Қисық мойын


Slide 1

Мойын, өңеш жарақаттары

Slide 2

Мойын жарақаттары бейбітшілік уақытта жиі кездеспейді, тек суицидтік әрекет нәтижесінде мойынның кесілген, жаншылған жаралары кездесуі мүмкін. Мойын аймағында бұлшық еттер көп, сондықтан жараның өзегі жабылып қалуы мүмкін. Өте қауіпті жарақат болып саналады. Клиникалық белгілері. Егер тері және кеңірдек жарақаттанса, онда ауру сол жерден дем алады, қанды ішіне жұтып, оны дем алғанда сыртқа шығарып дем алысы ысқырған тәріздес болады. Ұйқы аптериясы жарақаттанса, ондай адам ауруханаға жетпей өліп кетуі мүмкін. Мойын, кеңірдек жараланғанда адамның бетіне, мойынға - бұлшық етпен тері астына ауа жиналады.

Емі- мойын жарақаттанғанда бірінші медициналық көмек саусақпен жараланған тамырды басу, бұрау салу, қан ағып тұрған тамырға уақытша қан тоқтататын қысқышты салу. Жараланған науқасқа сіреспеге қарсы сары суын немесе оның анатоксинің егу, кеңірдек, өңеш жаралары тігіледі, ұйқы артериясы ұштары біріне- бірі қосылып тігіледі.

Slide 3

Мойыннан болған сыздауық, көршиқан(карбункул) алғашқы медициналық жәрдем. Көбінесе адамның желкесінде жиі кездеседі. Сыздауықта бір шаштың түбірі ғана қабынады, ал көршиқанда бірнеше түрі қабынады. Қабынудың көлемі үлкен болып барлық терінің тереңдігіне тарап оны өлектендіреді. Науқастың ыстығы 39-40°С көтеріледі, басы ауырады, жүрек соғысы жылдамдайды. Емі- іріңдікті ашу, антибиотик беру.

Іріңді лимфаденит - мойыннын тамақ асты бездерінің аяқ астынан қабынып ауыруы. Себебі: баспа (ангина) , қызыл иек ( переодонтит) , жақтың остемиелиті, шиқан, іріңдік жара себепкер болады. Клиникалық белгілері- мойынның бездерінің көлемі үлкейеді, саусақпен басып қарағанда ауырады, ортасында ірің барлығы анықталады, былқылдап тұрады. Ыстығы 39°С көтеріледі, денесі қалтырайды (озноб) , аққан түйіршіктері көбейеді. ЭТЖ жоғарылайды, жағын қозғай алмайды. Диагноз қою қыйын емес. Емі- негізгі себептерді жою керек. Мысалы, қабынған тісті алу (жұлу) , Іріңді ісіктерді операция жасап ірінін сыртқа шығару, антибиотиктер, сульфаниламидтер беру, УВЧ, спиртпен компресс жасау, ірің болса операция жасап, жараны суттегі тотығы ерітіндісімен фурациллинмен жуып тазалап, майлы, тұз ерітіндісіне малынған тампондарды салып қою керек.

Slide 4

Мойындағы туберкулезден болған лимфаденит Лимфа бездерінің көлемі үлкейеді, бірімен - бірі жабысып және жағындағы тіндермен, терімен жабысып қалады. Келе - келе тері жұқарып тесіледі, жазылмайтын жараға айналады. Емі- медикаментоздық және денені шынықтандыратын дәрілер тағайындалады, теңіз жиегінде, таудасеруендеу, витамині көп тамақ, темірдегі көп беріледі. Бұлшық етке күніне 1. 000. 000 ЕД стрептомицин немесе 2. 000. 000 ЕД канамицин . фтивазид. ПАСК беріледі.

Қисық мойын.

Себебі: басты қимылдататын бұлшықеттердің бір жағының қызметінің нашарлағанынан баланың бас бір жағына бұрылып қалады. Қисық мойынның жеңіл түрінде гипстен таңғыш салып емделеді. Ауыр түрінде операциялық жолмен тартып тұрған бұлшықетті кеседі. Операция жасайтын қолайлы уақыт бір жастан үш жастың арасы. Операциядан кейін гипстен дәке салып, баланың басын дұрыс ұстатады.

Slide 5

Көмейдің тарылуы Көмейдің тарылуы себептері өте көп. Көмейге түтік (интубациялық түтік) жалпы жансыздадыру бергеннен кейін жүйке жүйелерінің қызметінің өзгеруінен, көмейден болған ісікте, жанындағы денелердің қысымынан тағы басқа себептерден болады. Клиникалық белгілері: Көмейдің тарылуы 4 дәрежеге бөлінеді. 1-дәрежесінде ауа көмейден өтеді, науқас оған үйреніп алады. Бұл дәреже сондықтан теңелу дәрежесі деп аталады. Екінші дәрежесінде дем алғанда толық теңелу болмайды, кеудесінің мойнының бұлшық еттері жиырылып көмектеседі. Үшінші дәрежесінде мүшелердің қалыптағыдай қызметін атқара алмауы, дем алуы жылдам, терең емес, тамыр соғысы жылдам, ерні, тырнақтары көкшіл. Төртінші дәрежесінде- көмейден мүлде ауа өтпей қалады, көзінің қарашығы кеңейген, бұлшық еттердің құрысуы пайда болады. Керек болса көмей ларингоскоп аспабымен қаралады, рентгенография жасалады. Емі- бірінші дәрежесінде консервативтік жолдармен емдеу. Науқасқа қыша, аяғына жылы былау, шай ішкізу, гидрокортизонмен тамағына бүрку, көк тамырға 40% глюкоза ерітіндісін, ацетилсалицил, сульфаниламидтік дәрілер беріледі. Әлсін-әлсін оттегімен дем алдырады. Консервативтік ем көмек бермеген жағдайда кеңірдекке түтік қою немесе кеңірдегіне тесік жасау (трахестома) операция жасалады.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Анатомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс ерекшеліктерін оқып білу
Реглан жеңнің алдыңғы бөлігінің конструкциясы
ӘЙЕЛДЕР СЫРТ КИІМДЕРІ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Спастикалық диплегия
Былғары және үлбір бұйымдарының сәндік бөлшектерінің конструкциясын жобалау ерекшеліктері
Жасанды тыныс алу тәсілдері
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Қисық сызықты қозғалыс түрлері
Насекомның денесі
ТАБЫС ТҰТЫНУ ЖӘНЕ БАҒА ТҰТЫНУ ҚИСЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz