Биоалуантүрлік пен сақтаудың мәселелері: Каспий итбалықтарының популяциясы және генетикалық инженерия


Slide 1

Биоалуантүрлік

Slide 2 Slide 3

Табиғатта жануарлардың биоалуантүрлілігі көптеген белгілерге тәуелді болады. Кез келген түрде немесе экожүйеде үш негізгі әртүрлілікті көрсетуге болады.

Генетикалық;

Экологиялық;

Ландшафтық

Slide 4

Генетикалық алуантүрлілік дегеніміз - түрдегі әрбір дараға тән генетикалық жиыны. Бұл әртүрлі қасиеттерге ие болудың көрінісі. Әрбір адамға көптеген ерекше генетикалық көрсеткіштер тән. Жануарлардың генетикалық әртүрлілігі өзгерісі көптеген факторларға тәуелді. ХІІ ғасыр бойы адамзат жануарлардың ерекшеліктерін бақылап, пайдалы жағын бөліп көрсеткен. Генетикалық әртүрлілікті пайдаланып қазіргі кезде үй жануарларының сұрыпталуының арқасында жасанды тұқымдарын шығаруда. Алайда тек біздің ғасырымызда селекция саласында үлкен сапалы секіріс пайда болды. Ол гендік инжинериямен тығыз байланысты.

Slide 5

Экологиялық әртүрлілік - түрдің даралары таралған белгілі бір аймақты қамтитын және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі болуы керек. Осының арасындағы байланысты экологиялық алуантүрлілікке жатқызуға болады.

Slide 6

Ландшафтық әртүрлілік - қоршаған ортаның ең маңызды бөлімі жер бедерінің рельефі болып табылады. Ол өміршең және құбылмалы.

Slide 7

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ИТБАЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

1996 жылдан бастап каспий итбалығына қадағалау жүргізіп, бұл ретте оның популяциясына тиюі мүмкін жағымсыз әсердің алдын алу немесе оны төмендету үшін оның мінез- құлқын және шоғырланатын орындарын зерделеуде. Каспий итбалығы популяциясының күйін зерделеу жұмысы қысқы кезеңде жүргізіледі

Slide 8

Итбалықтарды зерттеу жұмыстары:

қыстыгүні итбалықтың күшіктері бар аналықтарының шоғырланған аймақтарын анықтау;

- кемелердің сол аймақтардан айналып өтуі үшін навигациялық бағыттарды таңдау;

- итбалықтардың мекен ортасы мен мінез-құлықтары туралы анағұрлым толық ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.

Slide 9

КАСПИЙ ИТБАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПОПУЛЯЦИЯСЫНДА ӨСІП- ӨНУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ

Каспий итбалықтарының өсіп өну көрсеткіштері жыл өткен сайын елеулі түрде өзгереді . Соңғы қыстардағы итбалық күшіктерінің саны:

2004 - 05 жж. : 25 000

2005 - 06 жж. : 19 000

2006 - 07 жж. : 7 000

2007 - 08 жж. : 6 000

2008 - 09 жж. : 19 000

2009 - 10 жж. : 7 000

2010 - 11 жж. : 21 000

2011 - 12 жж. : 16 000

Итбалық күшіктері санының өзгеруі негізінен ортаның экологиялық факторларындағы қысқа мерзімді өзгерістердің (қоректің болуы, қыс жағдайы және т. б. ) көрінісі болып табылады

Slide 10

КАСПИЙ ИТБАЛЫҚТАРЫ САНЫНЫҢ АЗАЮНЫҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ

• Балық кәсіпшілігі кезінде итбалықтардың балық аулайтын ауларға түсіп өлуі

• Каспий теңізінің экологиялық жүйесіне Mnemiopsis leidyi жәндігінің енуі нәтижесінде қоректену базасының сарқылуы

• Шамадан тыс балық аулау нәтижесінде балық қорының азаюы

• Инфекциялық аурулардың тарауы

• Итбалықты майы мен терісі үшін аулау кәсіпшілігі

• Климаттың ғаламдық өзгеруі нәтижесінде мұз алаңдарының азаюы

• Қысқы мезгілдегі өнеркәсіптік кеме қозғалысы салдарынан мекендеу аумағының бұзылуы

• Ортаның ластануы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп)

Slide 11 Slide 12

КАСПИЙ ИТБАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫНЫҢ ТАРИХИ СЕБЕПТЕРІ

•1955-1956 жж. : эпизоотия індетінің таралуы 30 000 каспий итбалығының қырылуына соқтырды (А. Ф. Велегжаниннің деректері бойынша)

•1997 г. : Әзірбайжан жағалауы бойынан 6000 каспий итбалығының өлігі табылды («Ecotox» халықаралық ғалымдар тобы өлген итбалықтардың денелерінен хлорорганикалық ластағыш заттардың деңгейін мөлшерлік көрсеткіштермен анықтап, етқоректілердің жаңа оба қоздырғышын тапқан)

•2000-2001 жж. : Қазақстан, Түркменістан, Ресей, Әзірбайжан және Иран жағалауларының бойынан шамамен 30 000 өлі итбалық табылған («Ecotox» халықаралық ғалымдар тобы бұл жағдайда етқоректілердің оба ауруын итбалықтардың қырылуының негізгі себебі деп анықтаған) .

Slide 13

КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАҒАН ШАРАЛАР

Кеме қозғалысының итбалықтарға әсер етуіне жол бермеуге қатысты «Теңіз жұмыстарын жүргізу жөніндегі нұсқауды» енгізу және оның талаптарын сақтау

Кеме жолында итбалықтар шоғырын ерте аңғару мақсатында мұзжарғыш кемелерде инфрақызыл жылу көргіш құрылғыларды (тепловизорларды) пайдалану

. Итбалықтардың мінез-құлқын және кемеге жақын тұста анықталған итбалықтар тобын тіркеу, кеменің капитаны мен экипажын алда байқалған итбалықтар туралы ескерту үшін итбалықтар бойынша арнайы дәріс алған қадағалаушыларды тағайындау және итбалықтардан айналып өтуге болатын тәсілдерді талқыла

Slide 14

«Жабайы жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалудың қажеті жоқ. Қазір қалаған биоалуантүрді генетикалық жолмен жасап, көбейтуге болады» деген пікірмен келісесіздер ме, жоқ па?

Үш дәлел ұсыныңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Генетикалық инженерия: негіздері, тарихы және қолданылуы
Молекулалық-генетикалық әдістер, геномика және гендік инженерия
Гаметалар мен эмбриондарды криоконсервациялау: генетикалық қорды сақтаудың әдістері
Каспий теңізінің географиясы, биоресурстары және экологиялық мәселелері
Генетикалық инженерия және трансгенді ағзалардың медицина мен фармациядағы қолданылуы
Генетикалық инженерия негіздері: әдістер, трансгенез, клондау және гендік терапия
Каспий теңізі: географиясы, биоресурстары және экологиялық мәселелері
Каспий теңізінің табиғи сипаттамасы, ресурстары және экологиялық мәселелері
Қазақстандағы экологиялық апаттар: Семей полигоны, Арал теңізі, Балқаш және Каспий мәселелері
Каспий және Арал теңіздері: физико-географиялық сипаттары мен экологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz