Қан түсі


Slide 1

Қан

Орындаған:Аманбай Аида

Факультет:Жалпы медицина

Қабылдаған:Асан Г. Қ.

Slide 2

Қан дегеніміз не?

Тірі организмнің бойымен қан тамырлары

арқылы үздіксіз жүріп тұратын қызыл

түсті сұйық зат. Дәнекер ұлпасынан

тұратын, ағзаның ішкі сұйық ортасы.

26. 03. 2021

2

Slide 3

Қан құрамы

Қанның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұюға қатысады.

Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады

26. 03. 2021

3

Slide 4

Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі.

26. 03. 2021

4

Slide 5

Қан түсі

Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Қанның түсі, реңі эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әр түрлі газдармен, басқа да химиялық заттармен реакцияға түсіп, тиісті қосындылар құруына байланысты. Мәселен, артерия қанның ашық қызыл түсті қанда оксигемоглобиннің, вена қанының күңгірт түсі карбогемоглобиннің көбірек болуына байланысты. Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин түзіледі де, қанның түсі қызыл күрең тартады.

26. 03. 2021

5

Slide 6

Қанның маңызы

Қорғаныш қызметі - Ауру тудыратын микробтарды зиянсыз етеді - Тромбоциттер қан ұюына қатысады - Иммунитет антидене түзеді

Гуморальдық қызметі -Денедегі тұрақты температурасын сақтайды -Мүшелер мен жүйелердің жұмысының гормондық (гуморальдық) реттелу жүреді

Тасымалдау қызметі: -Қоректік қызметі -Зәр шығару қызметі -Тыныс алу жүйесі

26. 03. 2021

6

Slide 7

26. 03. 2021

7

Slide 8

Қанның қызметі

асқорыту - қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)

қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.

терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

26. 03. 2021

8

Slide 9

Тұтқырлығы

Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының -глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1, 7-2, 2.

26. 03. 2021

9

Slide 10

Қанның ұюы

Ұю - қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттің арқасында қанның сыртқа шығуы тоқтайды. Мұны гемостаз, яғни қан тоқтау дейді. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауының не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық және биофизикалық үрдіс. Ұйыған кезде қан қоюланып, тромбыға айналады. Тромбы қан тамырларының жарасын бітейді де, сыртқа қан кетуін тоқтатады.

26. 03. 2021

10

Slide 11

Гемофилия

Гемофилия . Ұдайы қан ағып, тоқтатуы қиынға соғатын, көбінесе еркектерге тән тұқым қуалайтын ауру. Аурудың негізгі себебі қан ұюына қатысты фактордың жетіспеушілігі. Гемофилия белгілері балалық шақта анықталғанмен есейе келе бәсеңсиді. Дегенмен, гемофилияның кейбір түрлері еркектер арасында кездеседі. Соғылған кезде тері асты, ет арасы т. б. жерлерден қан кетеді. Тісті жұлғанда адам өміріне қауіп туарлықтай қан тоқтамай ағуы мүмкін.

26. 03. 2021

11

Slide 12

Құрамы

Эритроцит -қанның қызыл түйіршіктері. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы эритроцитоз, аз болуы эритроцитопения . Оттегін және көмірқышқыл газын тасымалдайды. Қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады. Эритроциттер оттекті байланыстырып, берік емес қосылысқа - оксигемоглобинге айналдырады. Тіршілік ұзақтығы 120 күн.


Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалаудың жалпы заңдылықтары. Аллельді гендердің өзара әсері
Гемолиттік анемия
Сарғаю белгілері билирубин
Балық шаруашылығы өнімдерін балықтың вирустық ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
МАЛ ТҰҚЫМЫ
Гингивиттің белгілері
Құрамына кумарин кіретін препараттар
Ауру малдың етін анықтау
ФЕНОТИП ГЕНОТИП
Антибиотиктермен емделген немесе аурудың алдын алу үшін берілген жануарлар Антибиотикті қолдану ережесінде көрсетілген уақыт өткенше
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz