Қоғам мен жеке тұлға


Slide 1

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Студенттің аты-жөні:Құдайберген Диана

Оқу тобы:Ф-20-1

Пәні:Әлеуметтану

Пән мұғалімі:Ботагөз Арыстанбекқызы

Қызылорда қаласы, 2021 жыл

Slide 2

Қоғам мен жеке тұлға

2. 1. Қоғамның жіктелуі

2. 2. Қоғамдағы жеке адамның ролі

2. 3 Адамның әлеуметтену үдерісі

Slide 3

Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У. Уотсонның моделіне сәйкес қоғам үш таптан тұрады:

Slide 4

Әлемдік тәжірибе демократия мен экономикалық өсімнің қозғаушы күші орта тап екендігін көрсетеді. Бұл тап жеке экономикалық тәуелсіздікке ие әрі жалпы көзқарастарды танытушы бола отырып, қоғамның әлеуметтік тұрақтандырушы қызметін атқарады. Бұл таптың орын ауыстыру, саяси жүйе сипатына әсер ету қабілеті нарық экономикасы, құқықтық мемлекет және демократия бағытында қоғамды тұрақты тұрде жаңалап отырады. Қазақстан және ТМД елдеріндегі демократиялық қайта құрулар орта таптың қалыптасу мәселесін өзекті етіп қойды. Президент Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында орта таптың қалыптасуының төмен болу себебтерін атап, "мемлекет ең алдымен, орта тап өкілдері - фермерлердің "ақ" және "көк" жағалылардың, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның көзқарасын танытуы керек" депкөрсетті. Бұл тапқа енудің талаптарын зерттеушілер былай деп көрсетеді: жоғары табыс, білім, • мәдениет және біліктіліктің жоғары деңгейі, қоғамдағы жоғары талғам. Бірақ ТМД елдерінің өтпелі қоғамында орта таптың потенциалды өкілдерінің қазірше өзіндік экономикалық базасы, экономикалық тәуелсіздігі отыр. Сонымен, қоғам өзінше бір жоғары, орта және төмен қабаттардан құралатын бағытты елестетеді. Олардың әр қабаты өз ішінен кіші қабаттардан құрылуы мүмкін. Қоғамның әлеуметтік құрылымы сөнбеген жағдайда тұр. Онда тұрақты өзгерістер мен даму, индивидтердің топтардың бір орнынан екіншісіне өтуі жұріп жатады. Бұл ұрдіс әлеуметтік байланыс деп аталады. Қазіргі қоғамда орта таптың экономикалық өсу, демократия мен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды факторы. Бұл тұрақты таптың қалыптасуының маңызды арнасы білім болып табылады.

Slide 5 Slide 6

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т. б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабылеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулердің сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым-қатынасында байқалады. Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруіңде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын


Ұқсас жұмыстар
Тарихи тұлғалар
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАСЫ
Акционерлік қоғам туралы
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЖЫМНЫҢ РӨЛІ
Тұлға əлеуметтенуінің негізгі мақсатына
Тұлға әлеуметтік жүйе
Заңды тұлға ұғымы
Өзін өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты
Батыс филрсофиясының негізгі бағыттары
Азаматтық қоғамның қалыптасының теориялық кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz