Қазақ тіліндегі екпін: түрлері, орны және екпін түспейтін қосымшалар


Slide 1

Екпін

Орындаған: Аухымбай Жанар. Қабылдаған: Байымбетова Ж

Тобы :С1301-10ж.

Slide 2

Екпін

Slide 3

Сөздерді айтқанда, сөздегі буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрі бірдей бір қалыпта айтылмай, біреуі басқалардан ерекше каркынмен, күшпен айтылады. Мысалы, жұмысшы деген сөз үш буыннан тұрады да, соңғы үшінші буыны (шы), жұмысшылар дегенде төртінші буыны (лар) күшті айтылады. Осындай сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін дейді.

Slide 4

Сөйлеп тұрғанда бір сөз басқа сөздерге,

бір буын басқа буындарға, бір дыбыс

басқа дыбыстарға қарағанда күшті,

көтеріңкі айтылуын екпін деп атаймыз.

Slide 5

Екпін

Slide 6

Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің

ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы

сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде

сөз екпінінің орны тұрақты болады:

екпін сөздің ең соңғы буынына түседі.

Slide 7

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

Замок - құлып

Замок - қорған

Мука - азап

Мука - ұн

Оқу

Оқушы

Оқушылар

Оқушыларымыз

Slide 8

Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

2. Ой екпіні - сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.

3. Тіркес екпіні - бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т. б.

4. Дыбыс екпіні - сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.

Slide 9

Қазак тілінде барлык қосымшаларға екпін түсе бермейді. Екпін түспейтін (қабылдамайтын) косымшалар: 1. жіктік жалғауларына екпін түспейді. Мысалы: жақсы-сың, бара-мыз, жүре-ді, үлкен-сіз т. б. 2. етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: айқыз-ба, көрмей-сің-дер, жаздыр-ма-ған, айтыңқыра-ма-ды т. б. 3. Есім создерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату, мәнін білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей, және -ша, -ше жұрнақтарына екпін түспейді. Мысалы: үй-дей, бала-ша, келген-дей, айтқан-ша т. б. 4. етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш мәнін білдіретін -шы, -ші қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: көр-ші, айтыңқыра-шы, көрсең-ші, барайық-шы т. б.

Slide 10

Екпін түспейтін қосымшалар

Slide 11

Қолданылған әдебиеттер:

↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э. ғ. д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3


Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам және екпін: туынды сөздердің құрылымы, жұрнақтық және бірігу жолдары, қосарлану мен тіркестік талдау
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық калька мен конверсия: түрлері, механизмдері және тіл дамуындағы орны
Қосымшалар архитектурасы: түрлері, архитектуралық стильдер және сапа критерийлері
Қазақ тіліндегі буын: анықтамасы, түрлері және тасымал ережелері
Қазақ тіліндегі кәсіби және терминологиялық сөздердің түрлері мен сипаттамасы
Сөздіктердің түрлері және қазақ тіліндегі түсіндірме мен аудармалық сөздіктердің лексикографиясы
Паралингвистика және бейвербалды коммуникация: түрлері, қызметтері және қазақ тіліндегі ерекшеліктер
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздарының түрлері, қызметтері мен стильдік ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер: синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық
Қазақ тіліндегі етістіктер: түрлері, жасалу жолы және сөз тіркесіндегі байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz