Тұрғын халықтың ұдайы өсіп - өну географиясы және оның заңдылықтары




Презентация қосу
Тұрғын халықтың
ұдайы
өсіп -өну
географиясы және
оның заңдылықтары
Жоспар:
• Халық санағы ұғымы
• Демографиялық саясат
• Халық санының динамикасы
• Халық орналасуының заңдылықтары
Халық санағы ұғымы
• Халық санағы - белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің
халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық,
экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау,
өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы
жалпымемлекеттік статистикалық шаралар. Бүл санақ
халықтың дәл сол уақыттағы мәліметін "лезде суретке
түсіріп" алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол
аумақтағы халықтың саны, қүрылымы, әлеуметтік-
экономикалық сипаты туралы ақпарат жиналады. Халық
санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде -
демографиялық және әлеуметтік, экономика мәліметгер
жинаудың жалғыз жолы.
Демографиялық саясат
әртүрлі
кешенді шараларды
қолданады:
• экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туған
кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына,
отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау;
қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй
жеңілдіктерін беру және т.б.);
• әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін
некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы,
алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын
сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану
құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік
қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс
істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы
көші-қон және т.б.);
• Қала тұрғындарының саны 10 млн 492,2 мың адамды
немесе жалпы халықтың 57,5 процентін құраса,
ауылдық жерде тұратын адамдар саны 7 млн 739,8
мың адамға жетті. Бұл, ел халқының 42,5 проценті.
Биыл қаңтар-сәуір аралығында республикада 1 жасқа
дейінгі 1095 сәби шетінеген (былтыр - 1054).
• Бұл, былтырғыдан 3,9 процентке көп. 2018 жылдың
төрт айында сәбилердің шетінеуі жаңа туған 1000
нәрестеге (8,68) шаққанда 8,81 жағдайды құрап отыр.
2018 жылдың қаңтар-сәуірінде 2017 жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны
25,1 процентке азайып, Қазақстаннан кеткен адамдар
саны 20,8 процентке артқан.
• Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403
мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз
ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ
жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті
аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс
қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту -
қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының
саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына
жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді
халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт
аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл
сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп
отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал
соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз
аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4
есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ,
жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп
отырды.
• Көптеген елдерде түрақты 5 немесе 10 жыл мерзімде бір
жүргізілетін Үлттық халық санағының
бағдарламаларында Б¥¥-ның және өзге де үйымдардың
үсыныстары есепке алынады. Санақ қорытындылары
бойынша халықтың табиғи және миграциялық
қозғалысын нақтылауға болады. Халық санағын
отбасына және үй шаруасына жүргізеді. 1950 ж. бері БҮҮ
эр 10 жыл сайын бүкіләлемдік халық санағын өткізеді.
2004 ж. әдеттегі онжылдық раунд (1994- 2004) аяқталды.
XXI ғ. басында әлемде халық санағы өткізілмеген бірде-
бір ел қалмады. Үлттық санақ қорытындылары өзара
сәйкес келу керек, ал негізгі қорытындылар бүкіләлемдік
халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бүл өз
кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде
үлкен мәнге ие болып отыр.
Назарларынызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Тұрғын халықтың ұдайы өсіп - өну географиясы
Әлеуметтік инфрақұрылым және оның салалары
Қара нәсіл өкілдері
Топырақтың түрлері
Несие нарығы. Ипотекалық несие проблемасы
Демография ғылымы туралы түсінік
Астана –тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы!
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Пәндер