Ішастардың функционалдық анатомиясы


Slide 1

Нұр-сұлтан 2021 жыл

Астана Медицина Университеті КеАҚ

Адам анатомиясы кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1. Ішастар туралы жалпы түсінік

2. 2. Ішастардың құрылысы мен қызметтері

2. 3. Ішастар туындылары

3. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Ішастар peritenium, іш қуысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.

Ішастар топографиялық орналасуына қарай париеталды бөлікке peritenium рarietalis және мүшелердің бетін жауып орналасқан мүшелік немесе висцералды бөлікке peritenium viscerale бөлінеді. Ішастардың париеталды және висцеральды бөліктері өзара беттесіп саңылау түрінде орналасқан қуыс, ішастарлық қуысты cavitas peritonei түзеді. Аралығында қозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің қозғалысын жеңілдету ушін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан.

Slide 4 Slide 5

Егер ішастар ағзаны жан-жақты қамтып оны толық жауып жатса(асқазан, аш ішек, соқыр ішек, бауыр, көкбауыр т. б. ) ондай ағзаларды интраперитонеальды орналасқан ағзалар деп аталады.

Ал ағза жан-жақты толық қамтылмай, тек екі-үш жағынан жабылған болса оларды мезоперитонеальды орналасқан деп атайды(тоқ ішектің жоғары және төмен бағытталған бөліктері, несеп қуығы, жатыр т. б. ) .

Сонымен қатар, кейбір ағзалар ішастардан тыс, яғни экстраперитонеальды орналасады (бүйрек, зәрағар, ұйқы безі т. б. ) .

Slide 6

Іш қуысының қабырғалары мен ішастардың аралығында іркілген дәнекер тіндерден және аздаған майлы тіндерден тұратын қабат сірліасты негізі tela subserosa деп аталады. Мысалы: көкеттің тұсында мүлде болмаса, іштің артқы қабырғасының тұсында жақсы дамып, бүйректі, несепағарды және құрсақтық қолқаның дәнекер тіндік қабығын құрап, ішастар артындағы кеңістікті spatium retroperitioneale құрайды. Іш қуысының алдыңғы қабырғасының бойында сірліасты негіз нашар дамығанымен, төменде шатүстілік аймақта, regio pubica едәуір жақсы дамыған.

Slide 7

Сонымен қатар, ішастар іштің алдыңғы қабырғасының ішкі қапталында төменірек кіндіктің тұсында 5 қатпарлы болады:

ортасында орналасқан кіндік қатпарын plica umblicalis mediana

2 жұп кіндік медиальды және латеральды

қатпарларын plicae umblicales mediales et laterales құрайды.

Slide 8

Ішастар қызметі:

Эксудативті қызмет

Резорбтивтік қызмет

Тосқауылдық (барьерлік) қызмет

Пластикалық қызмет

Бактерицидтік қызмет

Slide 9

Шарбы(omentum)

Сол бүйректің ішастары бауырдың қақпасының porta hepatis тұсында, бауырдың артқы ішастарымен беттесіп, асқазанның кіші иінімен lig. hepatogastricum және бауыр-он екі елі ішекке қарай өтіп бауыр-асқазан байламын немесе кіші шарбыны құрайды. Кіші шарбы ол 2 қабатты: бауыр-асқазан және бауыр-он екі елі ішек байламдарынан тұрады. Аралығында май қатпары орналасқандықтан шарбы деп аталады.

Асқазанның алдыңғы және артқы ішастарлық қабықшасы асқазанның үлкен иінінің тұсында бірігіп кіндікке қарай бағыт алады. Бұл 2 қабатты ішастар қабықшасы кіндікке жетпей бүктеліп 4 қабатты үлкен шарбыны құрап, кері бағытта ұйқыбезге қарай бағыт алып ұйқыбездің алдыңғы бетін эксперитонеальды жағдайда жауып жоғарылаған және төмендеген табақшаларға айырылып, іш қуысы ішастардың париетальды бөлігіне жалғасады. Үлкен шарбы бүктеліп, алжапқыш тәрізденіп асқазан мен тоқ ішектің көлдннең жиек ішегінің аралығында орналасқан 4 қабатты ішастар.

Slide 10

Қаптар(bursa)

Топографиялық орналасуына байланысты бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы және асқазаналды қапқа бөлінеді. Бауыр қабы bursa hepaticа, жоғарғы қабырғасы - көкетпен, медиальды қабырғасы - ішастардың орақтәрізді байламымен lig. falciforme, артқы қабырғасы -тәждік байламмен lig. coronarium, шектеледі. Құрамында бауырдың оң жақ үлесі.

Асқазанның қабы bursa pregastrica, бауырдың орақ тәрізді байламымының lig. falciforme hepatis, сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол жақ үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбезі.

Шарбы қабы bursa omentalis, жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы кіші шарбы мен асқазанның артқы беті, жоғарғы қабырғасы бауырдың құйрықты үлесі lobus caudatus, төменгі қабырғасы улкен шарбының артқы беті мен тоқ ішіектің көлденең жиек ішек шажырқайы mesocolon transversum, артқы қабырғасы іш қусының артқы қабырғасын, сол бүйректі безін, ұйқыбезді жауып орналасады. Сөйтіп париеталды табақ құрайды.

Slide 11

Қорытынды

Ішастар дегеніміз - өте жұқа, полигональды мезотелиймен жабылған дәнекер тіннен құралған жабынды. Ішастардың екі жапырақшасы болады. Біріншісі іш қуысының барлық қабырғаларын жабынды ретінде жауып, оның шекарасын шектейді. Оны париетальды жапырақша деп атайды. Екіншісі іш қуысында орналасқан ағзалардың сыртқы қабатын құрайтын жабынды. Ол висцеральды жапырақша деп аталады. Сонымен қатар, ішастар өзінің топографиялық орналасуына қарай қаптар, шарбылар, шажырқайлар құрайды. Ішастардың маңызы өте үлкен, себебі ол құрсақ қуысында орналасқан өмірлік ең керекті ағзаларды, яғни асқазан, ішектер, бауыр, көкбауыр, ұйқыбез т. б. қорғап тұрады.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер

1. “Адам анатомиясы” А. Рақышев, Алматы, 2009ж. 2. “Адам анатомиясы” атлас 2-том Аубакиров, Алматы, 2009ж 3. “Атлас анатомии человека” 3-том Р. Д. Синельников, Я. Р. Синельников. Москва-1996г. 4. “Хирургиялық аурулар” Н. А. Ақатаев, Қ. Қ. Сабыр, Ақтөбе-2011ж

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ішастар туындылары
Эндокриндік бездер
Алдыңғы ішперде қабырғасының анатомиялық құрылымы
Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау
Маңдай үлесіндегі қыртыста орналасқан, функциональды орталықтар
ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТТІҢ КЛИНИКАСЫ
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Ерекшеліктеріне байланысты қылтамырлардың бөлінуі
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz