Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары


Slide 1

Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары. Африканың жер бедері, пайдалы қазбалары.

Slide 2

Жоспар:

1. Оңтүстік Американың климаты.

2. Оңтүстік Американың табиғат зоналары.

3. Африканың жер бедері, пайдалы қазбалары.

Slide 3

Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние болігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк пішіні солтүстік жарты шардың Субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбұрышқа ұқсаиды.

Slide 4

Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:

Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен - Амазонка орналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км3, су жинау алабының 7 млн. км2 асады;

Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама - Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады;

Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі - Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м;

Материкте дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау - биәктәгә 6880 м болатын Охос-дель-Саладо жанартауы орналасқан;

Оңтүстік Америка - Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк: жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр;

Slide 5

Шеткі нүктелері:

солтүстікте - Гальинас мүйісі (12° 28′ с. е., 72° 35′ б. б. ), оңтүстікте - Фроуэрд мүйісі (53° 55′ о. е., 71° 18’б. б. ), батыста - Париньяс мүйісі (4° 45′ о. е., 81° 20′ б. б. ), шығыста - Кабу - Бранку мүйісі (7° 9′ о. е., 34°4б’б. б. ) .

Slide 6

Климат қалыпиастырушы факторлар.

Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бірақ ылғалдың көп болуы материкті шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалыптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әрбір климаттық белдеу биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк климатына қоршап жатқан мұхит айдындары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып табылады. Әсіресе Атлант мұхитының әсері күшті. Мұндағы жылы ағыстар ауаны ылғалға қанықтырады да, материкітң шығысытағы жазық бөлігі ылғалды ауа массаларының құрлықта кеңінен таралуына қолайлы жағдай жасайды.

Slide 7

Климаттық белдеулер. Материкті 6 климаттық белдеу кесіп өтеді.

Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойы ауа температурасы +250С-тан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500-мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауын-шашын жыл бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айрықша көбейеді.

Материктегі екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Мұндай климатты ауыспалы ылғалды климат деп атайды. ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С-қа дейінжоғарылайды, қыс айларының өзінде орташа температура +200С-тан төмен түспейді.

Slide 8 Slide 9

Тропиктік климаттық белдеу Бразилия тау үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтаржы алып жатыр. Бұл белдеуде де температура жыл маусымдары бойынша өзгеріп, жазда орташа температура +280С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғары температура (+47 С) байқлған жылдық жауын - шашынның мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік - шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктік ылғалды климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді.

Субтропиктік климаттық белдеу материктің 300 және 400 о. е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С-қа дейін ауытқып отырады.

Slide 10 Slide 11

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары алып жатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей - ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі жағынан жер шарында Амазония ормандарының теңдесі жоқ. Мұндағы қызыл сары ферралитті топырақтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. Орман іші өте ыстық әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді. Сельвастағы ағаштардың биіктігі 80 м - ге дейін жетеді, олар лианалармен тығыз шырмалған, агаш тәрізді папоротниктер мен орхидеялар да көп. Жарықты жапырағымен ұстап қалуына байланысты орман арасында жетіспегендіктен, шептесін өсімдіктер өспейді. Мұндағы ағаштардың аса бағалы түрлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағашы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т. б. жатады.

Slide 12

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі, мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы льянос және Бразилия саваннасы кампос деп ажыратылады. Топырақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақтан қызыл қоңыр топыраққа ауысады. Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады: құрғақ кезенде шөптер құрғап, ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басында жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.

Slide 13

Африка - аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29, 2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30, 3 млн. км2) .

Slide 14

Жер бедері


Ұқсас жұмыстар
Тундра зонасы
Солтүстік Американың табиғат зоналары
Оңтүстік Американың физикалық картасы
Пампа түлкісі
Оңтүстік Американың халқы және елдері
Шөлейт зонасы
Орман зонасы
Солтүстік Американың жер бедері
КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРІ
Шөл зонасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz