Тәрбиелік жүйе
Презентация қосу
Тәрбиелік жүйе
Мектептің тәрбие жүйесі түсінігі,
мәні және атқаратын қызметі
• Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы,
қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және
субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін
ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып
табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының
қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға
мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп
жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай қашан
өзгерту қажетігін анықтай білуге байланысты.
Қателеспес үшін ең алдымен оқу орнының
бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты
елестете болжай білу өте маңызды.
• Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі
таңдағы және келешектегі бейнесінің
үлгісін жасау оның қалыптасуы мен
дамуы жағдайында қажет болып
табылады.
• Үлгі ретінде философ В.А.Штофтың
пайымдауынша, зерттеу объектісінің
бейнесі мен елесін таныта отырып, оны
алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі
сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін
ойша көрініспен материалдық тұрғыда
бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз
керек
Академик В.Д.Афанасьев
үлгінің негізгі сапаларын
атай отырып, оған
мыналарды жатқызады:
– түпнұсқаның –жүйеге ұқсас сай келуі;
– мақсаттылық, яғни оның
параметрлерінің жүйе алдына қойылған
мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес
келуі;
– субъектілік бағалау қатынасына және
үлгіні жасаушыларға бейтараптық
қатынаста болу;
– түпнұсқаның- жүйенің параметрлерімен
және кейбір детальдарымен алшақтау.
2. Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау-
бұл жүйелі білім беру үлгісін
жасау процесі. Мұны әрі тәрбие
жүйесін танып білу тәсілі ретінде
де, әрі жүйені басқарудың
маңызды компоненті ретінде
келешекте де- оның қызметі мен
даму сатыларында да оның
элементтері, байланыстары мен
құрылымын өзгеріске ұшырап
жатқанда да қажет деп қарастыру
керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3
кезеңді бөліп алуға тура келеді:
•I кезең-мектеп бейнесін
жасау.
•II кезең-оқу орнының
тәрбие жүйесінің бір
үлгісіне мектептің осы
бейнесін ендіру.
•IIIкезең- оқу мекемесінің
тәрбие жүйесі үлгісі мен
мектеп бейнесін
нақтылайтын аздаған
өзгерістер ендіріп өңдеу.
• Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-
кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі
педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа
бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің
формалары мен әдістерін анықтаймыз.
• Бірінші кезең- мектеп бейнесін жасау. Ол өте
күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп
бейнесін жасау-бұл педагогтардың,
оқушылардың, ата-аналар мен өзге де
әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие
жүйесінін нақты немесе болжамды үлгісін
жасауға және оның құрылымы мен дамуының
жолдарын, субъектілері мен құралдарын
анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп
бейнесі тәрбие жүйесінін компоненттері мен
өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр
буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары
мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын
айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
Мектептегі іс-шаралардың маңызы ерекше.
Мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралардың
мақсаты оқушылардың дүниетанымын дамытып,
қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру,
мектептегі іс-шаралар оқушылардың көңіл-күйін
көтеріп, мектепке деген жағымды эмоция
қалыптастыруы тиіс. Мектептік іс-шаралар
дарынды, жігерлі, оқушылардың өзін-өзі
көрсетуіне, өз орнын түсінуге, ерік жігерін
шыңдауға бағытталуы керек. Оқушыларға
жалықпай еңбектенсе, оның нәтижелі
болатынына сенім қалатын осындай іс-шаралар
арқылы олардың көзін жеткізуге болады.
Мектеп оқушыларының үлгілі-өнегелі болуы
немесе тәртіп бұзуы тәрбие жұмысының
сапасына байланысты.
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке
тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының
жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны
жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге
әрекеттенуге ниеттену процесі.
Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау
өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату
мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз,
қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы)
тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта
деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары
айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары
деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына
білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Мектеп бейнесі мен тәрбие жүйесі
компоненттерін құрастырудың өзара байланысы.
Мектептің тәрбие
Мектеп бейнесін құрастырушы
жүйесінің
1.Мектеп оқушысының
1.Идеялар мен
бейнесі.2.Мектептің тәрбие
мақсаттардың кіші
жүйесіндегі жеке индевидтер
жүйесінің
мен ролі туралы.
бөлігі.2.Тәрбиенің мақсаты
3.Мектептің тіршілік әрекетінің
мен міндеттерін жүзеге
бейнесі, ондағы іс-әрекетті
асырушылардың бірлігі.
жүргізу, оқу-тәрбие процесімен
3.Іс-әрекет пен қарым –
қатысушылардың өзара қарым
қатынастың кіші жүйесінің
қатынасы мен араласуы
бөлігі.
4.Оқу орнының айналадағы
4.Мектеп ұжымы игерген
әлеуметтік және табиғи ортамен
әлеуметтік және табиғи
жұмыс істеу өзара қарым –
орта.
қатынас жайлы түсінік
Назарларынызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz