Ұлы Отан соғысы (1941-1945) және Қазақстанның майданға қосқан үлесі


Slide 1

Ұлы Отан соғысы және Қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі

Дайындаған: МЕК-204 тобының студенті Зинуллина Нұрайна Нартайқызы

Slide 2

Ұлы Отан соғысы (1941-1945) - Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

Slide 3

Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:

Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы - 1944 тамыздың 9-ы)

Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы - 1942 сәуірдің 20-сы)

Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі - 1943 ақпанның 2-сі)

Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі - тамыздың 23-і) :

Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы - мамырдың 8-і)

Slide 4

Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі

КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6, 2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды. Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам "Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды. Панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлынан (11 желтоқсан 1991) соң бұл атақ ешкімге берілген жоқ.

Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды.

Slide 5

Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет еткендер

Б. Момышұлы

Т. Бигилдинов

М. Мәметова

Ә. Молдағұлова

Р. Қошқарбаев

Ж. Елеусізов

Slide 6

Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова да бар

Ал Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін "Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы "Халық қаһарманы" атанды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 000 офицер дайындап шығарған.

Slide 7

Ешкім де, ешнәрсе де ұмыт болмайды

Қаладағы Ұлы Отан соғысы мен оның батырларына арналған ескерткіштер - бүгінгі ұрпақтың батырларға құрметінің белгісі. "Мәңгілік алау" - соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от.

Дакқ монументі

Панфилов ескерткіші

Әлия мен Мәншүк мүсіні

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы (1941-1945): Қазақстанның қатысуы, батырлары және естелік мұрасы
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі мен шығыны (1941-1945)
Ұлы Отан соғысы: Қазақстанның үлесі мен батырлары
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстанның майдандық, тылдық және экономикалық рөлі
Ұлы Отан соғысы: Қазақстанның үлесі мен қаһармандары
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі мен қаһармандары
9 мамыр - Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы қатысуы мен ерлігі (1941-1945)
1941-1945 жылдардағы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі мен ерлігі
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы үлесі мен батырлары
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі: әскери ерлік пен экономикалық қамтамасыз ету (1941-1945)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz