Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында ойын технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері


Slide 1

Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім:

І. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың әдіснамалық негіздері

1. 1. Теориялық білім

1. 2. Ойынның түрлері

1. 3. Математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

1. 4. Математика сабағында қолданылатын ұлттық ойындардың түрлері

ІІ. Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану

2. 1. Математика сабағында ойын технологиясын қолдану

2. 2. Математика сабағында ойын технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері

2. 3. Математика сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Әр сабақ - мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.

Кіріспе

Slide 4

Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.

Slide 5

В. А. Сухомлинский

Кіріспе

«Ойын ойнамай бала

толыққанды дамымайды»

Slide 6

Н. Крупская:

«Бала жас болғандықтан ғана

ойнамайды, балалықтың өзі

оған ойнау үшін, яғни жат-

тығу арқылы өмірде қажетті

дағдыларды игеру үшін бе-

рілген», - деген пікір айтады.

Slide 7

Мақсаты:

Математика сабағында ойын технологияларын пайдала отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.

Slide 8

Егер математика сабағында

ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;

уақытты тиімді пайдаланса;

тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады.

Slide 9

Күтілетін нәтиже

сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.

оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.

ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.

оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.

Slide 10

Технология (грек тілінен аударғанда techne - өнер, шеберлік, логия - ғылым) - бұл шикізаттар мен материалдарды алу, өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Педагогикалық технология - қойылған мақсаттарға сәйкес білімді, дағдыны және қарым-қатынасты қалыптастыру мен бақылау, құрастыру амалдарының жиыны.

Ойын технологиясы - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.

Slide 11

Ойын кезіндегі көтеріңкі көңіл-күй, өзара түсіністік, достық қарым-қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез-құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік-дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күнделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді.

Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі.

Slide 12

Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.

Slide 13

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады.

Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі.

Slide 14

Ойын түрлері:

1. Дидактикалық ойындар.

2. Қозғалыс ойындары.

3. Рөлдік ойындар.

4. Грамматикалық ойындар.

5. Фонетикалық ойындар.

6. Лексикалық ойындар.

7. Іскерлік ойындар.

8. Интеллектуалды ойындар.

9. Ұлттық ойындар.

Slide 15

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

Білім беретін ойындар

Тәрбиелейтін ойындар

Дамытатын ойындар

Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар

Диагностикалық ойындар

Slide 16

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1. Ойын -саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып керсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы қиындық - оңай жолмен қажеттілер - қызық жолмен беріледі.

2. Ойын-тапсырмалар. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді . . . ?», Мен не істер едім егер деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

Slide 17

4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Slide 18

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»- деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.

Slide 19

Ойындар оқушыларды өз

бетінше жұмыс істей білуге

дағдыландырады, ойлау

қабілеттерін,

ізденімпаздығын арттырады,

сөздік қорларын молайтады.

Ойынды қолдану сынып

оқушыларының пәнге деген

қызығушылығын арттырады,

белсенділік танытып,

материалды қажетті деңгейде

игеруіне ықпал етеді.

Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады

Slide 20

Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Slide 21

Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды.

Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады.

Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.

Мектеп оқушыларына математика сабағында ойын - тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сеніміміз мол.

Slide 22

Паравоз ойыны

4сынып

Паравоз әдісінде оқушылар жеке көптеген оңай есептерді шығарады. Белгілі уақыт тағайындалады, сол уақыт өткен соң мұғалім тоқтатып кез келген оқушыны паравоз басшысы қылып тағайындайды. Сол оқушы кез келген сыныптасынан есепті сұрауға мүмкіндігі бар. Солай берілген есеп аяқталғанша паравоз тізбектеліп кете береді.

Slide 23

Мозайка ойыны

4 + 5 =

9 - 7 =

8 - 7 =

6 + 4 =

10 - 6 =

5 - 5 =

6 + 3 =

1 + 7 =

8

4

0

9

10

2

1

9

Slide 24
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологияларын қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың қазіргі жағдайы
Кіші сыныптарда математика сабақтарында мультимедиа технологияларын қолданудың әдістемесі
Бастауыш сыныпта дүниетанудан дидактикалық материалдарды қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптардағы дүниетану сабақтарының материалдық базасының мазмұны мен әдістемелік қамтамасыз етуі
Математика сабақтарында оқушылардың білімін тексерудің әдістемелік және диагностикалық мәселелері
Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолданудың оқушылардың тілдік сауаттылығын арттырудағы рөлі
Бастауыш мектепте компьютерлік технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен әдістемелік аспектілері
Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша сыныптан тыс математикалық ойын-есептердің маңызы
Бастауыш сыныпта өзін-өзі жетілдіру технологиясын енгізудің әдістемелік көмекші құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz