трихофития мен микроспория.
Қоздырғышы:Trichophiton mentogrophytes тобы.
Терінің жоғарғы қабаттары мен тырнақтың жұқпалы ауруы.Шаштар зақымданбайды.
2 клиникалық түрлері бар:терінің ірі қатпарларының немесе шап және аяқ басының
эпидермофитиясы.
Көбінесе шап терісінде,кейде қолтық астында,сау теріден анық шектеулі қызғылт түсті дақтар пайда
болады.Аздап қышыну сезімі болады.Жедел басталып,ауру бірнеше күннен бірнеше айға,жылға созылады
Табанның сыртқы және ішкі жағында,көбінесе күмбезінде көпіршіктер пайда болады.Ұзақ уақытқа
созылады,әсіресе көктемде,жазда қайталауға бейім.
Жұғу жолы
Моншада –ортақ ваннаны,жөкені қолданғанда және киім,дәрет ыдысы арқылы
жұғады.Қатты терлеу,компресс,ұзақ байланып жатқанда таңғыштар теріні
ылғалдандырып аурудың жұғуына мүмкндік туғызады.Шап эпидермфитиясы
эпидемиялық таралуы мүмкін.
Диагнозы
Лабораториялық зерттеу нәтижесімен дәлелдейді.
Микроскопиялық диагностика:Қабыршақтарда,көпіршіктерде мицелий жіптері
табылады.Табанда,башпайлар арасында “мозайкалық саңырауқұлақтарды” көруге
болады.
ЕМІ
Терінің зақымданған жерін 3 күн фунгицидтік дәрілер ерітінділер мен
ысқылайды,сонан соң үш күн фунгицидтікмай жағады.Қайталаудан сақтану үшін
терінің қатпарларын ұзақ уақыт 2%-тік салицил спиртімен сүртіп және 5-10 % бор
қышқылын сеуіп тұру керек.
Сонымен қатар, терінің зақымданған ошақтарына 2% йод тұнбасын немесе
Вилькинсон майын жағады.Ем біткен соң бірнеше аптадай қайталанудан сақтану
үшін башпайлар арасын 2 % салицил немесе 1 % тимолдың спирттегі ерітіндісімен
сүртіп,10 % бор опасын сеуіп тұру керек.
Арнайы емес десенсибилизациялық емге кальций хлоридін,натрий бромидін тамырға
егеді және гистаминге қарсы препараттарды қосып береді.
МИКРОСПОРИЯ
Microsporum тобына жататын жіпше саңырауқұлақтар қоздыратын ауру.Ауру
адамнан немесе жануарлардан(көбінесе мысықтардан,иттерден)
жұғады.Саңырауқұлақтың белгілі көптеген түрлерінен тек адамға патогенді,ең көп
кездесетіні Mic.ferrigineum мен Mic.Audouini және адамға да жануарларға да
патогенді Mic. Lanosum.Жылқыда паразиттік тіршілік ететін Mic.eguinum өте сирек
кездеседі.
Клиникасы
Микроспория теріні,бастың шашты бөлігін;кейде- тырнақты зақымдайды.ауру
үстірт түрде дамиды;терең түрлері сирек кездеседі.
Микроспориямен көбінесе мектепке дейінгі балалар ауырады;кәмелетке
толған кезеңде ауру, әдетте, өздігінше жазылады.Ересек адамда микроспория тек
жазық теріні зақымдайды.
ДИАГНОСТИКАСЫ
1.Микроскопиялық зерттеу
2.Бактериологиялық зерттеу
3. Люминесцент тәсілі
ЕМІ
Мамық микроспорумның қоздыруынан дамыған микроспорияда
гризеофульвинді ұзақ уақыт қлолдану қажет және фунгицидтік
майларды жергілікті ем үшін бірге пайдалану керек.
Трихофития (Тгісһорһуіtае) — шұғыл шектелетін
дөңгелектеу дақтардың теріде құралуымен, терінің
тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының сақталуымен,
терінің және фолликулдардың сірілік-іріңді экссудат бөлінуімен
және қабыршақ құралуымен сипатталатын малдар мен
адамның жұқпалы ауруы.
Ауру барлық жерде кездеседі.
Грибтер өте төзімді. Патологиялық материалда (жүн,
тері қабыршағы) 7 жылға дейін, топырақта 142 күнге
дейін, көңде 8 айға дейін сақталады. Споралары 1
сағат бойы 100°С қызуға (құрғақ бу) төтеп береді.
Ультрафиолеттік сәулелердің де жоюшы әрекеті бар.
Дезинфекциялық дәрулерден ең нәтижелілері — 50°С
дейін қыздырылған 1% күйдіргіш натры бар 5%
формалин ертіндісі, 10% күйдіргіш натр ертіндісі, 10%.
Індеттік деректер. Трихофития көбірек ірі қара малын, жылқыны,
иттерді, мысықтарды зақымдайды. Шошқалар, қойлар мен еш-кілер
сирек ауырады. Жабайы хайуандар да, әсіресе, кеміргіштер
ауырады. Екі айлықтан бір жасқа дейінгі бұзаулар ауруға аса
бейімді.
Инфекция қоздырушының көзі — ауру малдар. Қоздырушыны енгізу
малды күтіп-бағушылар, азықтар, төсеніштер арқылы болуы мүмкін.
Қоздырушыны тасымалдаушы эктопаразиттер де бола алады.
Малдың залалдануы ауру малдар мен сау малдар қорада,
жайылымда, тасымалдағанда жұғысуы арқылы болады.
Қоздырушының берілу факторлары гриб жұққан күтім заттары,
төсеніш, көң т. б. бола алады. Аурудың таралуына тышқан
тәріздес кеміргіштердің маңызды ролі бар.
Аурудың шығуы жыл бойы бола береді, бірақ жиірек бұған
дымқылды ауа райы — күз бен қыс және мал терісінің күтімсіз
болуы қолайлы жағдай туғызады. Егер аурумен күрес жүргізу
шаралары сапасыз болса шаруашылық түракты түрде аурудан
сәтсіз жағдайда қалуы мүмкін.
Патогенезі. Қоздырушының организмге енетін жері — әсіресе
зақымданған тері. Теріге түскен соң грибтің споралары немесе мицелиі жүн
фолликулаларының ішіне кіріге еніп, тікелей мүйізденіп кеткен клетка
қабыршағының астындағы эпидермисте өсіп-өнеді. Грибтердің
эндотоксиндері мен кератиннің толық ыдырамаған өнімдері ісіну процесін
тудырады, кейіннен қабыршаққа айналатын тез жарылғыш күлдіреулер
пайда болды, соның салдарынан зақымданған тері түлейді. Грибтердің
элементтері лимфа мен қанға, ал олармен бірге жаңа зақымданулар
тудырып терінің басқа жерлеріне түседі.
Сонымен қабат грибтердің мицелиі мен оның токсиндері тамырлық қынап
клеткалардың ісінуі мен дегенеративтік өзгерістерін тудырады, осының
нәтижесінде жүннің қорек алуы бұзылады, олар ыдырайды
Клиникалық белгілері. Аурудың бірнеше клиникалық формала-рын
ажыратады: сыртқы, тереңдегі (фолликулярлық), кернексіз .Жасырын кезеңі
— 8—30 күн.Ірі қара малында ең алдымен басының, мойнының, сирегірек
арқасының, тік ішек тұсының және баска жерлердің терісі, ал сүт ішетін және
еміп жүрген бұзауларда — ауыздың айналасындағы, көз, маңдай маңы және
құлақтар түбінің терілері зақымданады.
Трихофитияның сыртқы формасында әуелі тек терінің сау жерлерінің үстінде
көтеріңкі келген жүні ұйпалақтанып шұғыл шектелген дақтар білінеді.
Дақтар біртіндеп үлкейеді және асбестке ұқсас жұқа қабыршақтармен
жабынады; 1—2 айдан кейін қабыршақтар түсіп, терісі түлеген тақыр жерлері
қалады. Одан кейін жүннің өсуі басталады. Аурудың бұндай формасы ересек
ірі қара малында байқалады.
Зақымдану уақыт өткен сайын, әсіресе баста, ұлғая береді және бүкіл бетіне қамыр жағылған сыяқты
түрге енеді. Ауру бұзаулар қоңдылығын жоғалтады, жетілуі мен бойының есуі төмендейді.
Көрнексіз (атиптік) форма әдетте жазда болады. Тек қана қабыну белгілерінсіз терінің жүні түсіп
тақырлануы байқалады.
Жылқыда сауырының, бүйірлерінің, басының, мойнының, кеудесінің, арқасының терілері жиірек
зақымданады; аурудың келтірілген клиникалық кез-келген формасы болуы мүмкін.
Иттер мен мысықтарда басының, мойнының және аяғының терілері зақымданады (басымырақ
тереңдегі форма).
Қойлар мен ешкілерде трихофития сирек кездеседі, зақымдану құлақтарының түбінде, маңдай,
мұрын, қабақ, желке, аш бүйірі маңында қомақталады. Аурудың формалары ірі қара малыныкіне сәйкес
келеді. Шошқаларда басының, кеудесінің, арқасының терілері зақымданады, бірақ ауру ірі қара
малыныкіне қарағанда зарарсыз етеді. Бағалы терілі аңдарда трихофития ауыл шаруашылығы
малдарынікі сияқты өтеді.
Ауруды анықтау клиникалық және індеттік деректердің негізінде қойылады.
Диагнозды ауру кең таралмай тұрғанда қоюдың маңызы бар. Күмәнді жағдайда
лабораторияға терінің зақымданған жерінің қырындысын жібереді (қабыршақтар,
жүн — зақымданған және сау жерлердің аралығындағысы дұрыс). Қажет болса
қоректік орталарға грибтерді сеуіп өсіреді.
Жіктеп анықтау. Уақ және ірі қара малдарының трихофитиясын микроспорийдан
айыра білу керек. Люминисценттік зерттеу әдісін пайдаланып бұны оңай жасауға
болады. Микроорганизм түрінің грибтерімен зақымданған жүн ультракүлгін
сәулелерде жасыл жарқырау береді, ал трихофития түрінің грибтерімен зақымда-
ғандары сәуле шашыратпайды. Зақымданудың дөңгелек формасы, қалың
қабыршақтары жоқ, ал микроскопиялық зерттеулерде қышыма кенелері табылатын
қышымадан да трихофитияны ажырату қажет.
Егер емі уақтылы басталып және ұқыпты, жүйелі түрде
жүргізілсе онда ол қоздырушының таралып кетпеуінің алдын
алуға мүмкіндік береді. Емдеу уақтысында малды оқшаулау
керек. Емдеу мақсатымен ЛТФ-130 вакцинасы және басқа да
көптеген дәрулер қолданылады.Препаратты таңдағанда
бірнеше рет қолданылуы қажеттігін ескеру керек. Егер препарат
майлық негізде дайындалмаған болса (вазелин, өсімдік және
минеральдік майлар), онда терінің зақымданған жерлерін әуелі
вазелинмен майлайды және жұмсарғаннан кейін жүнін қырқады,
қатты қабыршақтарын алып тастайды.
Иммунитет. Трихофитиядан айыққан малдарда иммунитет
кұралады және олар, тәртіп бойынша қайталап ауырмайды.
Қанның сарысуында антителдер бөлінеді. Кейінгі жылдары
трихофитияныц активті спецификалық профилактикасының
дәрулері жасалды. ЛТФ-130 вакцинасын ірі қара малы үшін
(трихрфитон-130 штам-масының құрғақ вакцинасы), СП-1 жылқы
үшін және «Ментавик» бағалы терілі аңдар мен үй қояндары үшін
пайдаланылады. Вак-иналар зиянсыз, профилактикалық және
емдеу мақсатымен қолданылады. Егілген малдардыц иммунитеті
практика жүзінде өмір бойы сақталады.
Сақтық пен күресу шаралары, Малдардың күтім ережесін сактау,
қораларды, инвентарь мен малдың күтім заттарын профилактикалық
дезинфекциялау, дератизация, барлық жастағы малды толық қүнды жем-
шөппен азықтандырудың үлкен маңызы бар. Аурудың алғашқы шығуын
білу үшін бүкіл малды ай сайын қарап отыру керек, бұның малды
тұрғылықты орнына қою алдындағы топтау кезінде үлкен маңызы бар.
Ауру анықталса шаруашылық немесе оның белімшесі аурудан сәтсіз деп
хабарланады. Ауруларды оңашалайды және фунгицидтік дәрілермен
емдейді немесе вакцинотерапия жасалады. Бұл топтағы малдарды бағу
үшін жеке адамдар бөлінеді.
Қорытынды дезинфекция жасалған жағдайда клиникалык
ауру малдардың ақырғы шығуынан 2 ай өткен соң
шаруашылық трихофитиядан сәтті деп хабарланады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz