Саяси тәрібі



ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Студенттің аты-жөні:Кудайберген Диана Аскарқызы
Оқу тобы:Ф-20-1
Пәні:Саясаттану
Пән мұғалімі:Байкадамова Гульжаухар Махмутовна
Қызылорда қаласы, 2021 жыл

1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні.
2. Мемлекеттің негізгі белгілері мен қызметтері.
3. Құқықтық мемлекет түсінігі.

«Мемлекет» деген атау термин ретінде жаңа заманда-итальяндық қайта өрлеу кезеңінде шықты. Ол алдымен Испанияда орнығып, одан Франция мен Германияға, артынша ХІХ ғасырға дейін бүкіл Европа елдеріне тарап үлгерді. Испаниядағы «мемлекет» ұғымы латынның «состояние» - «қалыпты жағдай» деген сөзден шыққан. Алғашында ол өкімет билігін иеленуші деген мағанада айтылып, бертін келе ол үкімет функциясы ретінде қаралды да ақырында мемлекет ұғымына ауысты.
Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады:
Кең мағынада үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де, «халық», «қоғам», «ел», деген ұғымдарға сәйкес келеді.
Тар мағынада басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарды білдіреді. Саясатта екінші мағынасы пайдаланылады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Қоғамдағы билікті іс жүзіне асырушы орталық институт. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Ceбeбi алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құлиеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, ceбeбi өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді.

Мемлекеттің пайда болу мен мәні жөнінде әр түрлі теориялар бар:
Теологиялық теория. (А. Августин, Ф. Аквинский) мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді.
Патриархтық теория. (Оның негізін салушы XVIII ғ. Өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер) . Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, одан әpi мемлекетке дейін 6ipiryiнен деп санайды. Осыған ұқсас идеяны Аристотель де айтқан.
Қоғамдық келісім теориясы (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Руссо) Тәуелсіз әмірші мен қол астындағы адамдардың келсімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.
«Зорлық жасау» теориясы (Е. Дюринг, Л. Гумпилович, К. Каутский) 6ip елді екінші елдің басып алуы нетижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды.
Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Географиялық теория. (Heгізін салушылар: А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) Мемлекеттің пайда болуын географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамныі саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекеттің негізгі мынадай белгілері болады:
Аумақтық (территориялық) бөліну. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Алғашқы қауымдық қоғамда халық туысқандық жағынан белгілі аумақта мекендейтін.
Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мемлекеттің аумағында тұрған соң міндетті түрде сол елдің азаматы болуы.
Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - iшкі жене сырткы icтерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
Ерекше өкімет аппараты. Таптық қоғам пайда болғаннан кейін, үстем тап өкілдеріне қара халықты бағындыру үшін айрықша өкімет аппараты керек болды.
Салық салу. Мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық жинау.
Ашық күш қолдану, золықпен еріксіз көндіру. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Мысалы: қылмыскерге қолданатын барлық жазаның түрі.

Мемлекеттің ішкі және сыртықы міндетті қызметтері (функциялары) болады.
Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші қызметін атқарады. Экономиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс салық, несие, экономикалық бағдарлама және т. б. арқылы жасайды.
ә) Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халыктың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.
б) Заңдылықты қамтамасыз етеді. (легитимдікті) - оған тәртіп сақтау, қылмысқа қарсы күрес т. б.
в) Мәдени-тәрбиелік салада білім беру, оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту мәселесімен айналысады. Сонымен қатар бюджет саясатын жүзеге асыру, қарулы күштер құруы т. б. мәселелер жатады.
Сыртқы қызметі:
Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.
ә) Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату.
б) Елдің саяси мүддесінің ықпалылығына, ұтымдылығы мен тиімділігіне жағдай жасауМемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Мемлекеттің түpi деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар:
Басқару түpi.
Саяси тәрібі
Мемлекеттік құрылысы

1. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін қөрсетеді. Мемлекет екі түрге бөлінеді: 1) монархия; 2) республика. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өқімет билігі жеке - дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өқімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың білігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Монархияның мұндай түрі ең бірінші Англияда құрылды. Қазіргі заманда конституциялық монархияның құрлысы Бельгия, Голландия, Дания, Испания, Непал, Люксембург, Норвегия, Щвеция және т. б. елдерде бар. Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытта сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламет) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Президенттік басқаруда президент үкімет және мемлекет басшысы болады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны «парламеттік президенті» дейді. Конституция бойынша оған бір құқықтар беріледі, бірақ оларды жүзеге асыру үшін премьер - министр немесе министірлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Ондай президенттің билігі шамалы болады.

Президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Президенттік республикада үкімет президенттің алдында жаупты болады. Президент өзі өкімет басшысы болмаса, премьер - министрді және министірлерді тағайындайды. Ол қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар болады. Президент ішкі және сартқы саясаттың басты бағыттарын айқындайды. Президентте заң шығаруға, бюджетті шешуге өкілдігі болмайды. Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламетке бағынады. Онда заң шығарушы және атқарушы билік парламентке тәуелді болады. Үімет парламенттің алдында жаупты болады. Ол парламенттің төменгі палатасының ең көп орындарына ие болып отырған партияның (партиялардың) лидерлерінен құрылады. Әр елде парламентті әп түрлі атайды:Польша, Финляндия-Сейм, Иран, Турция-Мәжіліс, Швеция-Риксдаг, Франция-Ұлттық жиналыс, Израильде-Кнессет. 2. Мемлекет саяси тәртібі жағынан Демократиялық, антидемократиялық, тоталитарлық, авторитарлық болып бөлінеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz