Солтүстік Американың жер бедері


Slide 1

Евразия мен Солтұстік Американың жер бедеріне, пайдалы қазбаларына, өсімдігі мен топырақ жамылғысына, органикалық дүниесіне салыстырмалы сипаттама

Slide 2

Еуразияның жер бедері алуан түрлі.

Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м - ден жоғары. Олардың 11 - і Гималай тауларыңда орналасқан, ең биігі - Джомолунгма (Эверест) - 8848 м. Таулардың аралығын кең - байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі, биіктік ауытқуларының зор болуы теңіз деңгейінен ең темен жатқан Өлі теңіз ( - 403 м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251 м - ге жетеді.

Slide 3

Еуразия литосфералық тақтасы

Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері материктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты. Материктің негізін қалайтын Еуразия литосфералық тақтасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең ежелгілері: Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір - бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайды. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары (Арабия мен Үндістан платформалары) соқтығысты.

Slide 4 Slide 5

Еуразия литосфералық тақтасының соқтығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді. Соның нәтижесінде аса биік, құрылымы күрделі Кавказ, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында Тынық мұхиттық тақта Еуразия тактасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттықтерең шұңғымалар түзілді. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

Slide 6

Жер бедерінің негізгі түрлері Еуропа мен Азияның жер бедері бір - бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғырланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ірі жазықтардың бірі - Шығыс Еуропа жазығы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпаттары алып жатыр. Скандинавия, Орта Еуропаның аласа таулары және Орал Еуропаның аласа таулы бөлігін құрайды. Бұл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерде сыртқы күштер әсерінен күштіугілуге ұшырап, аласарған. Альпі - Гималай геосинклинальдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын құрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мұз басумен байланысты мұндай жер бедері Альпілік жер бедері деп аталады.

Slide 7 Slide 8

Азияның 3/4 бөлігін таулы үстірттер, таулы қыраттар және тау жоталары алып жатыр. Жазықтар (Тұран, Батыс Сібір, Солтүстік Сібір, Яна - Индигирка, Колыма ойпаттары, Орта Сібір таулы үстірті), негізінен, солтүстікте шоғырланған. Бұл жазықтардың оңтүстігінде Алтай, Саян, Байқал маңы таулары, Солтүстік - Шығыс Сібір таулары, Жоғарғы Яна (Верхоян), Черский жоталары мен Коряк және Чукот таулы қыраттары, Амур бойы мен Қиыр Шығыс таулары (Бурея, Сихотэ - Алинь және т. б. ) және Биік Азия (Тянь - Шань, Памир, Гиндукуш, Қарақорым, Кунь - Лунь, Тибет, Гималай) таулары орналасқан. Оған батыстан Кіші Азия түбегінің таулары, Кавказ таулары мен Иран таулы қыраты келіп жалғасады. Бұл таулы белдеудің оңтүстігі Аравия, Үндістан, Үндіқытай түбегінің таулы үстірттері мен жазықтарына, шығысқа қарай Ұлы Қытай жазығына ұласады. Биік Азияның орталық бөлігінде ойыстар, көтеріңкі жазықтар мен биік үстірттер орналасқан.

Slide 9 Slide 10

Еуразия пайдалы қазбаларға бай болып келеді. Пайдалы қазбаларды 2-ге бөледі.

Магмалық пайдалы қазбалар - Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі.

Шөгінді пайдалы қазбалар - теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған.

Slide 11

Шөгінді пайдалы қазбалар

Магмалық пайдалы қазбалар

Темір -Үндістанда, Қытайдың солүстік-шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы), Скандинавия түбегінде орналасқан.

Асыл тастар- сапфир, рубин - Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында .

Мұнай мен газ - Парсы шығанағы, Солтүстік және Жерорта теңіздері, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпатында, Каспий теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында кездеседі.

Тас көмір - Еуропада- Уэлс, Жоғарғы Силезия, Рур және Донец, Кузнец, қарағанды алаптары.

Фосфорит- Қаратау тауы,

Алюминий - Қазақстанда, Ұлы қытай жазығында, Альпіде

Slide 12

Солтүстік Американың жер бедері

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктін, жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесіңде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде, бұл белікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзои шыганағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан, мұнда ойпаттар тараған.

Slide 13

Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренлаңдия аралы мен Лабрадор түбегінде жер бетіне шығып жатыр. Ежелгі платформаның осы белігі Канада қалқаны деп аталады. Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігін Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейтін кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр. Ұлы жазық таудан басталатын өзен аңғарларымен күшті тілімденген. Материктің 40° с. е. дейінгі солтүстік бөлігін бірнеше рет жаппай мұз басқандықтан, жер бедерінде мұздықтардың әрекетінен пайда болған үлкен жартастар, «қой маңдай» тастар, мұздықтар қазған қазаншұңқырлар көп кездеседі.

Slide 14

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық тектоникалық көлдер жүйесі бір - бірімен қысқа өзендер жүйесі арқылы жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстармен (мореналар) жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы Аппалач таулары жатады.

Slide 15 Slide 16

Материктің батыс бөлігін бойлай жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір - бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. Сьерра испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да, Сьерра - Невада, Сьерра - Мадре жоталарындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алқапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары
Солтүстік Американың табиғат зоналары
Анд тауларында
Американың климаты
Тундра зонасы
Континентальды ауа райы
Тау жыныстары
Қазақстан шөлдері
ШЫҒЫС СУБКОНТИНЕНТ
Қазақстан Республикасының шөлді аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz