Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары




Презентация қосу
М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті

Тақырыбы: “Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары,
құралдары.”

Орындаған: Алдаберген Ұлбосын Ерғалиқызы.
Мамандық:Информатика
Қабылдаған:Калдыгозова Меруерт Аширбаевна

.
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары
4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық қызметі
6. Экономиканы мемлекетті реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
6.1. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрлымы және оның қызметі туралы.
6.2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
6.3. Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1776 ж. Адам Смиттің “Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу” еңбегі жарық
көрді, онда ол “мейлі бәрі өзінше жүрсін” тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға
араласпауы керек, бірақ ол “түнгі қарауылдың” ролін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз
етеді. 1936 ж. шыққан “Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы” еңбегінде
мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты. Ол экономикалық дағдарысты,
жаппай жұмыссыздықтың тууын ескертіп отыруы керек. Алайда мемлекет, Дж. Кейнстің кеңесін
тыңдай отырып, экономикалық қызметтерден бас көтере алмай, жаңа міндеттерді шеше алмады.
Батыс елдерінде 70- шы жылдардың ортасында тағы да экономикалық дағдарыстар лап ете қалды.
Осы толқынның арқасында Дж. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола
бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.
Бұл тұжырымдар “неоклассикалық” (“неолибералдық”) деп аталды. Оның авторлары неміс
экономисі Фридрих Август фон Хайек (1899- 1984) пен американ экономисі Милтон Фридмен
(1912ж.) және басқалары болды.
Американ экономисі Дж. Гэлбрейт (1908 ж.) “салмақтылық” күш теориясын ұсынды. Оның
айтуынша, еркін нарықтық экономикада реттеу механизмі жоқ, ал оның орнын “салмақтылық”
күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж.
Гэлбрейт “салмақтылық”күшке алдыменнен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің араласуының
басты мақсаты- экономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар,
әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана, тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға
көмек жасау болмақ.
Басқада белгілі американ экономисі, “аралас экономика” теориясының өкілі Пол Самуэльсон
былай деген: “Біздің экономикалық жүйе- еркін кәсіпкерлердің “аралас” жүйесі болып табылады,
себебі экономикалық бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады”.
Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны ,
қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және
тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге
асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып
табылады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни
экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар
туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін
туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың
бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі
бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай
жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық
кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті
күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін
(экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына
әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді .
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі
сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу
кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы
үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық атынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және
осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің
«Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм
идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары
болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүлде көздеген нарық
жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүлде экономикалық дамудың ең басты
қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда
экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан,
рынокқа толық еркіндік беру қажет,- деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп
аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі
қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады.
Оның ең маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті
қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау – монополияға қарсы
заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
ЭМР-дің негізгі объектілеріне:
- шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық
құрылымын;
- капитал жинақтау жағдайын;
- жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша айналымын;
- төлем балансын; бағасын;
- бәсекелестік жағдайын;
- әлеуметтік қатынастарын;
- әлеуметтік қамтамасыз етілуін;
- кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын;
-қоршаған ортаны;
- сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатынын
мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен
капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға
қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар
өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы,
импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың
күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен
еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндеті -
«экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен
артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы
жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл
атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы
жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай
қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық
бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда – салалардың ішінде,
салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде
және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін,
өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен
бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да
мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі-капиталды жинақтау болып табылады.
Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін,
қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика көзқарасы
тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты
қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін
экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы
тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік
қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен
қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге,
тұтынушы сұранысының, салық түсімінің төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне
және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар:
инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының
көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық
интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен
құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық
құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның
тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың
ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және
иерархиялық сипаты болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің
мақсаттары

ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты –
экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және
елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты
мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты
жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни
экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған.
Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын
жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға
бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу
мүмкін емес.
Мемлекет экономикаға араласқан кезде алдына мынадай мақсаттар қояды:
- Экономиканың дұрыс қызмет атқаруын қадағалау;
- Дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен жобалар;
- Әлеуметтік инвестициялау;
- Тұрақтылықты сақтау және өзгерістерге қарай экономиканы бейімдеу;
- Макроэкономиканың тұрақтылықты сақтай отырып, мемлекеттің ішкі
сыртқы байланыстарын нығайту;
- Әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін- өзі
айқындауға, әлеуметтік, Ұлттық және саяси мүдделерін іске асыратын
демократиялы қоғам құру;
- Импорт пен экспортты жетілдіру;
- Әлемдік сауданы дамыту үшін.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің
мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше
құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және
қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы
экономикалық саясат және т.б. жатады.
Мемлекеттік реттеудің құралдары: әкімшілік және экономикалық деп
бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды
құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол
мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге
негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым
салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді
тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға,
өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға
күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы
елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған
ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай
жасаумен шектеледі.
Несие- ақша саясат
Ай ат
ма аяс
қт қ с
ық
ре л ды
тт а
еу и ск
Ф

Мемлекеттік реттеудің
Ұзақ мерзімді реттеу Әлеуметтік саясат
негізгі құралдары

теу Сы
рет рт
д і қ ы
із м эк
Әкімшілік реттеу

р са оно
ме яс м
а ат ик
сқ ал
Қы ы қ
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдарының
саясаты

ақша - кредит қаржылары бюджеттік
Негізгі экономикалық құралдар

елдің қаржылық институттары
орталық банкте сақтауға міндетті,
есепке алу мөлшерін реттеу
ең аз резервтер мөлшерін
белгілеу мен өзгерістері

мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар
рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер
эмиссиясы олармен сауда жасау
және өтеу сияқты операциялары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық
қызметі
Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар
жатады:
- стратегиялық;
- демографиялық;
- техникалық;
- әлеуметтік;
- экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
- монополияға қарсы реттеу;
- макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі
Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің
өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін,
экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке
меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет
ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды
анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз
етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.
Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты
болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері
қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде
қолданылуы мүмкін.
Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және
кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды
салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына
алады.
Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін
ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне
айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ МЕН
ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасы Конституциясы басқару органының құрлымы және оның қызметі туралы.

Біздің мемлекеттің Конституциясында : «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады»,- деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы ретінде төмендегіге
қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
- республиканың мемлекеттілігін;
- басқару нысанын;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерді өзара қатнастарының тәсілдерін;
- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.
Мемлекеттік құрлығы құрлымында мемлекеттік билікті заңдық, атқарушылық және соттық
(ҚР Конституциясы 3-бап) бөлулер деп бар екенін атап өтеді.
Мемлекеттік органдардың құзыреттілігі Конституцияда анық бөлініп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президентті мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағытын анықтайтын және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда
таныстыратын мемлекет басшысы және оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады.
Елдің Президентті конституциялық заңға сәйкес, ҚР жасы толған азаматтармен жалпы, тең және
тікелей сайлау құқығымен 7-жыл мерзімге сайланады.
Заңдық қызметтерді жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган, сенат пен мәжілістен
тұратын парламент болып табылады. Заң шығарушы билік экономиканы басқару
тетігінің негізгі болып табылатын заң актілерін әзірлейді және қабылдайды. Үкімет
республикада атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін
басқарады және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол
президент алдына жауапты, сондай-ақ парламент алдына жауап береді. Экономиканы
реттеу аясында үкіметтің міндеті – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін,
экономиканы дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру. Премьер-
министрдің мідетіне салалық министрліктер мен ведомстволарды басқару және
бағыттау енеді. Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң
сақталуын қадағалайды. Ол жоғарғы сот және Конституциялық Кенесті жүзеге
асырады. Мемлекетті басқару органдары тікелей президентке есеп береді, оларды
шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: елдің ұлттық қауіпсіздігіне жауап беретін
министрліктер мен ведомстолар және ұлттық экономиканы дамытуға жауапты
ведомстволар. Нарықтық қатнастарды дамыту және шаруашылық нысандарын ұлғайту
шаралары бойынша, басқару құрылымының ұйымдастыруын жетілдіру қажеттілігі
туындайды. Мұны төмендегінің есебінен жүзеге асырады:
- Құрлымды ықшамдау;
- Қайталанатын қызметті жою
- Артық штаттарды қысқарту.
Барлық басқару иерархиясы бойынша жауаптылықты, құқықты және атқару қызметін
нақты шектеу. Республикалық, аймақтық және бағдарламалық бағытта ортақ міндеттерді
шешу кезінде басқару органдарының өзара іс-қимыл жасауы мен үйлестірілуі.
Қазақстанда қазіргі уақытта он жеті министрлік, мемлекеттік комитеттер, сондай-ақ
басқа да ведомстволар жұмыс істейді. Елдегі экономикалық жағдайға жауапты, маңызды
органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады. Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігіне елдің экономикалық дамуына, келешекті болжау, индикативтік жоспар
(кешенді ауыл шаруашылығы бағдарламасын дамыту), экономиканың кейбір маңызды
бағыттарын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаға негізделген, құжаттарды әзірлеу
бойынша қызмет жүктелген.
Қаржы министрлігінде мемлекеттің бюжеттік қаржысын жандандыратын және іс
жүзінде бөлетін Қазынашылық бар, ол бюжеттің кассалық орындалуына бақылау
жүргізеді. Елдің Ұлттық банкіне елдегі ақша-кредит жүйесінің жағдайына, теңгенің
бағамына, оның тұрақтылығына жауапкершілік жүктеледі, сонымен бірге, валюталық
реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ инфляция мәселесі де
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің құзыретіне енеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да маңызды мәні бар – соған сәйкесті
аймақта істің жағдайына жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) және атқарушы
биліктер (әкімиаттар) жауапты. Алғашқысы жалпы мемлекеттік мүдденің есебінен және
тұрғындардың қалауын білдіріп, оларды жүзеге асырудың шараларын белгілейді.
Екіншісі атқарушы билікте жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

Мемлекеттік реттеу ғылыми негізделген тұжырымдамасыз мүмкін емес.
ЭМР-ң тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құрылым–дық –
инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық
моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы
экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық
бағытын әзірлеу. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді
анықтау қажет:
- басымдық мәсәлелері;
- мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың
жиынтығы.
Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз:
- болжау және стратегиялық жаспарлау;
- қаржылық-бюджеттік реттеу;
- салықтық реттеу;
- ақша-кредиттік реттеу;
- бағалық реттеу;
- кедендік-баж реттеуі;
- нормативтік-трафиктік реттеу;
- әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.
Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері

Әлеуметтік-экономикалық дамудың шешімін қабылдау барысында
негізделуі көрсеткіштердің әдістері

экономиканың математикалық, құрылымдық-логикалық модельдері

келешектегі экономикалық көрсеткіштердің баланстық және
факторлық әдістері

«мақсат ағашы» құралын пайдалаумен әлеуметтік-экономикалық
дамуды мақсаты белгілеудің әдістерін әзірлеу

әлеуметтік-экономикалық даму түрлерінің оңтайлы әдістері және
осы негізде мемлекет тарапынан басымды қалдау бағытын айқындау

салааралық баланс – келешектегі экономикалық салалық
құрылымының негіздеме құрал ретінде

аймақаралық байланыстарды ұтымды қамтамасыз етудің баланстық
әдісі
Қорытынды
Қорытындылай келе ,Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін
пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталып өтсек:
Дамыған елдердегі шетел тәжіриебесі біз үшін тұжырымдамалық негіздердегі
анықтауда бағдар болып табылады, бірақ әлеуметтік-экономикалық дамуда шетел
моделін біздің жағдаға абсолютті және өзгеріссіз көшіріп алу міндетті емес.
Бұл бірнеше себептерден мүмкін емес:
- Республика геосаяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық,
этномәдени және басқа да ерекшеліктер–мен айрықшаланады;
- Қазақстан жағдайында директивтік-жоспарлы экономика–дан (ұқсастығы әлемде
жоқ ) нарықта көшу үдерісі өтуде;
- Басқару мен шаруашылық жүргізу жүйесінде көп жағдайда негізгі өзгерістер тиісті
негіздерсіз өтеді және «төңкерісшіл» сипатта болады, онда нарықтық экономикалы
елдердегі мемлекеттік реттеу шаралары, олардың эволюциялық дамуының «өнімі»
болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Назарбаев Н. А. «Казахстан-2030»-1997 жыл
2) Қазақстан Республикасының Президентi
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы, Астана қ., 2009
жылғы 6 наурыз. Дағдарыстан - дамуға Қазақстан
Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
Жолдауы
3) NUR.KZ. Экономиканы мемлекеттік реттеу
4) www.government.kz. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ
5) "Егемен Қазақстан"2004 жылғы 28 сәуір № 109-112
6) http://law.admtyumen.ru А. А. Максимова
7) Мельников В.Д.Ильясов К.К. «Финансы».-Алматы 2001

Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік реттеу нысандары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен астары. Фирмалардың, шаруалар мен үй шаруашылықтарының сәттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі
Экономикадағы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің обьективті қажеттілігі
Экономикалық тиімді мемлекет
Экономиканы бюджеттік реттеу
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ
Қазақтанда бизнесті мемлекеттің қолдау шаралары
Экономикалық жүйедегі рынок мен мемлекеттің өзара қатынасы
Пәндер