ӨҢЕШТІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Презентация қосу
ӨҢЕШТІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ
АУРУЛАРЫ
Өңештің зақымдануын анықтау
Рентгеноскопия және рентгенография әдістері көмегімен көкірекаралықтың
эмфиземасын, гидропневмоторакс жағдайын, мойын төңірегіндегі шелдегі
эмфиземаны анықтайды. Көкірекаралықта ауа болмаса, өңешті контрастық
зат арқылы зерттейді. Ол үшін науқас біресе етпетінен, біресе шалқасынан,
біресе оң жамбасына, біресе сол жамбасына жатады да, осы жағдайларда
рентген сәулесімен суретке түсіріледі.Рентген сәулесінің ауруды анық
көрсетуі үшін контрастық затты, суда ерітілетін дәрілерді (верографин,
кардиотраст) қолданғанда олар жаралы түсқа тез сіңіп, қабыну процесін
тежейді, бұл процестің нәтижесінде алда жүргізілген емге керекті
мәліметтерді толық алуға болады. Егер рентген суреттеріндегі өзгеріс
дәрігерді қанағаттандырмаса, өңештің шырышты қабығының жыртылған-
жыртылмағанын анық айтуға болмаса, науқасқа наркоз беру арқылы
қаттылау эзофагоскоп аспабымен эзофагоскопиялық зерттеу жүргізілуі
керек.
Өңеш зақымданған кезде екі түрлі ем
колданылады.
Бірі –консервативтік ем, екіншісі – хирургиялық
әдістермен жасалатын ем.
Консервативтік ем – антибиотиктер тағайындау,
тамақты ауыз арқылы ағзаға енгізу, диагнозды
біржола анықтағанға дейін, науқас адамды
хирургиялық ауруханаға жеткізгенге дейін және
алда жасалатын операцияға дайындық ретінде
осылай ем жүргізеді.
Өңеш өзегіндегі бөтен заттар
Бөтен заттардың өңеш өзегіне түсу себептері көп. Кейбір адамдардың аузына
әр түрлі заттарды салып, соны тілімен аунақшытып ойнап отыратын жаман
әдеті бар, ал кейбіреулер тамак ішкенде қалай болса, солай, асығып-аптығып,
сасқалақтап тамақтанған кезде, ал есі дұрыс емес (психикалық ауруы бар
адам) әдейі әртүрлі заттарды жұтып қояды да, ол зат өңеште тіреліп тұрып
қалады. Өңештен өткен бөтен заттардың ұшы болса, ол өңештің жоғарғы
бөлімінде тіреліп тұрып қалады. Өңеш өзегінде ешбір қозғалыссыз тұрып
қалған бөтен заттар өңештің физиологиялық жіңішке, тарылған бөлімдерінде
тіреліп, әрі қарай өтпейді. Мұндай жағдайда тірелген зат өңештің тіндеріне
зиянды әсер етіп, оларды әр түрлі өзгерістерге ұшыратады. Соның бірі
өңештің шырышты қабатының нервтерін қоздырғандықтан, бұлшық еттер
жиырылып, бөтен затты жан-жағынан қысып тастайды.
Аурудың клиникалық белгілері мен
диагностикасы
Аурудың белгілері бөтен заттың сипаттамасына, оның тұрып қалған өңеш
бөліміне, өңештің қаншалықты өзгеріске ұшырағанына байланысты. Науқас
адамның үрейі ұшып, дегбірі қашып, қорқыныш сезімі пайда болады. Көмекей
төңірегінде ауырсыну сезімі, оны қысып, тарылтып тұрғандай сезім науқастың
мазасын алады. Мұндай ауырсыну сезімі төс сүйегінің астында да пайда
болады. Ауырсыну сезімі, сілекей мен сұйықтықты жұтқанда күшейе түседі.
Өңеште бөтен зат тұрып қалғанда жиі кездесетін белгінің бірі – дисфагия.
Дисфагия белгісі-өңештің бұлшық еттері жиырылып қалғанда да, қабыну
процесі кезінде де пайда болады. Өңештің өзегі біржола, толық жабылып калса,
тамак тұрмақ сұйық заттың өзі өте алмайды, ондай кезде кекірік, құсу арқылы
сұйықтық кері шығады. Науқас адамның сілекейі көп жиналады. Өңештің
басталған тұсына көлемі үлкен бөтен зат тіреліп қалса, науқас адам түн шығып
өлімге ұшырайды. Бөтен заттың өткір ұштары өңешті жаралап, I тесіп жіберген
болса, тері шелінде эмфизема, іріңді медиастенит ауруының белгілері
(қалтырау, дене қызуының көтерілуі, хал-жағдайының нашарлауы) пайда
болады
Бөтен заттың өткір ұштары (жалпы ұйқы артериясын, мойын төңірегіндегі көк
тамырын, қолқаны) жараласа, онда қатты қансырау басталады. Өңештің
қабырғасы тесілсе, кеуде астары, өкпе тіні зақымданып, өңеш пен кеуде
астары арасында жыланкөз пайда болуына әкеп соғады. Өңеш өзегінде ұзақ
уақыт тіреліп тұрып қалған бөтен заттан жарақаттану эзофагит ауруына
шалындырады. Бара-бара өңештің сол бөлімшесінде тесік пайда болады.
Бөтен зат жұлып қойған науқастың диагнозын анықтау үшін рентген
сәулесімен зерттеу керек. Темір, металдан жасалған бөтен зат рентгеноскопия
әдісімен анықталады. Рентген сәулесін, ұстай алмайтын бөтен зат жұтылса,
рентгенография, томография, суда еритін контрастпен зерттеу керек. Өңештің
тесігі бар болса, контрастық зат өңештің сыртына құйылады, медиастинальды
эмфизема жағдайын көрсетеді, жыланкөз пайда болса, контраст кеңірдекпен
бронхтардың өзектеріне құйылғаны рентген суретінде анық көрінеді.
Эзофагоскопия әдісімен бөтен затты көруге және оның тіреліп тұрған тұсын
анықтауға болады.
Емі.
Бөтен зат жұтып қойған науқасты жедел түрде
хирургиялық бөлімшеге жеткізу керек. Науқас адамға
наркоз беріліп, наркозға қосымша миорелаксанттар
қосып, қатқылдау эзофагоскоп аспабымен бөтен затты
өңештен сыртқа алып шығады. Эзофагоскоп эдісімен
бөтен затты өңештен алып шығу әрекеті нәтижесіз болса,
сол мезетте науқасты операцияға алып эзофаготомия
жасағаннан кейін бөтен затты алып, өңештің жарасын
тігеді. Ұзақ уақыт бойы ешбір белгісіз тұрып қалған
бөтен затты алып тастау қажеттілігі, осы бөтен заттың әр
түрлі асқындыру салдарынан туады.
Өңештің химиялық күйікке ұшырауы
Өңештің шырышты қабығы жиі күйікке қышқыл, не сілті, негіз (ойып, күйдіріп
түсіретін химиялық қоспа) әсерінен ұшырайды. Қышқыл мен сілтілерді адам
байқаусызда ішіп қоюы мүмкін. Кейбір кезде өлгісі келген адам осындай химиялық
заттарды өз еркімен әдейі ішеді. Сонымен қатар өңештің, асқазанның, ішектердің
жұмсақ қабығына зиянды әсерін басқадай химиялық заттар (пергидрол, ацетон,
калийдің перманганаты) да тигізеді. Осы химиялық заттардың тіндерге ететін әсері
қышқыл мен сілті әсерінен өзгешелеу. Олар тіндерге тотықтандыратын заттар
сияқты әсер етеді. Химиялық заттар өңешке түскенде олар ауыз бен көмекей
тіндерін күйдіреді, өкпелерді қарысып ісіну жағдайына (отек легких) және жедел
түрде өкпелер қызметтерінің тыныстық жетіспеушілігіне ұшыратады. Осындай
жағдайлар жиі сірке қышқылы мен мүсәтірлі спирт қолданғанда, солардың буы мен
концентрациясы жоғары болғанда, қышқыл мен сілті ішіп қойғанда, олардың
буымен зиянды әсерлері өкпе тіндерін дереу өзгерістерге ұшыратады. Қышқылдар
(сірке қышқылы) органикалық күйігінде түзілген струп әлсіздеу, сондықтан улы зат
ағзаларға тез сіңіп кетіп, қан айналымына түсіп, ашытып, гемолизге және
гемоглобинуриялық нефрозға, сонымен қатар токсикалық гепатитке әкеледі.
Өңеш тіні күйікке ұшырағанда оның клиникалық белгілері әр
кезде әр түрлі өзгерістерге ұшырауына байланысты оны
(М.А.Сапожников, 1975, 1976) төрт кезеңге бөледі:
1-кезең – екі аптаға созылған уақытты аурудың жедел түрде
пайда болған мерзімі деп атайды. Осы мерзім кезінде өңештің
тіндері жансыздану (некроз) жағдайына ұшырайды.
2-кезең – тағы да 2-3 (1-2 ай) аптаға созылып, жансыз тіндерден
өңеш тазарады, тыртықтану басталады. Созылмалы эзофагитпен
ерекшеленеді. Осы мерзімді «жалған жақсарған мерзім» деп
атайды.
3-кезең – зақымданғаннан кейін бір ай өткенде өлі тіннің орнына
түйіршік тін пайда болып, ол эпителизацияға ауысып, өңеш өзегі
тарыла бастайды, бұл стриктуралардың пайда болуы деп те
аталады.
4-кезең – 2-6 айға созылады. Осы кезде жара
орнында тыртық пайда болып, өңештің тарылып, тұсы
жіңішкеріп тұрады.
Клиникасы. Жедел кезенде өте айқын. Химиялық затты жұтқаннан кейін ауыз
қуысында, жұтқыншақта, өңеш бойымен және эпигастриде қатты ауырсыну
пайда болады. көмегі мен дауыс байламдары бірге күйсе асфексия дамуы мүмкін.
көп рет өте ауырсынатын құсық болады, бұл кезде өңеш паррозивті затпен қайта
жанасады. Толық дисфагия дамиды: ауырсынуға байланысты бір тамшы суды да
жұта алмайды, бозарған, қобалжулы, қозғыш болады. бозарған қалпы цианозға
ауысады, ентігу пайда болады, тахикардия, гипотония, ауруды шөл қинайды.
Құсық массаларында шырыш пен қан пайда болады. құсу ұстамалары кезінде
аспирация дамып, ауыр пневманияға әкеледі. Бірінші тәулік соңында
гипертермия күшейіп, олиго-анурия дамиды. Өңеш қабырғасының терең
некроздарында іріңді медиастинит дамуы мүмкін, ал асқазан перфорациясында -
перитонит. Болжам қиындайды. Ауыр жағдайларда интоксикацияның өте айқын
болуынан зақымданушы жақын сағаттар мен күндерде полиорганды
жетіспеушіліктен өледі (жедел кезенде летальділік 3-10%).
Өңештің химиялық күйігі диагнозы анамнездік және клиникалық белгілері
бойынша қойылады. Зақымданушының аузынан сірке қышқылы мен нашатарлы
спирттің иісі шығып тұрады. Зақымдаған заттың қасиетін білу үшін құсық
массаларын химиялық тексеру керек. бұл кезенде рентгенологиялық зерттеу
күйіктің дәрежесін анықтайды. Өңештің перфорациясы қаупіне байланысты
эндоскопия жүргізбейді.
Шұғыл көмек және емдеуді өңештің күйігінің жедел кезенінде шокқа қарсы
шаралардан бастайды. Наркотикалық аналгетиктер, жүрек препараттары,
зақымданушыны жылыту. Науқасты реанимациялық бөлімге жатқызады, хирургтің
бақылауында үнемі болады. дезинтоксикациялық терапия жүргізеді. Гомеостаздың
негізгі көрсеткіштерін бақылаумен көктамырға глюкоза және электролиттер
ерітінділерін, гемодез, плазма және оның препараттарын енгізеді. Сонымен қатар
жұтқан химиялық затты шығару мен оны нейтралдау керек. Күйіктен кейін алғашқы
сағаттарда зонд арқылы көп мөлшерде жылы сумен асқазанды жуу керек. егер
еоррозивті удың химиялық құрамы белгісі болса (қышқыл немесе сілті), асқазанды
2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен немесе 0,1% тұз қышқылы ерітіндісімен
жуу керек. сірке эссенциясымен уланғанда тек таза су қолданады. Сонымен қатар
жылы қышқыл немесе сілтілі сұйықтық ішу, алмагель, активтенген уголь, сүт,
жұмыртқа белоктары, өсімдік немесе сары май тағайындалады.Тыныс жолдары
күйсе кеңірдек пен трахеядан шырышты аспирациялау керек. Егер стридор
басылмаса, трахеостомия жасау қажет. Науқастың тамақтануы толық болуы керек,
сұйық тағамдар – сүт, қаймақ, шырындар, шикі жұмыртқа, балмұздақ, сары май.
әрбір тағам қабылдаудың алдында бір қасық өсімдік майы немесе балық майын
жұту керек. толық дисфагия кезінде орталық венозды катетер арқылы
парентеральды тамақтандыру керек.
Тыныс жолдары күйсе кеңірдек пен трахеядан шырышты аспирациялау керек.
Егер стридор басылмаса, трахеостомия жасау қажет. Науқастың тамақтануы
толық болуы керек, сұйық тағамдар – сүт, қаймақ, шырындар, шикі жұмыртқа,
балмұздақ, сары май. әрбір тағам қабылдаудың алдында бір қасық өсімдік
майы немесе балық майын жұту керек. толық дисфагия кезінде орталық
венозды катетер арқылы парентеральды тамақтандыру керек.
Іріңді септикалық асқынулардың алдын алу үшін антибиотиктер
тағайындайды. Күйіктен кейінбірінші тәуліктерде гормональды терапия
жүргізу керек (гидрокортизон, преднизалон), диурезді бақылау күн сайын
қанның биохимиялық анализін жасау керек. Егер 5-7 күннен кейін науқас
сұйық тағамдарды да жұта алмаса және ұзақ уақыт парентеральды
тамақтандыруға жағдай болмаса гастростома салу қажет. Операция кезінде
асқазанды мұқият тексеру керек. тағайындалады.
Хирургиялық емге көрсеткіштер
Өңештің толық тыртықты стриктурасы, тығыз тыртықтардың себебінен
№28-30 үлкен бұждауды өткізу мүмкін болмаса, диафрагманың өңештің
тесігінен екіншілік кардиалды жарығы дамитын қысқа өңеш және
рефлюкс – эзофагит, бұждаудың курстарынан кейін стриктуралардың
рецидивы тез дамыса (3-6 айдан соң), өңештің күйікиік стриктурасы
жұтқыншақ пен асқазанның стриктурасымен, өңеш жыланкөздерімен
қатар келсе. Бұждау қарсы көрсетілген кезде хирургиялық емдейді.
Өңеш пластикасын 2 жылдан кейін жасайды. Өңештің тарылуы үлкен
болмаса жергілікті пластика қолданады, жіңішке немесе тоқ ішек
сегменті немесе асқазанның үлкен иілімі сегментімен пластика. Өңештің
пластикасына науқастың терісін де қолдануға болады.
Емі. Өңештің күйіктен кейінгі тыртықты стриктураларында негізгі емдеу түрі –
бұждау, 70-80% науқастарды толық жазылуға әкеледі. Ерте бұждау 90% жағдайда
сауығуға әкеледі. Бұждаудың бірнеше әдістері бар:
Бұждардың диаметрі 5-тен 20 мм (№15 тен №40 Шарьер шкаласы бойынша),
ұзындығы 70см. Өңештің бұждауда емдеу курсын №40 бұж өткенше жалғастыру
керек. соңғы кездегі виброұждау немесе эндоскопиялық балондық гидростатикалық
дилатация қолданады.
1)өңешті «соқыр» бұждау;
2) Эзофагоскоп бақылауымен өңешті бұждау;
3) «жіп бойынша» бұждау;
4) «жіп » бұждау;
5) «соңысыз» бұждау;
6) Металл өткізгіш арқылы қуыс бұждаумен бұждау;
7) Ретроградты бұждау.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz