Балалардағы пиелонефрит



Балалардағы пиелонефрит

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Несеп-жыныс жүйесі.
Бүйрек.
Пиелонефрит.
Этиологиясы.
Балалардағы пиелонефритті дамытушы қауіпті факторлар.
Даму механизмі.
Классификация.
Клиникасы.
Диагностика.
Емі .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Негізгі бөлім
Несеп-жыныс жүйесі, systema urogenitale несеп ағзаларын, organa urinaria, жыныс ағзаларын, organa genitalia, біріктіреді.
Несеп-жыныс жүйесі, organa urinaria, біріншіден, екі безден (бүйректер, олардың экскреті-несеп) және екіншіден, несепті жинап шығаруға арналған ағзалардан (несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзек) тұрады.

Бүйрек
Бүйрек - Зәр түзе отырып, қаннан шығатын
бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен
орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше.
Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз. Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.

Бүйрек - адам мен омыртқалы жануарлар организмінде несеп түзетін және оны шығаратын жұп орган. Ересек адамда әрбір бүйректің салмағы 120-200 г-дай, ұзындығы 10-12 см, ені 5-6 см, қалыңд. 3-4 см-дей болады. Бүйрек іш қуысында, омыртқа бағанасының екі жағында - соңғы кеуде омыртқасы және жоғ. бел омыртқа тұсында орналасады. Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйрекке артерия мен жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс - бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары - милы заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 - 15 үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігі нефрон деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп бүйрек қойнауындағы 8 - 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп, бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де, қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.

Пиелонефрит
Пиелонефрит - бүйректің және бүйрек түбегінің көбінесе интерстициялық талшығының қабынуы. Бұл - бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
Балалардың алғашқы 5 жасқа дейінгі өмірінде пиелонефрит ауруы 3-4 рет кездеседі. Ер балаларға қарағанда қыз балаларда пиелонефрит жиі кездеседі, оның себебі қыз балалардың зәр шығару жуйесінің анатомиялық және физиологиялық орналасу ерекшеліктеріне байланысты.

Этиологиясы
Балаларда пиелонефриттің дамуына ең басты себепкер ішек таяқшасы болып табылады. Бактериологиялық зерттеу кезінде көк ірің таяқшасы, алтын түсті стафилококк, стрептококктар, энтерококктар, протей таяқшалары, грамм теріс және грамм оң микроорганизмдер қоздыратыны анықталған.

1. Баланың бүйрегі мен зәр шығару жолдарының ақаулары - бүйрек түбектерінің салыстырмалы түрде кеңдігі, несеп ағарларының түзу еместігі, зәр шығару каналының қысқа, кеңдігі.
2. Баланың қорғаныш күштерінің төмендігі, әсіресе фондық аурулары бар балаларда.
3. Бүйректің және зәр шығару жолдарының туа пайда болған ақаулары.
Балалардағы пиелонефритті дамытушы қауіпті факторлар

Даму механизмі.
Пиелонефрит ауруында инфекция бала организміне 3 түрлі жолмен өтеді:
v Гематогендік жолмен - әртүрлі ірің ошақтарынан немесе қабыну ошақтарынан қан арқылы өту;
v Лимфогендік жолмен - ірің ошақтарынан лимфа арқылы өту;
v Уриногендік жолмен - зәр шығару жолдары арқылы төменнен жоғары қарай тарау.

Классификация
Педиатрияда пиелонефриттің негізгі 2 түрін ажыратады біріншілікті және екіншілікті деп ажыратады. Біріншілікті пиелонефритте патологиялық процесс буйрек тіндерінде болады. Екіншіліктіде организмде басқада қабынулық процесстерден дамиды және өз кезегінде обструктивті және обструктивті емес болып бөлінеді.
Аурудың ағымы бойынша жедел және созылмалы болып бөлінеді.

Клиникасы.
Пиелонефрит ағымы бойынша өткір (6 айға дейін), қайталанғыш және жасырын түрде өтеді. Жедел пиелонефриттің клиникалық белгілері жедел дене қызуы көтерілуден, интоксикациядан басталады. Одан кейін диспепсиялық, дизуриялық белгілер қосылады: баланың іші ауырып, құсады, жиі дәретке отырады, кейде кіші дәретін ұстай алмау байқалады (шыжың-энурез) . Баланың іші, белі ашып ауырады, Пастернацкий белгісі оң нәтиже көрсетеді. Зәрдің жалпы тексерісінде өзгерістер пайда болады: зәрдің мөлдірлігі төмендейді, көп мөлшерде эпителий клеткалары, лейкоциттер - лейкоцитурия, бактериурия, гематурия анықталады. Қанда лейкоцитоз, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) артады, қаназдық (анемия) .

Клиникасы.
Пиелонефриттің қайталанғыш түрінде баланың жалпы жағдайы көп уақытқа дейін өзгермейді, қайталану (рецидив) кезінде: температура көтеріледі, баланың жалпы жағдайы бұзылады, белі, іші ашып ауырады, зәрде лейкоцитурия анықталады. Ауру жиі қайталана берсе бүйрек қызметінің бұзылуына, бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Пиелонефриттің жасырын (латентті) түрінде баланың жалпы жағдайы өзгермейді, ұзақ уақытқа дейін ауру білінбей жүреді, тек бала басқа аурулармен ауырған кезде барып дизуриялық белгілер және зәрде өзгерістер анықталады. Осы кезде сұрастыра келе баладан тез шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, кейде субфебрильді температура, ауық-ауық іші ауыратынын анықтауға болады.

Диагностика
Жалпы қан талдауы: Лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы;
Жаплпы зәр анализі: Зәрдің сілтілі реакция көрсетуі (рН 6, 2-6, 9), себебі бактериялар өмір сүргендегі әртүрлі заттарды бөлуі, сонымен қатар бүйрек каналшаларының сутегі ионын экскрециялауының бұзылуы нәтижесінде
Нечипоренко бойынша зәр талдауы: Лейкоциттердің мөлшері жоғарылап, эритроциттерден көп болуы; Зимницкий бойынша зәр талдауы: Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі, түнгі диурездің көбеюі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz