Инновациялық қызметтен табыс алу


Slide 1

Тақырыбы:

Кәсіпкерлік орта факторлары және инновациялық кәсіпкерлік мүмкіндіктерді анықтау, бағалау

Slide 2

Топ мүшелері:

Қуанышбай Бейімбет

Нұрдаулет Мұхаметәли

Жақсыбай Ақерке

Әсілова Камшат

Шамуратова Ұлжан

Slide 3

Кәсіпкерлік орта дегеніміз - еліміздегі нарықтық экономикадағы барлық субъектінің қажеттілігінен шығуға бағытталған азаматтардың экономикалық еркіндігін қамтамасыз етуші әлеуметтік - экономикалық, саяси, азаматтық - құқықтық жағдайлар болып табылады.

Кәсіпкерлер кәсіпкерлік ортаны құрайтын, көздеген мақсатты орындау жолындағы іс-әрекеттер, жобалар мен келісімдер орындалатын мүмкіндік болғанда ғана қызмет атқара алады. Осы аталған факторларға қоса кәсіпкерлік даму үшін шешуші роль атқаратын жағдай - экономикалық еркіндік. Экономикалық еркіндік маңызы - заңды кәсіпкерлік істерді орындау үшін, экономикадағы басшылыққа мемлекеттің кепілдігі болып саналады. Экономикалық еркіндік дегеніміз - барлық азаматтарға өзінің өнері мен қабілетін, білімін мүмкін экономикалық қызмет пен іс-әрекеттерге жұмсап пайдалануына мүмкіндіктің болуы. Осындай жағдайларға байланысты қолдан жасаған монополияға, жөнсіз бәсеке мен жарнамаға жол бермейтін құқықтық нормалар мен ережелердің қажеттігі туындайды.

Slide 4

Кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлердің өздері құратын ішкі ортаға бөлінеді.

Сыртқы орта дегеніміз - сыртқы факторлардың жиынтығы және ол бүкіл елдегі және жеке аймақтағы кәсіпкерлік сі-әрекеттерге айтарлықтай ықпал етеді. Кәсіпкерлер сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделіп, қауіп - қатерлі жағдайлармен күресіп отырғанда ғана табысқа жетеді.

Сыртқы кәсіпкерлік ортаға мынадай кіші жүйелер жатады:

елдегі және аймақтардағы экономикалық жағдайлар;

қоғамның және мемлекеттің бірқалыпты дамуын сипаттайтын саяси орта;

құқықтық орта - нарықтық экономика субъектілерінің, кәсіпкерлердің міндеттері мен жауапкершіліктері, құқықтарын анықтап жеткізуші;

кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы және реттеуі;

тұрғындардың төлем қабілеті мен жұмыссыздық деңгейіне байланысты әлеуметтік - экономикалық жағдайлар;

мәдени орта - тұрғындардың білім деңгейі, кәсіпкерлік белгілі бір түрімен щұғылдану мүмкіндігі;

ғылыми - техникалық және технологиялық орта;

белгілі бір істі дамытуға қажетті өндірісті табиғи факторлардың жеткілікті болуы;

институционалдық - ұйымдастырушылық орта, коммерциялық, іс-әрекеттер мен іскерлік байланыстарды қамтамасыз етуге мүмкіндік алатын ұйымдар санын анықтап, реттеуші.

Slide 5

Кәсіпкерліктің табысты болуы көптеген факторларға байланысты, оның ішінде кәсіпкерлік ұйымның ішкі жағдайларының жиынтығы маңызды роль атқарады. Кәсіпкерліктің ішкі ортасы кәсіпкердің жеке басының жауапкершілігіне, күш-еркіне, мақсаткерлігіне, табандылығына бизнес ісін ұйымдастырып, меңгере білуіне тікелей байланысты.

Кәсіпкерліктің ішкі ортасына мынадай факторларды жатқызуға болады:

жеке капиталының жеткілікті мөлшері;

кәсіпорынның ұйымдастырушылық - құқықтық формасын дұрыс таңдай білу;

іс-қызмет түрін таңдай білу, әріптестерді іріктеу;

нарық жағдайын білу, маркетингтік зерттеуді жоғары дәрежеде жүргізу;

кадрларды таңдай білу, персоналды басқару және оларды материалдық ынталандыру мәселелері;

кәсіпкерлік құпияны сақтай білу механизмі және т. б.

Slide 6

П. Друкер үш шартты келтіреді:

Инновациялық қызмет - бұл жұмыс. Ол білімді, жиірек - үлкен өнертапқыштықты талап етеді.

Табысқа жетуі үшін жаңашылдар өздерінің күшті жақтарын пайдалана білуі тиіс.

Инновациялар экономика мен қоғамға әсер етеді. Олар тұтынушылар мінез-құлқын өзгертеді, немесе қандай да бір үрдістерде өзгерістердің болуына әкеледі.

Slide 7

Инновациялық кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін факторлар

Фактор топтары

Факторлар

Экономикалық, технологиялық

Қаржылық, материалды-техникалық құралдар, прогрессивті технологиялар резервтерінің, қажетті шаруашылық және ғылыми-техникалық инфрақұрылымның, инновациялық қызметті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларының болуы; инновациялық қызметке материалдық мадақтау

Саяси, құқықтық

Инновациялық қызметті мадақтайтын заңды шаралар, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

Ұйымдық-басқарушылық

Ұйымдық құрылым икемділігі, басқарудың демократиялық стилі, ақпараттың көлденең ағымының басымдығы, өзін өзі жоспарлау, түзетулерге жол беру; орталықсыздандыру, автономдық, мақсатты, мәселелі топтарды қалыптастыру, реинжиниринг

Әлеуметтік-психологиялық және мәдени

Моральдық мадақтау, қоғамдық мойындау; өзін өзі жүзеге асыру үмкіндігін қамтамасыз ету, шығармашылық еңбекті босату. Еңбек ұжымындағы қалыпты психологиялық ахуал.

Slide 8

Инновациялық кәсіпкерлік модельдері

Slide 9

Инновациялық кәсіпкерліктің типтік сызбасы

Slide 10

Инновациялық кәсіпкерлік стадиялары

Инновациялық идеяларды генерациялау

Неғұрлым перспективті идеяларды іріктеу және бағалау

Бизнес-жоспарларды әзірлеу

Қажетті ресурстарды іздеу

Инновациялық кәсіпорынды тіркеу

Эсперименталды үлгіні жасау және ендіру

Жасалған интеллектуалды өнімді қорғау

Сату мәліметтерін талдау және сәйкес түзетулер

Жаңа тауарды массалық өндіру

Инновациялық қызметтен табыс алу

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері
Табыстылықты талдау
Табыс салығы
Компанияның рыноктық құнын анықтау
Ақша ағымдарын жоспарлау
КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ТАНУ
Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторлардың міндеті мен құқығы
Кәсіпкерліктің функциялары
Активтердің рентабелділік коэффициенті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz