Тіндік гомеостаз: механизмдер, жүйені қалыптастырушы факторлар және өзгергіштік шектері


Slide 1

Астана Медицина Университеті КеАҚ

Гистология және цитология кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: «Тіндердің гомеостазын қамтамасыз ететін механизмдер, жүйені қалыптастырушы факторлар. Тіндердің өзгергіштік шектері»

Орындаған: Мырзақұл А. Ж.

Топ: 129

Факультет: ЖМ

Қабылдаған: Мухажанова Г. О.

Нұр-сұлтан 2021 жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2. 1. Тіндік гомеостазды қамтамасыз ететін механизмдер

2. 2. Тіндердің жүйе қалыптастырушы факторлары

2. 3. Тіндер өзгергіштігінің шектері

3. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Тін - тарихи даму(филогенез) барысында пайда болған құрылысы, атқаратын қызметі және шығу тегі бойынша ұқсас жасушалар мен жасушалық емес(бейжасушалық) құрылымдар тобы. Шартты түрде, организм бірінің ішінде бірі орналасқан әр түрлі деңгейлі жүйелердің бірігуінен тұрады. Атап айтқанда: организм ағзалар жүйесі ағзалар тіндер субжасушалық деңгей молекулалық-биологиялық деңгей. Бұл деңгейлердің кез келгені бір-бірінен біршама дербес қасиеттерге ие болады. Тін ұғымын алғаш рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н. Грю «Начала анатомии растений» кітабында қолданған болатын.

Тіндер

Slide 4

Негізгі бөлім:

Тіндік гомеостаз тіндердің структуралық-функциялықтұйымының динамикалық тұрақтылығын ұстау, сақтау дегенді білдіреді. Оны тінішілік және тінаралық әрекеттестіктер қамтамасыз етеді. Тіндердегі жасушааралық әрекеттестіктер адгезиялық молекулалардың қатысуымен іске асады. Одан бөлек дистанциялық жасушалар арасындағы химиялық әрекеттестіктердің де рөлі маңызды.

Slide 5

Цитокиндер - жасушалардың пролиферациясы мен дифференциялануын реттейтін, тінспецификалық емес биологиялық активті заттар. Олардың артық н/е жеткізіксіз өндірілуі цитокинпатия деген ауруға ұшыратады. Цитокиндерге жатады:

Интерлейкиндер

Өсу факторлары

Колония ынталандыратын факторлар

Ісік некрозы факторлары

интерферон

Slide 6

Кейлондар - нақтылы бір тіннің кемелденген жасушаларында өндірілетін ж/е аз дифференцияланған камбиалды жасушалардың бөлінуін тежейтін тінспецификалық факторлар. Тінде кемелденген жасушалар саны азайған сайын кейлондардың өндірілуі де төмендейді. Нәтижесінде тін регенерациясы күшейеді. Оған тері эпидермисінің тұрақты қалыңдығын реттейтін механизм мысал бола алады.

Slide 7

Гормондар - эндокриндік бездерде немесе жеке эндокриноциттерде өндіріліп, қанға немесе тіндік сұйықтыққа бөлінетін биологиялық белсенді заттар. Олар нысана-жасушаларға әсер ету арқылы әр түрлі тіндердің өсуі мен функцияларын реттеп, тіндік гомеостазды қамтамасыз етеді.

Slide 8

Нейромедиаторлар - синапстарда(нейронаралық түйіспелер) немесе нейрондардың нерв ұштары мен нысана-жасушалар(бұлшықет элементтері, без жасушалары) арасындағы саңылауларға бөлініп шығып, соңғыларға нерв импульсі берілуін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттар.

Slide 9

Гистогенез процессі үшін тін құрамындағы жасушалар мен олардың көршілес тіндермен өзара байланыстары маңызды.

Тін өз функциясын атқару үшін керек

Жасушалардың интеграциялануы

Жасушалар мен тіндер кооперациясы

Адгезияны қамтамасыз ететін десмосомалар

Тектес жасушалардың дифференциясы

Метаболизмдік-коммуникациялық байланыстар

Саңылаулы контакттар

Индукциялық әрекеттестіктер

Slide 10

Қорытынды

Жалпы адам ағзасы, басқа да тірі организмдерді құраушы негізгі элемент - ол тін болып табылады. Тіндер дегеніміз - белгілі бір қызметтерді атқаратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген құрылысы ұқсас жасушалар мен олардың туындыларының жиынтығы деп түсінеміз. Көп жасушалы организмдер үшін тіннің пайда болуы мен оны құрайтын жасушалардың маманданып, бір-бірімен тығыз әрекеттесіп, одан әрі жетілуі маңызды рөл атқарады. Себебі, жасушалар өзара байланыспаса тұтас ағза құрылып, дұрыс жұмыс атқаруы жүзеге аса алмайды. Онтогенез барысында тіндердің қалыптасуы үшін бірнеше маңызды жасушааралық механизмдер: жасушалардың пролиферациясы, өсуі, миграциясы, дифференциялануы, апоптоз, некроз процесстері, бір-бірімен контактты әрекеттесулері өте қажет.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

С. А. Ажаев, Т. Ж. Үмбетов «Гистология-» 2-бөлім: Жалпы гистология, Түркістан 2010.

studlife. kz сайты

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Тіндердің гомеостазы: механизмдер, жүйені қалыптастырушы факторлар және өзгергіштік шектері
Гомеостаз және стресс: физиологиялық механизмдер мен адаптациялық реакциялар
Өзгергіштік: фенотиптік және генотиптік механизмдер, реакция нормасы, фенокопиялар мен мутациялар
Микроэволюция және түр пайда болуы: механизмдер мен популяциялық өзгергіштік
Мутациялық өзгергіштік: мутациялардың түрлері, мутагендік факторлар және биологиялық маңызы
Канцерогенез және апоптоз: факторлар, механизмдер және алдын алу шаралары
Мутагенез: мутагендік факторлар, олардың әсері және антимутагендік механизмдер
Өзгергіштік және оның түрлері: комбинативтік өзгергіштік, механизмдері мен биологиялық маңызы
Әлемдік нарықтағы баға қалыптастыру: факторлар, механизмдер және сыртқы саудадағы әдістемелер
Тұқымқуалайтын өзгергіштік және ДНҚ репарациясының түрлері мен механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz