Дүниежүзі халықтардың нәсілдік құрамы, таралуы және демографиясы


Slide 1

Дүние жүзінің тұрғын халықтарының нәсілдік құрамы

Slide 2

Жоспар:

1. Нәсілдік белгілердің құрамы мен мағынасы.

2. Үлкен және кіші адамзат нәсілі.

3. Әлемдегі нәсілдік құрамның таралуы.

Slide 3

Нәсіл (фр. race, итал. razza - туыс, тайпа) - тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері - терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т. б. ) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Нәсілдерді зерттейтін ғылымды антропология деп атайды. Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді. [1]

Slide 4 Slide 5

Еуропалық нәсіл, еуразиялық нәсіл - жер бетінде кеңінен тараған көне нәсілдердің бірі.

Еуропаға, Солтүстік Африкаға, Алдыңғы Азияға, Солтүстік Үндістанға, еуропалықтар отарға айналдырған аймақтар - Америка, Австралия, Оңтүстік Африкаға тараған. Олардың ең алғаш шыққан жері - Еуропа, қалыптасқан дәуірі - палеолиттің соңғы кезеңі. Еуропалық нәсілге жататын адамдардың шығу тегі ұқсас, әрі сыртқы түр-тұлғасы, яғни морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т. б. тұқым қуалаушылық белгілері де бір-біріне жақын үлкен топты құрайды.

Slide 6

Еуропалық нәсілге жататындардың терісі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды болып келеді. Еуропалық нәсілдің өкілдеріне орыстар, украиндар, ағылшындар, француздар т. б. жатады.

Slide 7

Негроид нәсіл өкілдерінің терісі қара, ерні қалың, шашы бұйра болып келеді. Қара нәсіл өкілдері Африка мен Аустралияда таралған.

Slide 8

Моңғолоид нәсілдерінің өкілдері Азияда таралған. Моңғолоид нәсіл өкілдерін сары нәсіл деп те атайды. Олардың терісі сары, шашы салалы, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, көзі қиғаш болып келеді.

Slide 9

Демография сөзін грек тілінен аударғанда «демос» - халық, «графо»- сипаттап жазу деген мағына береді. Демография халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында халық санының жылдам өсуі байқалды. 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд болса, 1962 жылы 3 млрд, 1976 жылы 4 млрд, 1987 жылы 5 млрд, 1999 жылы 6 млрд, 2011 жылы 7 млрд болды. Халық санының мұндай күрт өсуін демографиялық жарылыс деп атайды. Халықтың ұдайы өсуін реттеу мақсатында мемлекеттік деңгейде демографиялық саясат жүргізіледі. Демографиялық саясат - елдің демографиялық мәселелерін шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталған шаралардың жиынтығы. Үндістан, Қытай елдері демографиялық саясатты қатаң ұстанатын елдер санатындағы мемлекеттер. Ал Еуропа елдері халық санын өсіруге бағытталған саясат жүргізеді.

Slide 10

Дүниежүзінде 230-дан астам мемлекет бар. Дүниежүзінің саяси картасындағы бұл елдер бір-бірінен аумағы, халқының саны және экономикасының даму деңгейі жөнінен ерекшеленеді.

Slide 11

Дүниежүзі елдері даму деңгейі жөнінен әркелкі. Экономикалық даму деңгейіне қарай елдер екі топқа бөлінеді: экономикасы дамыған елдер және дамушы елдер. Экономикасы дамыған елдер тобына «Үлкен жетілік» деп аталатын топқа бірігетін, жан басына шаққандағы ұлттық табысы жоғары АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция кіреді.

Slide 12

Назарларынзға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
10-сынып географиясы: дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын демографиялық көрсеткіштер
Дүниежүзі халқының саны мен ұдайы өсуі: демографиялық саясат
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері және даму деңгейлерінің жіктелуі
Сарғалдақтар тұқымдасы: морфологиясы, тұқымының химиялық құрамы және Қазақстандағы таралуы
Еуропалық халықтардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктері және этнопсихологияның даму тарихы
Адамның қалыпты микрофлорасы: құрамы, таралуы және биологиялық қызметі
Нәсілдік пен ұлттық теңсіздік: әлеуметтік стратификация, нәсілшілдік және ұлтшылдық
Тері микрофлорасы: құрамы, экотоптық таралуы және гигиеналық маңызы
Адамның қалыпты микрофлорасы: таралуы, құрамы және биологиялық рөлі
Қазақстанның топырақ жамылғысы: түрлері, құрамы және зоналық таралуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz