ГИПОТАЛАМУС ГИПОФИЗДІК
Презентация қосу
ГИПОТАЛАМУС
ГИПОФИЗДІК
ЖҮЙЕ
Орындаған: Аманбай Аида
Қабылдаған:Асан Г.Қ.
ЖОСПАР
Гипоталамус
Гипофиз
Қызметтері
ГИПОТАЛАМУС
Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың
гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон
бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі.Мұнда жүйкелік реттеу
эндокриндік реттеуге ауысады.Гипоталамус ядроларының
нейрондары бөліп шығаратын нейропепидтер либирин және
статин деп аталады.Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің
нәтижежінде гипоталамуста полипептидтерден құралған
бірсыпыра бологиялық белсенді заттар түзілетіні анықталды.
Олардың әрқайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық
бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына
әсер етеді. Либерин (лат. Liber-бос деген мағынада) босатушы,
күшейтуші, ал статин –тоқтатушы, тежеуші(ағыл. State- тежеу)
факторлар. Қазіргі кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып
отыр. Либериндер тобына кортиколиберин, триолиберин,
люлиберин, фольлиберин, соматолиберин, меланолиберин және
пролатрлиберин жатады.
ГИПОФИЗ
Гипофиз — аралық мида орналасқан
ішкі секреция бездерінің ең негізгі
жетекші орталығы. Бұл гормон ішкі
секреция бездерінің «дирижері»
болып саналады. Гипофиз - сопақша
пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз
гормондарының барлығы химиялық
құрамы бойынша пептидті. Гипофиз
үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы,
ортаңғы.
ГИПОТАЛАМУС-
ГИПОФИЗДІК ЖҮЙЕ
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес,
прогормон болып саналады.Гипофиздің артқы
бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға
айналады яғни гипофиздің артқы бөлімі
гипоталамус біртұтас құрылымдық және
әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің
алдыңғы және ортаңғы бөлімдері
гипоталамуспен қан тамырлары арқылы яғни
гуморалды жолмен байланысады.Виллизи
шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз
артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден
тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді.Бұл
торға гипоталамустың нейросекрециялық
жасушалары келіп ұштары нейрокапиллярлық
түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.
ҚЫЗМЕТІ
гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан
тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу
гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне
әсер етеді;
нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын
реттейді;
жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан
бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің
дамуына әсер етеді;
қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
гипофиз
Алдыңғы бөлігі:
Соматропты,
Аденокортикотропт Артқы бөлігі:
ы Вазопрессин
Тиреотропты, Окситоцин
Лютеиндеуші, Орталық бөлігі:
Лактотропты Меланоцистимулде
гормондар уші
Кортикотропин
байланыстырушы
пептид
АДЕНОГИПОФИЗ-ГИПОФИЗДІҢ
АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ
Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) – белоктың
алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің
алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу горомонының
мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда 16 ммкг/мл, ересек
балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл
болады. 1945 ж. бұл гормонды Еванс пен Ли Симпсон тек
малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. жануарлардың, 1956-
1968 жылдары адамның безінен тапқан. СТГ
гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып
кетеді) алыптық, ал гипосекрециясында баланың бойы
қысқа ергежейлік байқалады. Жыныстық жетілуден кейін
СТГ көбейіп кетсе акромегалия байқалады, яғни адамның
бет, қол-аяқ, жақ сүйектері күшті өсіп ұзарады.
Тиреотропин (ТТГ)қалқанша безінің қызметіне әсер етеді:
йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп
қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.
Адренокортикотропин (АКТГ)бүйрекүсті
бездерінің қыртыс қабатының гормондары
глюкокортикойдтар мен
адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді
және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші,
лютеотроптық, фоликулстимулдеуші
гормондар) жыныстық жетілу кезінде
маңызы арта бастайды. Ерлер
сперматогенезін күшейтеді, әйелдер
етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін
әйелдің сүтінің келуін реттейді.
Нейрогипофиз-гипофиздің ортаңғы бөлігі
Меланотропин (МТГ)адам терісінің түсін
реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі
сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда
болады.
НЕЙРОГИПОФИЗ
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде
меланотропин түзіледі. Бұл гормон
терідегі жасушаларды бояушы
түйіршіктерді көбейтіп жасуша
талшығын кеңейтеді және олардың
біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.
Мұның салдарынан тері қарайып кетеді.
Адамның күнге күйген кезде тотығуы
осыған байланысты. Күн сәулесінің
әсерінен интермедин әсері күшейіп
теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді.
Интермедин түзілуін де гипоталамус
реттейді.
ГИПОФИЗДІҢ АРТҚЫ
БӨЛІГІ
Окситоцин жатырдың жиырылуын
қамтамасыз етеді, әйел босанып
жатқанда баланың сыртқа шығуына
көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік
гормон деп те атайды. Ол бүйрек
каналшаларында судың қанға қайта
сіңуіне әсер
етеді. Гиперсекрециясында – қантсыз
диабет ауруы пайда болады (тәулігіне
бірнеше литр несеп бөлінеді).
ГИПОФИЗДІҢ БҰЗЫЛУЫНАН
БОЛАТЫН АУРУЛАР
Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы
жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген
гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді.
Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден
шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның
сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 мден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды
өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы
мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына
сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия
деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп»
жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен
емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей
калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100-
120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз
синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз,
бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан
пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке
жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене
ҚОРЫТЫНДЫ
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы
жүйкелік гуморальдық байланыс
екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін
дәлелдейді.Гипоталамустың супраоптикалық
және паравентрикулярлық нейрондар аксондар
гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөлімін
өтеді.Гипоталамустың аталған ядролары нейро
секрециялық гормон тәріздес заттар түзеді.
Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетінді
гі нейрогистологиялық,физиологиялық және био
химиялық әдістермен дәлелденген.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz