Тұрғын халықтың ұдайы өсіп - өну географиясы




Презентация қосу
Тұрғын халықтың
ұдайы өсіп-өну
географиясы
Халықтар географиясы экономикалық
және әлеуметтік географияның жақсы
дамыған басты тармақтарының бірі
болып отыр. Халықтар географиясы мен
этнографияның жапсарында этнография
пайда болды. Сонымен қатар халықтар
географиясы демографиямен, сондай -
ақ этнографиямен, социология және
басқа да көптеген ғылымдармен
барынша тығыз байланысты сақтап
отыр.
Халықтар географиясындағы
нысандарды зерттейтін ғылымдар:

• Демография – халықтың ұдайы өсуінің
заңдылықтары, халықтың санының,
табиғи өсу, жасы мен жыныстық
құрамын зерттейді.
• Этнография – белгілі бір халықтар
тобының шығу тегін, мәдениеті мен
тұрмысын зерттейді.
• Антропология – адамның шығу тегі мен
даму ерекшеліктерін зерттейді.
«Халық санағы» ұғымы туралы
энциклопедияларда былай деп жазылған:
«белгілі бір уақытқа елдің барлық
тұлғаларына немесе нақты шектелген
бөлігіне қатысты демографиялық,
экономикалық және әлеуметтік деректерді
бірыңғай жинау, жалпылау, талдау және
жариялау процесі. Халық санағы ұғымына
сонымен бірге кейде мәліметтерді
жинақтау, өңдеу және жариялау
процестерін де қосады»
Алғашқы халықты санауға деген қажеттілік
құл иеленушілік құрылыста туды
• — Ең тұңғыш халық санағы–Ежелгі Қытайда,Мысыр
жерінде б.з.д.III ғ.
• — Орталық Азияда – Согдиана мемлекеті – б.з.д VIIIғ.
• — Киев Русі — XI ғ.
• —Мәскеуде – XV ғ.
• —Аустрия – Венгрия, Скандинавия, АҚШ – XVIIIғ.
• —Еуропалықелдер, Ресейимпериясы, Үндістан мен
ЛатынАмерикасында — XIX ғ.
• — 1850 ж дүниежүзіхалқының 15 %
• —Барлықелдерде – XX ғ. 1900 ж ДЖхалқының 50 %
• — Азия елдері – 1945 ж.
• — Африка елдері – 1950 ж.
• — 1950ж дүниежүзіхалқының 80% қамтылады
• —Ауғанстан – 1979 ж.
• — Оман – 1993 ж.
• XIX ғ басынан бері дүние жүзі халқының
санының өте тез өсуде. Географтар мен
демографтар өз жұмыстарында халық
санағынын деректерін кеңінен пайдаланды.
XIX ғ басында дүние жүзінде 2 мыңнан астам
санақ өтті. Қазіргі кезде дамыған елдерде 5 -10
жылда бір рет өтеді.
• Халықтың жедел өсуі жаңа тарих кезеңінде
ғана басталды. Дүние жүзі халқының саны
1950 жылы 2,5 млрд - қа, ол 1987 жылы - 5
млрд адамға жетті. 1990 жылы 5 млрд 292 млн.
2000 жылы 6 млрд 250 млн адамға өсті. Жер
шары халқының жыл сайынғы абсолют өсуі. XX
ғасырдың басында 10-15 млн адам, ғасырдың
ортасында 40-50 млн адам, ғасырдың соңында
90 млн адамға дейін жетті.
• Халықтың ұдайы өсуі. Халық табиғатпен
(географиялық ортамен) үнемі әрекеттесе отырып
оны қайта түлетуге белсенді роль атқарады. Сонымен
бірге, халық жасалатын бүкіл материалдық
игіліктердің басты тұтынушысы болып табылады.
Адам ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын
қамтамасыз ететін туу, өлу және табиғи өсу
процестерінің жиынтығын халықтың өсуі (табиғи
қозғалысы) деп айтады.
• Туу, өлу халықтың табиғи өсуі – тегінде биологиялық
процестер. Бірақ соған қарамастан, оларға адам
өмірінің әлеуметтік - экономикалық жағдайлары,
сондай – ақ адамдардың қоғамдағы және
отбасындағы өзара қарым -қатынастары шешуші
әсерін тигізеді. Ал өлім деңгейі көбінесеадамдардың
- тамақтануға, еңбегі мен тұрмысына, санитарлық -
гигиеналық жағдайына, денсаулық сақтау ісінің
дамуына байланысты.
— ХХ ғасырдыңсоңынақарайжер шары
халқытүгеліменхалықсанағынақамтылған

• Қазақстантарихында 1897 — 2009
жыларалығында 11 ретхалықсанағыөткізілген
• — 1897 ж-Қазақстандағыхалықсанағы –
• 4 млн 147 мың
• 1926ж — 6 млн 196 мыңадам
• — 1937 ж – 5 млн 126 мың
• — 1959 ж – 9 млн 310 мың
• — 1970 ж – 13 млн 8 мың
• — 1979 ж – 14 млн 684 мың
• — 1989 ж – 16 млн 464 мың
• — 1999 ж – 14 млн 953 мың
• — 2009 ж – 16 млнастам
• — 2010 ж – 16 млн 402 мың
Тұрғын халықтардың этникалық ( ұлттық ) құрамы

Бүкіл дүние жүзінде барлығы 3-4 мың халық немесе
этнос бар (этнос-грек тілінен - топ, тайпа, қоғам,
халық). Халықтың тіліне қарай жіктеу олардың
туыстық принципіне сүйенеді. Мұндак туыстық
әрекетте бірнеше тілдің бір ата тілден шығуыш
байланысты. Ежелгі Рим мен ол бағындырған
елдерге таралған латын тілі Оңт.Еуропада пайда
болған роман тілдері үшін осындағы төркін тілге
айналды. Ежелгі орыс тілі Шығ.славяндардың
тілдер үшін ана тілі болды. Осылардың ішіндегі ең
көп тарағаны Үнді -Еуропа тілдері.
• Діни құрамы: Дүние жүілік дін. Таралуы мен
алатын орнына қарай барлық дін дүниежүзілік
ұлттық дінге бөлінеді. Діндердің ішіндегі ең көп
тарағаны – 1) Христиан діні ( католик,
протестанттық, православиалық) Европада,
Америка мен Австрияда тұратын 1 млрд адам
ұстайды. 2)Ислам (Мұсылман діні) діні, Азия,
Африкада орналасқан елдер ұстайды. 3) Үшінші
орында Орталық және Шығ.Азияда тараған
Буддизм және басқа да көптеген діндер
тараған.
• Діни қарама-қайшылықтар көбіне нәсілдік
және ұлттық қарама-қайшылықтарға ұштасып,
ұзаққа созылатын «шиеленісті нұктелердің»
пайдалануына әкеліп соғады.
• Халықтардың қоныстануы. Халықтардың
орналасуы мен көшіп - қонуы, тығыздығы. Жер
шарында халықтар мейлінше әр түрлі орналасқан.
Адам мекендейтін құрлықтың жартысына жуығында
халықтың орташа орналасқан тығыздығы 1 шаршы
шақырымға 5 адамнан келеді. Жалпы игерілмеген
жерлер құрлық территориясының 15% алып жатыр,
Тұрғындардың 100% -інің 80% теңіз деңгейінен 500
метр биіктікке орналасқан ойпаттар мен жазықтарда
тұрады. Оңт.Азияда 1 км2 200 адамнан 1500 - 2000
адамға дейін қоныстанған.
• Қала халқы. Қалалардың көпшілігі ірі өзендер Ніл,
Ганг, Ефрат. т.б. өзен бойларына орналасқанын
білеміз. Бұлар арқылы сауда. әскери бекіністер,
қолөнер орталықтары болған. Қазіргі кезде
қалалардың жалпы саны ондаган мың болып
есептелді. Қалалар барған сайын әкономикасының
дамуы орын алып келеді.(Урбандалу - қаланың өсуі).
• Генеологиялық (қандас туысқандық) жағынан
тілді топтау, бір тілмен екінші тілдің туысқандық
байланыстарын көрсетіп қана қоймай, бір
халықпенен екінші халық арасындағы туысқандық
жақындығын көрсететін белгілердің бірі. Тілдің
генеологиялық жағынан жақындығы халықтың шығу
тегін зерттеуге, әтнографияға негізгі көмекші құрал
бола алады. Мысалы, орыс және украин тілдері бір -
біріне жақын болса, қазақ, ноғай тілдері бір - біріне
өте ұқсас және ешқандай қиындықсыз түсіне алады.
Орыс және неміс тілдері бір - бірінен өте алшақ.
• Тілдің ұқсастықтарына қарай, тамырдың
біртектіктеріне қарай дүниежүзі 2 мыңнан астам
тілдерді бірнеше тіл семьясына бөледі. Олардың бір -
бірімен тамырластығыжақындау тілдерді тамырлас,
туыстас тілдер деп атаса, бір - біріне жақын тілдерді
бөліктерге, тармақтарға жіктейді.
дүниежүзіндегі халықтың тілдері 10 семьяға
бөлінеді:
• 1. Үнді-европалық; Оңт.Азиядан бастап Европаға
дейінгіжерлерді мекендеуші халықтың тілдері жатады. Одан
басқа үнді-европа тілдерінде сөйлейтін халықтар Америка,
Оңт.Африка,Австралия және мұхит құрлықтарындағы аралға
тән.
• Семит-Хамит: Солт.Африка, Оңт.Бат.Азияны мекендеуші
халықтар тілдері жатады.
• Орал - Алтай: Угро - финн және Алтай деп 2 - ге бөледі.а)
Угро-финн тілінде сөйлеушілер Еділ өзенінің жоғарғы
ағысынамекендеушілер және Венгрия мен Финляндия, Обь
өзенінің төменгі жағына дейінгі жерлерді жайлаған
халықтар.б) Алтайтілінде сөйлеушілер Кіші Азияда Балқан
жарты аралында,Якутияға дейінгі жерлерде тұратын халықтар
сөйледі. ЯғниОрталық Азия, Еділ бойының, Оңт.Сібірдің кейбір
халықтарыосы тілде сөйлейді. Соған байланысты бұл тілді 3
топқабөледі:1) түрік 2)монғол 3) тунгус (манчжур). Тунгус
тіліндесөйлеуші кішігірім Азия халықтарына манчжурлар,
эвендіктер,тунгустар, чукчалар т.б. жатады.
Назарларынызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Тұрғын халықтың ұдайы өсіп - өну географиясы және оның заңдылықтары
Әлеуметтік инфрақұрылым және оның салалары
Демография ғылымы туралы түсінік
Несие нарығы. Ипотекалық несие проблемасы
Астана –тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы!
Өсімдік географиясы
Инфрақұрылым түрлері
Инфрақұрылым түсінігі
VІ-ІХ ғасырдағы қалалық мәдениет
Қара нәсіл өкілдері
Пәндер