КЕУДЕ ЖАРАҚАТТАРЫ


Slide 1

КЕУДЕ ЖАРАҚАТТАРЫ

Slide 2

Кеуденің зақымдануы ашық және жабық болып бөлінеді. Бұл екі жағдайда да олар ішкі мүшелер (өкпе, жүрек және тамырлар) қоса зақымдануы мүмкін. Жабық зақымданулар ауырлықтары алуан түрлі болады. Егер жұмсақ ұлпалар ғана зақымданатын болса онда мұндай зақымданулар жеңіл деп есептеледі. Кеуде ішіндегі мүшелердің қоса жарақаттанатының есептемегеннің өзінде сүйектердің, қабырғалардың, төстің, жауырындардың және тағы сол сияқты зақымдануларының өзі ауыр жарақаттанулар қатарына жатқызылады.

Кеуде жарақаты

Slide 3

Ашық яғни тесілген жарақаттар барысының ауырлығы да көп жағдайларға, соның ішінде жарақатқа ұшыратқан снарядтың, оқтың, снаряд жарықшағының, екінші снарядтар-тастардың, қираған үй бөлшектерінің, айналадағы заттардың сипатына байланысты. Өкпенің шет жақтарынан гөрі ортанғы тұсының жарақаты ауыр өтеді. Ірі тамырлар мен бронх жарақаты жарақаттанушылардың қаза табуына әкеп соғуы мүмкін.

Slide 4

Кеуде зақымдануы үш түрге бөлінеді: жабық пневмоторакс, ашық пневмоторакс, клапанды пневмоторакс. Плевралық қуысқа ауа немесе қан құйылады. Плевралық қуысқа құйылатын қанның мөлшеріне қарай кіші, орташа және үлкен гемоторакс деп айырылады. Үлкен гемоторакс кезінде бүкіл кеуде клеткасының үстінгі жартысынан ашық немесе күңгірт дыбыс естіледі, көкірек бір жаққа ығысады, орташа гемоторакс кезінде қанның денгейі жауырынның ортасына, ал кіші гемоторакста - жауырынның ортасынан төмен болады. Ашық пневмоторакс кезінде атмосфера ауасы жарақат тұсындағы плевра қуысына еркін кіреді, бұл ауа жұтқан кезінде кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде оның шамалы жиырылуына алып келеді. Ашық пневмоторакстың белгісі: дем алғанда қиналып дем алу, ентігу, жөтелу, қанды қақырық тастау байқалады. Кеуде жарақаттанған кездегі шок пен қан кету өмірге қауіп туғызады. Жабық зақымданулар: ішкі мүшелеріне зақым келтірілмей кеуде клеткасына тиген соққылар елеулі түрде жеңіл, ал ішкі мүшелеріне зақым келтіріп кеуде клеткасын қозғаған, жаншылған соққылар өте ауыр өтеді.

Slide 5 Slide 6

Кеуде клеткасы соғылған кезде жаншылады, ол өкпе паренхимасын үзіп, өмірге түрлі қауіп төндіреді. Кеуде жарақаты кезінде көбіне 6-10 қабырғаға дейін сынады. Қабырғалар сынуының белгілері зақымданған жердің қатты ауыруы, дем алу ауырсынуы, жиілеуі және қабырғаны басып байқағанда қабырға сынықтарының сықырлауы (крепитация) байқалады. Қабырғалар сынуының ең ауыр түрі - көп қабырғаның сынуы. Бұл жағдайда екі жақтағы-зақымдалған қабырғалар саны 10-12-ге дейін жетуі мүмкін. Қабырғалардың опырыла немесе қосарлана сынуы өте ауыр өтеді

Саггитальді компресся кезігдегі қабырға сынықтарының локализациясы (штрихтелген)

а-жалпақ б-цилиндрлік в-коникалық

Slide 7

Кеуде жарақатының жіктелуі (Комаров Б. Д; 2002) :

1. Біржақты.

2. Екіжақты.

Кеуденің зақымдануының жіктемесі:

1. Кеуденің жабық зақымдануы.

2. Кеуденің ашық зақымдануы (жаралануы) .

Кеуденің жарақатық зақымдану түрлері:

1. Көкіректің жəне оның ағзаларының шектелген зақымдануы.

2. Көкіректің жəне оның ағзаларының көптеген жарақаттары.

3. Көкіректің жəне оның ағзаларының қосарланған зақымдануы.

Кеуде жарақаты бөлінеді:

1. Париетальдық плевра тесіп өткен зақым.

2. Париетальдық плевра тесіп өтпеген зақым.

Көкіректің ішіне енген жарақат түрлері:

1. Түйреліп-кесілген:

- тұйық, тесіп өткен;

- біржақты, екіжақты;

- жалғыз, көптеген;

-пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.

2. Оқжарақаттар:

- тұйық, тесіп өткен;

- біржақты, екіжақты;

- жалғыз, көптеген;

-пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.

Кеуденің жабық жарақаты тізіміне кіреді:

- қабыртқа сынуы;

- кернеулі пневмоторакс жəне гемоторакс дамыған өкпе зақымдануы;

- өкпенің соғылуы;

- көкірекорта эмфиземасы;

- жүректің соғылуы.

Slide 8

Қабыртқа, төс сынуы Төс сынуы

1. Жабық:

- ығысусыз;

- ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен жəне алға - артқа ығысуы) .

2. Ашық:

- ығысусыз;

- ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен жəне алға - артқа ығысуы) . Қабыртқалар сынуы

1. Оқшауланған:

- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;

- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс) .

2. Көптеген:

- кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз;

- кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс) ;

- қабыртқалық қақпақшалар пайда болуымен.

Көкіректің ашық жарақаты Кеуде жарақаты бөлінеді:

1. Париетальдық плевра тесіп өткен зақым.

2. Париетальдық плевра тесіп өтпеген зақым. Кеудені тесіп өткен жарақат түрлері:

1. Түйреліп-кесілген:

- тұйық, тесіп өткен;

- біржақты, екіжақты;

- жалғыз, көптеген;

- пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.

2. Оқжарақаттар:

- тұйық, тесіп өткен;

- біржақты, екіжақты;

- жалғыз, көптеген;

- пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен.

Slide 9

Қабырға сынуы

а - локальді;

б-конструкциялық; 1, 3 - сыртқы пластинканың зақымдануы;

2, 4 - ішкі пластинканың зақымдануы

Slide 10

Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін шараларға шок, қан кету және гипоксия құбылыстарының алдын алу жатады. Ашық зақымданып, кеуде қабырғаларынан қан кетіп жатқан кезде қысатын таңғыш, ашық пнемоторакс кезінде герметикалық окклюзивті таңғыш салу, ауырғанды басатын (промедол, анальгин) және жүрек дәрілерін (кордиамин, корглюкон) жіберу аса маңызды. Зардап шегушіні кеудесін жоғары жатқызып ауруханаға тасымалдайды

Алғашқы медициналық жәрдем

Slide 11

Жедел жəрдем көрсету тактикасы:

1. Асептикалы таңғыш салу.

2. Аашық пневмоторакста герметизациялайтын таңғыш салу.

3. Кеуде қабырғасында көлемді ақау анықталса жарақатты стерильді орамалмен жауып, циркулярлы таңғышпен фиксациялау.

4. Қақпақшалы кернеулі пневмоторакс болған жағдайда бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 2-3-ші қабыртқа аралыққа Дюфо тəсілімен 3-4 ине немесе троакар енгізу арқылы плевра қуысын дренаждау; түтіктің немесе иненің бос ұшына резеңке қақпақша бекітіледі.

5. Үлкен гемоторакс анықталғанда артқы қолтықасты сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралықтан плевра қуысын дренаждау.


Ұқсас жұмыстар
Кеуде жарақаттары кезіндегі алғашқы көмек
Ветеринариялық хирургия
Омыртқа жарасы
ПЛЕВРАНЫҢ ҚАБЫНУЫ
КУРСАК КУЫСЫНЫН ХИРУРГИЯЛЫК АУРУЛАРЫМЕН ЗАКЫМДАРЫ
Плевра синусы
Өкпе туберкулезі
СӨЖ КЕУДЕ ЖАРАҚАТТАРЫ
ПЛЕВРИТ ЖӘНЕ КЕУДЕ АУРУЛАРЫ
Бас жарақаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz