Қазақ тілінің лексикологиясы



ҚМУ, Өзбек филологиясы факульеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
Пән:Фразеология
(2-курс)
оқытушы:Адилова Г. А.

Ж о с п а р ы :
1. Адам ойында қорытылған құбылыстар негізінде пайда болған фразеологизмдер.
2. Өлшемдік ұғымдар негізінде пайда болған фразеологизмдер.
3. Діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысты шыққан фразеологизмдер.
4. Тарихи оқиғалар негізінде пайда болған фразеологизмдер.
Фразеологизмдердің шығу арналары

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер жасалуына себеп болған басты құбылыстар: адам ойында қорытылған құбылыстар, өлшемдік ұғымдар, діни ұғымдар, аңыздар мен тарихи оқиғалар негізінде пайда болған фразеологизмдер.
Тірек сөздер:

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы. 1988ж
2. Ә. Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы. 1998ж.
3. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы. 1993ж.
4. Ә. Хасенов. Тіл білімі. Алматы. 1996ж.
5. К. Аханов. Қазақ тілі лексикасының мәселелері. Алматы. 1999.
6. Адилова Г. Фразеология. Нөкіс 2008ж.
Интернет, Зиёнет сайттары:
http://www. ziyonet. uz/
http://www. edu. uz/;
http://www. cheloveknauka. ru

Фразеологизмдерге тән басты белгілер:
1. Даяр қалпында
жұмсалу
2. Мағына тұтастығы
3. Тіркес тиянақтылығы

Мысалы, жауыр болды деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға байланысты айтылады. Арс етті деген фразеологизмнің негізінде иттің қарсылық білдіріп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған. От ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен.
1. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған.

2. Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік
ұғымдардың негізінде пайда болған.
а) уақыт, мерзім
өлшемдері
ә) көлем өлшемдері
б) ұзындық, қалыңдық,
тереңдік өлшемдері

а) уақыт, мерзім өлшемдері:
күн шыға, сәске түсте, тапа тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, тауық шақырғанда, таң ата, ала жаздай, қыс бойы, ақ қар, көк мұзда, соғым сойып жатқанда т. б.

бір топ жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір қоспақ түйе, бір табын сиыр, бір желі құлын, бір мая шөп, бір ұрттам су, бір киер киім, бір түйір дән, бір асым ет, бір шайлық сүт, бір тілім нан, бір қайнатым шай, бір қарын май, бір қап астық, жер қайысқан қол, мидай дала т. б.
ә) көлем өлшемдері

бір елі, сала құлаш жіп, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шаптырым, оқ бойы, иек асты, түстік жер, есік пен төрдей, аспан мен жердей, бір сүйем, бір құшақ т. б.
б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері:
б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері:

Мысалы: ант су ішті, аруақ атсын, бата оқыды, дін мұсылман ағайын, діні қатты, жазмыштан озмыш жоқ, жан тапсырды, жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заман ақыр, қыл көпір, зәмзәм суы, зікір салды, иманды адам, иман жүзді, иманы жолдас болсын, құран сөзіндей, құрбан шалды, маңдайға жазды, намазы қаза болды, неке суын ішті, некесін қиды, талақ етті, пайғамбардың жасына келген, періштенің құлағына шалынсын, пітір берді, дем салды, атастырып қойды, бесік құда т. б.
3. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысты жасалған.

Мысалы: қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы, ердің құны, нардың пұлы, есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, ер кезегі үшке дейін, жеті атасынан қара көк, шынжыр балақ, шұбар төс, ат-шапан айып, ақ сүтін көкке сауды, теріс батасын берді, қой үстінде боз торғай жұмыртқалады, қара жер хабар бермесін, отқа май құйды, жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбауын көтерді, қол жаулық т. б.
4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған.

Тест:
1. Фразеологизмдерге тән басты белгілер қай катарда берілген?
А) Даяр қалпында жұмсалу; В) Мағына тұтастыгы
С) Тіркес тиянактылығы; D) Жоғарыдағылардын барі
2. Ат-тонын ала қашты, аягынан тік турды, беті бері карады, жатып ішер деген фразеологизмдер калай жасалган?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz