Темірбек Жүргенов - тарихи тұлға, қоғам қайраткері
Презентация қосу
Темірбек Жүргенов – тарихи
тұлға, қоғам қайраткері
Дайындаған: МЕК-204 тобының студенті
Зинуллина Нұрайна Нартайқызы
Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898, Қызылорда
облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап — 25
ақпан 1938, Алматы) —Қазақстандағы
мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты
ұйымдастырушыларының бірі мемлекет
қайраткері. Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі
тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына
мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға,
аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі
саналады.
"Темірбек Жүргенов - Қазақстандағы тұңғыш
озық мәдениет революциясының бас
жасампазы, асқан дарынды кемеңгер мемлекет
қайраткері»
Жүргенов өміріндегі маңызды оқиғалар
1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп
қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік
қозғалыстарына қатысады.
1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді
1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне
тағайындалған.
1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат
және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды
1921 - 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.
1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады.
1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары
1930 –33 ж Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары
1933 -37 ж Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды.
1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
Тұғыры биік тұлғаның
отбасы
Темірбек бай отбасынан шыққан. Әкесі — Қара, шын аты —
Сырлыбай Жүргенұлы 1858 жылы Қаракөл Қуаңдария болыстығында
дүниеге келген. Ол мал шаруашылығымен айналысқан. Бірнеше жыл
болыс болған кісі. Қарадан 7 ұл,1 қыз қалған. Әкесінің үш әйелі
болған.
Темірбек 1927 жылы Әлімхан Ермековтің қызы Дәмеш екеуі
Ташкентте отау құрады.
Дәметкен Жүргенова, Темірбек Жүргеновтың жары Темірбек пен
Дәметкен үйленіп, Темірбекті 1937 жылдың тамызында ұстап әкеткен
күнге дейін, 10 жыл бірге бақытты ғұмыр кешеді. Жүргенов сүйікті
әйелі мен кішкентай ұлының жанында бақытты еді. Өз аузынан түсіп
қалғандай ұлына Темірбек қаншалықты жұмысбасты болса да, көп
уақыт бөлуге тырысатын. Алайда, Алматыға келген жылы қайтыс
болыпты. Оның артынан ұрпақ қалмады.
Темірбек туралы жылы
естелік:
«Ол бүкіл кешті менімен өткізді, ол сүйкімді,
сыпайы және өте көп оқыған адамның әсерін
қалдырды. Әріқарай оның менімен кездесуді
іздейтіні сезілетін. Кейде ол кешкі сабақтарға
келіп, мені үйге шығарып салатын, театрға,
киноға шақыратын. Мен қорқып,
бармайтынмын. Кейде ол мені өз
университеті профессорларының
диспуттарына, лекцияларына шақыратын.
Оларға қуана баратынмын. Ал Темірбек әр
кездескен сайын тек профессорлары,
университет өмірі жайлы және ең бастысы
жаңа өмір туралы, ағымдағы саясат туралы
Дәметкен Жүргенова айтатын. Ол тіпті, біз Жердің алтыдан бір
бөлігінде социализм құру керекпіз деп
айтатын» Дәметкен Жүргенова
Шығармашылығы
КСРО мен Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық
жағынан аудандарға бөлу проблемасы, Қ.-О., 1927;
Политэкономия, Қ.-О., 1928;
Қазақ педагогикалық институтының бір жылғы жұмысы,
Таш., 1928;
Мектептің түп кемшілігін кетіру үшін күрес, Таш., 1933;
Қазақстанда мәдениет революциясы, А., 1935;
Қазақтың халық ақындары, М., 1936;
Қазақстанда сауатсыздықты жою жұмысы туралы, А.,
1936.
Жүргенов құрметіне:
Өзі құрған Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына
1993 жылы Темірбек Жүргеновтің есімі берілді. Сондай-ақ,
Алматы, Қызылорда қалаларында, Ақтөбе облысының Ырғыз
ауданы мен Қызылорда облысының Жалағаш аудандарында
Т.Жүргенов есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар.
1998 жылы Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде
аталып өтті.
Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.
2008 жылы 14-15 қарашасында туған жері Қызылорда, алғаш
қызметін бастаған Ақтөбе облыстарында қайраткер-
қаламгердің 110-жылдығы жоғары деңгейде аталып өтілді.
Ер есімі ел есінде
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 4 том. – Алматы:
1988
Қазақ шежіресі – 2 том
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz