Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер


Slide 1

Липидтер

Орындаған: Аманбай Аида

Факультет: Жалпы медицина, 101-Б

Қабылдаған: Тулеева Г. Т.

Slide 2

Липид

Химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Протоплазманың, вакуоляның, пластидтердің, ядро мен басқа да органеллалардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тəрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Белоктар мен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар - липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембранасын түзеді. Липид - гректің Lipos - май деген сөзінен шыққан.

Slide 3 Slide 4

Қызметі

Құрылымдық (белокпен бірге мембрана құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді) ;

Регуляторлық (кейбір гормондардың липидтік табиғаты болады) ;

Қорғаныш (жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштығын қамтамасыз етеді) ;

Жануарлар ағзасы үшін су көзі;

Энергия қорының бір түрі (1 г май тотыққанда 39 кДж немесе 9, 5 ккал энергия бөлінеді) жəне тірі ағза үшін көміртегі атомдарын беруші.

Slide 5

Липидтер құрамына, құрылысына жəне ағзада атқаратын рөліне қарай жіктеледі

Липид

Күрделі

Қарапайым

Балауыз

Май

Стероид

Фосфолипид

Гликолипид

Стерид

Slide 6

Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер

Сабынданатын липидтер гидролиз барысында бірнеше компоненттерге ыдырайды

Қарапайым липидтер: - Бейтарап майлар, - Балауыздар.

Күрделі липидтер: -Глицерофосфолипидтер, -Гликолипидтер, -Сфинголипидтер.

Сабынданбайтын липидтер молекуласы гидролизге ұшрамайтын липидтер:

стериндер,

стероидттар (гормондар, өт қышқылдары),

терпендер.

Slide 7

Қарапайым липидтер

Бұлар негізінен екі компонентті заттардан, яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі - глицериннен жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан не полициклді спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар (триглицеридтер) - жоғарғы май қышқылдары мен үш атомды спирт глицериннің күрделі эфирлері жатады. Қарапайым липидтер тобына негізінен кəдімгі майлар жатады, оларды бейтарап майлар немесе глицеридтер деп атайды. Бұл нейтралды майлар, олардың негізгі құрамы - глицериннің күрделі эфирі мен жоғары май қышқылдарынан тұрады. Липоидтар тобына жататын заттар адам, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында, майлардың химиялық құрамына тəуелсіз болады.

Slide 8

Қарапайым липидтер өте ертеден белгілі зат, оны адам баласы құрылысы белгісіз бола тұрса да, ертеде-ақ əртүрлі қажеттілігіне қолдана білген. Мысалы, ас үшін, майлау, жарық үшін пайдаланған. Кейін XVIII жəне XIX ғасырларда оның құрылысы ашыла басталды. 1828 жылы Шеврель деген оқымысты қарапайым липидтер гидролизденгенде глицериннен басқа да органикалық қышқылдардың қатарын беретінін ашып, ол қарапайым липидтердің құрамына кіретін маңызды қышқылдарының құрылысын зерттеп, оларға ат берді: стеарин, пальмитин, олеин. Бертін келе Бертло қарапайым липидтерді синтездеді. Бутлеров молекулалық формуласын жасаған.

Slide 9

Қарапайым липидтер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Қарапайым липидтер бір-бірінен иісі, түсі, қаттылығы жағынан əртүрлі болады, қарапайым липидтердің əртүрлілігі өсімдіктердің, жануарлардың түріне, тұқымдарына, қорек заттарына, өмір сүретін ортасына байланысты болады. Қарапайым липидтердің құрамына кіретін органикалық қышқылдардың қаныққан-қанықпағанына байланысты қарапайым липидтер қатты жəне сұйық күйде кездеседі. Өсімдікте қарапайым липидтер түзілетін негізгі заттар - көмірсулар, олардың ішінде, глюкоза мен фруктоза. Кейбір микроағзалар пентозалардан қарапайым липидтерді синтездейді. Қарапайым липидтердің синтезі тұқым мен жемістің жетілген кезінде қарқынды жүреді. Ағзада қарапайым липидтердің мөлшері көбейгенде, көмірсулардың мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3% май, 21% крахмал болады, ал жетілген жаңғақ жемісінде 62% май, 2, 6% крахмал кездеседі.

Slide 10

Балауыз дегеніміз - əдеттегі температурада қатты, май тəрізді зат. Бұл май қышқылдары мен үлкен молекулалы бір атомды спирттердің күрделі эфирлері. Балауыз түрлері: ара балауызы, ланолин, спермацет, карнаубы балауызы, монтанн балауызы т. б.

Slide 11

Стеридтер жоғары май қышқылдар мен полициклдік спирттердің (стеролдар) күрделі эфирлері. Стеридтер табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, олардың құрылысының негізі циклді көмірсутек - немесе стерин болып табылады. Стеридтерге биологиялық маңызы зор бірнеше қосылыстар жатады:

стероидтар немесе стериндер;

Д тобының витаминдері;

жыныс гормондары;

бүйрек үсті бездерінің гормондары;

өсімдік сапониндері мен алколоидтар;

өт қышқылдары;

кейбір улы заттар;

Slide 12

Холестерол - мал жəне адамдағы барлық стероидты гормондардың

алғы заты. Бұдан өт қышқылдары түзіледі, ондай қышқылдар майлардың қорытылуына

жəне ағзаға сіңуіне қа тысады. Мысалы, сүтқоректі жануарлар эритроциттеріндегі

барлық липидтердің 40-60%-ы холестерол. Жүйке ұлпаларында, өт тастарында

холестерол көп.

Жасуша биомембранасының аққыштығын, тұтқырлығын қамтамасыз ететін маңызды бір құрамды бөлігі.

Көптеген гормондар, өт қышқылдары, Д витаминін құраушы витамин топтары осы холестериннен синтезделеді.

Атеросклероз жəне осы науқаспен тығыз байланысты инфаркт, инсульт сияқты жүрек

аурулары да холестериннің адам ағзасындағы айналымымен, оның өзгеруімен тығыз

байланысты.

Холестериннің ағзаға түсуі екі жолмен жүреді.

Экзогенді холестерин - тағаммен түседі (ет, икра, май, жұмыртқаның сары уызы) .

Эндогенді холестерин - бауырда, аздаған мөлшерде теріде, ішекте синтезделеді.

Slide 13 Slide 14

Күрделі липидтер

Күрделі липидтер фосфолипидтер, гликолипидтер болып бөлінеді, олар көп компонентті молекулалардан тұрады. Бұл компоненттер бір-бірімен түрлі химиялық типтегі байланыстармен қосылысады. Фосфолипидтер. Күрделі липидтер ішінде көп таралғаны. Барлық фосфолипидтер құрамында фосфор қышқылы қалдығы болады. Олар майға жақын, глицериннің екі гидроксилдік тобы - май қышқылдары мен этерленген. Үшінші гидроксилдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Фосфолипидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым липидтер және өкілдері
Май қышқылы
Май қышқылдары
Липидтердың маңыздылығы
Липидтердің құрылысы
Липидтердің қызметтері
Липидтер туралы жалпы түсінік
Липидтер алмасуының патологиясы
Липидтер алмасуының сатылары
Липидтердің алмасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz