Таным құрылымы




Презентация қосу
ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ
Орындаған: Кадирали Арайлым
Мазмұны
◦ 1. Таным дегеніміз не?
◦ 2. Танымның практикалық табиғаты.
◦ 3. Таным құрылымы.
◦ 4. Танымдағы ақиқат мәселесі.
◦ 5. Таным деңгейлері мен әдістері.
◦Ежелгі замандардан адамды қоршаған орта, дүние, ғалам
туралы ойлар толғандырған. Осыдан адам дүниені танып
біле ала ма деген сұрақ туындайды. Таным деп біз
адамның қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған іс-
әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда дамып отырады.
Дүниетанудағы негізгі мақсат – зерттелетін заттар мен
құбылыстардың ішкі сырын ашу, білу. Білім –әрқашанда
шындықтың идеалдық бейнесі. Демек, танымды күрделі
үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз
керек.
Танымның практикалық табиғаты.Практика (грек сөзі,
белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны
өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін
бейнелейді. Танымның негізгі мақсаты тек қана білімді
жетілдіру емес, сонымен қатар әрқашан өзгерісте болатын
қоғам мен адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін
өтеуде болады
◦Осы тұрғыдан ғылымның қайнар көзінің адамзат
практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады.
Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен
планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне
Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен су
жолдарын тартуға мәжбүр етеді. Соның нәтижесінде
геометрия мен математиқаның негіздері пайда болды.
Таным құрылымы - өте күрделі үрдіс, ол сезімдік және рационалдық болып
бөлінеді. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және
елестету болады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсіктері арқылы
байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-
қаттылығын, ащы-тәттілігін анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан
айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар
ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен
байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне
жатады. Олар, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен
тығыз байланысты.
Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырьш,
сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік
алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлітүстілігін т.с.с.
Қасиеттерін белек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып
табылады.. Мысалы, егер көктемде алқызыл апорт алмасын көрсек, оның
біртұгас бейнесін, оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Егерде күзде осы
апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, формасына ерекше көңіл
бөлеміз, оны тек тағам емес, Эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.

Абстрактіліқ ойлау формаларында бірінші ұғымдар
аталады. Онда заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді,
қажетті жақтары бейнеленеді. Г.Гегель ұғымды
табиғаттың жаны дейді. Өйткені қайсыбір ұғым
мазмұнына заттың мәнді қасиеттері кіреді. Ұғым бір
жағынан, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бізге керек
сан алуан қасиет-терінің бар екенін және олардың бір-
бірімен байланысын бейнелесе, екінші жағынан, адамның
танымдағы белсенділігін, ой мен білімнің нәтижелігін
көрсетеді.Жалпы алғанда, ойлау ұғымдарды ретімен
байланыстырып, белгілі бір пікірге келу, пайымдау болып
табылады.
◦Адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллектні айтуға
болады. Ол адамның ең жоғарғы, дүниені біртұтас
қамтуға бағытталған ойлау қабілеті.
◦Танымдағы ақиқат мәселесі.Практикамен тығыз
байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы
ашылған білімнің ақиқаттығы. Қайсыбір білімнің екі жағы
бар. Біріншісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның
түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері болса, екінші-
тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени
ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану
тәсілдерімен байланысты. Танымның осы екі жағы бір-
бірімен өте тығыз байланысты. Дүниені зерттеуде адамзат
шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды,
өйткені ол – шексіз үреріс. Сондықтан ақиқаттың да
объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік,
когеренттік т.с.с. Жақтары ерекше бөлініп алынып
талданады.
Таным деңгейлері мен әдістері.Танымдағы сезімдік және ақыл-ой
сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар бір-бірімен
тығыз байланысты эмпирикалық және теориялықбілім.
Қайсыбір зерттеу эмпирикалық сатыдан, яғни ғылыми деректерді
жинаудан басталады. Ол үщін зерттелетін зат (объект), я болмаса
құбылысты (феномен) бақылау қажет. Таным субъектісі (ғалым, я
болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін объект жөнінде белгілі
бір пікір, тұжырым, мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі.
Тәжірибелік таным барысында ғылыми деректер жиналып,
салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі.
◦ Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге – тәжірибелік білімді ұғым,
тұжырым, заң т.с.с. Ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтеріледі.
Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты
байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз.

Ұқсас жұмыстар
Өндіргіш күштер функциясы
Тіл және сөйлеу
Блум таксономиясының танымдық деңгейлері
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМ ТҮСІНІГІ
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Ғылыми зерттеудің мәні
ЖОО педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі
Блум таксономиясы оқыту нәтижелілігін бағалау әдістемесі ретінде
Жалпы әдіснама
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
Пәндер