Ауру сезімдік


Slide 1

Тақырып: созылмалы холецистит

Slide 2

Жоспары:

Анықтамасы

Жіктемесі

Этиологиясы

Патогенезі

Асқынулары

Диагностикасы

Клиникалық көріністері

Емі

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Анықтамасы

Созылмалы холецистит- өт қабының алты айдан астам ұзақтықта созылатын полиэтиологиялық қабынбалы ауруы, өт шығару жолдарының моторлы тондық бұзылуларымен және өттің физикалық химиялық қасиеттерінің өзгерістерімен қоса жүретін, өт қабында тастың пайда болуымен, билиарлы жүйенің моторлы тондық бұзылуларымен бірге жүретін ауру болып табылады.

Slide 4

Қабынбалық процесс таспен, қап аномалиясының дамуымен, сонымен қатар өт қабының дискинезиясымен жүреді. Холангиттің дамуымен және холангиогепатиттің дамуымен бауырдың өзі зақымдалуымен, өт жолдары бойынша инфекция кіруі мүмкін.

Өт тас ауруы-сипмтомокомплексі, тас түзілуімен ғана емес, типтік өттік шаншулармен қоса жүреді.

Slide 5

Жіктемесі

Созылмалы холецистит жіктемесі (С. Циммерман, 1992)

II. Форма бойынша: калькулезды ; калькулезды емес.

III. Дискинезия типі бойынша:

1. Өт қабының гипокинезі

2. Өт қабының гиперкинезі (нормотониямен, гипотониямен)

3. Одди сфинктерінің гипертонусы

4. Люткенс сфинктерінің гипертонусы

5. Екі сфинктердің де гипертонусы

Slide 6

Жіктемесі:

IV. Ағым мінезі бойынша:

1. Сирек рецидивтік

2. Жиі рецидивтік

3. Тұрақты ағымды (монотондық)

4. Жасырын (атиптік ағым)

V. Фаза бойынша: асқыну; басылып бара жатқан асқыну; ремиссия (тұрақты, тұрақсыз) ;

Slide 7

Жіктемесі:

VI. Негізгі клиникалық синдромдар:

1. Ауру сезімдік

2. Диспепсиялық

3. Вегетативтік дистония

4. Оң жақтық реактивті (ирритативті)

5. Етеккір алдындағы ширығу

6. Солярлық

7. Кардиалгиялық (холецистті-кардиалдық)

8. Невротикалық-неврозтәоізді

VII. Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орташа ауырлық, ауыр

VIII. Асқынулар:

1. Реактивті панкреатит

2. спецификалық емес реактивті гепатит

3. Перихолецистит

4. созылмалы дуоденит

5. Дуоденальді стаз

Slide 8

Эпидемиологиясы

Созылмалы холецистит өт қабында тастың пайда болуынан оның қабырғасының қалыңдауымен жүреді. Ер адамдар арасында 17-20 % жиі кездеседі.

Slide 9

Этиологясы

Бактериальды( стрептокок, стафилокок, энтерокок, ішек таяқшасы шақырады)

Вирусты

Аллергиялық

Ферментативті

Микробты емес (асептикалық, иммуногенді)

Себебі анықталмаған

Slide 10

Патогенезі:

Өт қабының моторлық бүзылысы

Холестерин деңгейі жоғарылап өт сұйықтығы қоюланады, оған қосымша инфекция қосылып қабыну процессін тудырады. Морфологиялық көрінісі жағынан катаральды және іріңді түрлері болады.

СХ тің катаральды түрінде өт қабының қабырғасы қатайып шырышты қабаты атрофияланады және бұлшықетті қабатының гипертрофиясы болады.

Slide 11

Қан тамырлары қанға толып өт қабының қабырғасы ісініп қалыңдайды, полиморфты - ядролы лейкоциттердің инфильтрациясы болады, сөйтіп шырышты қабатының эпителийінде майда полип тәрізді өзгерістер орын алады.

СХ тің іріңді түрінде қабыну процессі өт қабының барлық қабаттарында болып, оның склероздануына алып келеді.

Өт қабырғасында микроабсцесс дамиды, сөйтіп іріңдіктер жиналып өт қапшығы қызметінен айырылып, созылмалы инфекциялық ошаққа айналады.

Slide 12

Клиникалық көріністері

Ауру сезімі- оң жақ қабырға астында сыздап ауырып тұрады, ол бірнеше күннен аптаға дейін созылуы мүмкін.

Иррадиациясы- оң жақ жауырын астына беріледі

Slide 13

Созылмалы холециститте ащы тағамдар, майлы тағамдар, газдалған сусындар, алкоголь қабылдаған кезде ауру сезімі қатты күшейеді

Slide 14

Іштің кебуі орын алады

Іштің өтуі- созылмалы холециститте өте жиі кездесетін симптом, яғни ол ас қорыту жүйесінің функциясының бұзылуын көрсетеді

Slide 15

Диспепсиялық бұзылыстар:

Жүрек айну

Ауамен кекіру

Ауыздағы ащы дәм

Құсу

Әлсіздік

Жұмысқа қабілеттің төмендеуі

Ашуланшақтық

Дене температурасының субфибрильді көтерілуі

Slide 16

Аурудың жеңіл дәрежесінде; 2-3 күнге созылатын ауру сезімі, диспепсиялық көріністері мүлдем болмайды, диеталық емге тез беріледі.

Аурудың орташа дәрежесінде; ремиссия кезеңінде, ауру сезімімен диспепсиялық бұзылыстар 2-3 аптаға дейін созылады. Мерфи, Ортнера, Кера, Гаусмана, Василенко симптомдары оң нәтиже береді; трансаминазалардың деңгейі жоғарылайды, әсіресе АЛТ және фосфотаза.

Аурудың ауыр дәрежесінде; ауру сезімі өте қатты және тұрақты, айқын диспепсиялық бұзылыстар, және асқынулары өте көп.

Созылмалы холецистит

Slide 17

Симптомдары

1-группа:сегментті-рефлекторлы симптом.

Маккензи симптомы- оң жақ қабырға доғасы мен іш қуысының тік бұлшықет қиылысын басқанда ауру сезімі

Алева симптомы- маккензи нүктесінен өт қапшығына қарай басқанда ауру сезімі

Боаса симптомы- Х1 ші Х11 ші қабырғаның оң жақ тұсында

Slide 18

2 группа- өт қапшығын пальпациялау

Керра симптомы- өт қабының проекциясында дем алғанда терең пальпациялау

Мерфи симптомы-терең тыныс аллғанды оң жақ қабырға астын пальпациялағанда ауру сезімі күшейіп науқас дем алуын бірден тоқтатады.

Гаусман -Василенко-Лепене - симптомы- іштің тырысып тұрған жағдайында оң жақ қабырға доғасының деңгейінде ұрғылау

Slide 19

3-группа; оң жақтық вегетативтік синдром

Мюсси- Георгиевский симптомы- бұғана-төс-емізіктәрізді өсіндінің бұлшықеттерін қиылысын басқанда ауыру

Бергманның орбитальді нүктесі- көз орбитасының оң жағында үшкіл нерв бар соны басқанда ауру сезімі

Хоритоновтың кеуделік нүктесі- 1V кеуде омыртқасының сүйектік өсіндісінен оң жақа 2 см де орналасқан

Slide 20

Асқынулары

Холангит- өт түтігінің созылмалы қабынуының нәтижесі

Өт қапшығының қабырғаларының перфорациясы

Эмпиема

Реактивті гепатит

Slide 21

Диагностикасы

Қабыну болп жатқан кезде лабораториялық зерттеулерде; СОЭ жоғарылауы, лейкоцитоз байқалады

Биохимиялық қан анализінде бауыр ферменттерінің жоғарылайды; АЛТ, АСТ, фосфатаза, холестаз кезінде биллирубин, өт қышқылы, холестерин жоғарылайды

Бактериологиялық зерттеу кезінде; жиі ішек таяқшасы, протей, стрептокок, энтерокок табылады.

Slide 22

Дуедональды зондтау- холестерин кристаллдары көрінеді, өт қышқылынң қоюланып түсінің өзгеруі қабыну процессін көрсетеді.

УДЗ кезінде анықтауға болады;

Қабырғасының қалыңдауы

Көлемі үлкейеді

Деформациялануы

Тастың болуы мүмкін

Өт жолдарының қабынулық өзгерістері

Өт түтігінің кеңеюі

Мотроикасының бұзылуы

Slide 23

Сонымен қатар өт қабының моторикасын, көлемін зерттеу үшін келесі әдістерді қолдануға болады

Холецистография

Холеграфия

Артериография

Slide 24

Емі

Диета-№5 ші стол;

Жеміс жидектен, сүттен жасалған сорпалар

Каша, қара нан

Қант, бал күніне 70гр

Күніне 1 стакан компот, газдалмаған минералды сусындар

Майлы тағамдар қолдануға болмайды; сары май және тұз күніне 10 гр

Ет, балық, мороженое, шоколад, кокао, алкоголь қолдануға мүлдем болмайды

Slide 25

Медикаментозды препараттар

Қатты ауру сезімі бар кезінде 1-2 таблетка Но-шпа

Нитроглицерин тіл астына

Кейде Спазмолитиктер(Баралгин б/е 5 мг)


Ұқсас жұмыстар
Шизофрения ауруы
Антибиотиктермен емделген немесе аурудың алдын алу үшін берілген жануарлар Антибиотикті қолдану ережесінде көрсетілген уақыт өткенше
Астық тұқымдастары
«Гиподерматоз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.»
Құс шаруашылығы өнімдерін ветсансараптау
Ішкі ауру көрінісі және ауруға деген қарым - қатынас түрлері
Шизофренияның формалары
Аяқтың спазмалық парезі, этиологиясы, диагностикасы, емі
Еттің балаусалығын зертханалық әдістермен тексеру
АУРУДЫҢ ІШКІ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ АУРУҒА ДЕГЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz