Симпатикалық жүйке


Slide 1

Вегетативті жүйке жүйесі.

Орындаған: Аманбай Аида

Факультет: Жалпы медицина, 101-Б

Қабылдаған: Асан Г. Қ.

Slide 2

Жоспар

Вегетативті жүйке жүйесінің функционалды құрылымы.

Симпатикалық бөлім.

Парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлік

Slide 3

Вегетативті жүйке жүйесі

Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі - барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.

Slide 4

Вегетативті жүйке жүйесі

Ішкі ағзаларды, тамырларды, бұлшықеттерді, бездерді, теріні, орталық жүйке жүйесін иннервациялайды.

Ішкі орта тұрақтылығын, қаңқа бұлшықеттерінің трофикалық иннервациясын эндокринді және гуморальді регуляциямен сақтап отырады.

Екі бөлімнен тұрады: симпатикалық және парасимпатикалық.

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімінің функциональды әсері ішкі ағзаларға қарама қарсы болып келеді.

Slide 5

Құрылысы

А- парасимпатикалық,

Б- симпатикалық бөлім

1- симпатикалық сабаудың мойындағы жоғарғы түйіні; 2- жұлынның бүйірлік мүйізі (бағаны) ; 3- жүректің мойындық жоғарғы нерві; 4- кеуде, жүрек пен өкпе нервілері; 5- ішкі құрылыстық үлкен нерв; 6- іш өрімі; 7- іштің жоғарғы өрімі; 8- іштің төменгі өрімі; 9- ішкі құрылыстық кіші нерв; 10- белдің ішкі құрылыстық нерві; 11- сегізкөз ішкі құрылыстық нерві; 12- сегізкөз парасимпатикалық ядросы 13- ішкі құрылыс жамбастық кіші нерв; 14- жамбас парасимпатикалық түйіні; 15- орган өрімі құрамындағы парасимпатикалық түйін; 16- кезбе нерв; 17- құлақ парасимпатикалық түйіні; 18- жақсүйекасты парасимпатикалық түйіні; 19- қанат-таңдай парасимпатикалық түйіні; 20- кірпік парасимпатикалық түйіні; 21- кезбе нервінің дорсал ядросы; 22- сөлбөлетін төменгі ядро; 23- сөлбөлетін жоғарғы ядро; 24- көз қимылы нервінің қосымша ядросы;

Slide 6

Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері

ВЖЖ: жүйке жасушасынан және өсіндісінен- жүйке талшығынан тұрады. Вегетативті жүйке жасушалары мида және жұлында жинақталып, вегетативті ядроны құрайды. ВЖЖ омыртқа жотасы, ішкі ағза маңында және олардың қабырғаларында көптеп орналасқан.

Құрылысына қарай: орталық және перифериялық болып бөлінеді: Орталық бөлім - ( ми және жұлындағы ядро) ; Перифериялық бөлім - (мидан тыс және жұлын айналасындағы құрылымдар) ; -вегетативті ганглилер -пре және погстганглионарлы талшықтар -вегетативті өрімдер

Ми және жұлыннан шыққан ВЖЖ преганглионарлы талшық деп аталады. Олар вегетативті түйін жасушасына келеді. Түйіннен ішкі ағзаларды иннервациялайтын постганглионарлы талшық шығады.

Вегетативті ганглийлер - перифериялық жүйкелердің макроскопиялық қалыңдаған түрі. Ганглийлерде преганглионарлы талшық постганглионарлыға синаптикалық түрде ауыстырылады.

Slide 7

Қызметі

Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның

тұрақтылығын, түрлі бездердің,

қантамырларының, лимфа тамырларының

қызметін реттейді.

Рефлекстік доғасы үш нейрондық байланыстан

тұрады:

Сезгіш

Байланыстырғыш

Қозғалтқыш

Вегетативті жүйке жүйесінде қозу баяу

жүреді, себебі мұнда жүйке талшығының

майлы қабығы болмайды.

Slide 8

Вегетативті жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметіне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді.

Slide 9

ВЖЖ

Парасимпатикалық жүйке жүйесінің жүйке орталықтары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның бөлімінде орналасады. Орталық жүйке орталықтарынан шыққан миелинді түйіналды (преганглионды) жүйке талшықтары жүйке ганглийлеріндегі мультиполярлы нейроциттерде аяқталып, жүйке толқындарын жеткізеді

Симпатикалық жүйке жүйесі омыртқаны бойлай орналасқан оң және сол шекаралық симпатикалық бағандардан, ганглийлерден

(жүйке түйіндері), ганглийлерді өзара және жұлын эффекторларымен байланыстыратын жүйке талшықтарынан құралған адам мен омыртқалы жануарлардың автономдық жүйке жүйесінің бір бөлігі.

Slide 10

ВЖЖ түрлері

Симпатикалық

Парасимпатикалық

Орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Симпатикалық бағанда 20-25 жүйке түйіндері бар.

Орталығы ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.

Slide 11 Slide 12

Органдарға әсерлері

Орган

Парасимпатикалық әсер

Симпатикалық әсер

Ми тамырлары

тарылады

кеңейеді

Көз қарашығы

тарылады

кеңейеді

Сілекей бездері

сөлді көп бөледі

сөлді аз бөледі

Шеткі артериялар

тарылады

кеңейеді

Бронхылар

тарылады

кеңейеді

Жүрек соғуы

баяулайды

күшейеді

Тер бөлу

азаяды

көбейеді

Асқазан ішек жолы

Қозғалыс белсенділігі артады

Қлзғалыс белсенділігі бәсеңдейді

Бүйрекүсті безі

Гормондар бөлуі азаяды

Гормондар бөлуі күшейеді

Қуық

жиырылады

босаңсиды

Slide 13

Метасимпатикалық жүйе

МЕТАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ (МtЖЖ) Ішкі ағзалардың (жүрек, бронхтар, қуық) қабырғасында орналасқан және шеткі рефлекстік доғасын құрайтын микротүйіндердің кешенін МtЖЖ-сі дейді.


Ұқсас жұмыстар
Симпатикалық жүйке жүйесі
Вегетативтік жүйке жүйесі
ВЕГЕТАТИВТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесі жұлын
Вегетативті жүйке жүйесі
Баланың өсу заңдылықтары
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Адамның жүйке жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz