Адамзаттың энергия өндірудегі Жер климатына әсері




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:Адамзаттың энергия өндірудегі жер
климатына әсері

Орындаған:Дехканбаев З
Тобы:ФӨТ-06-19
Қабылдаған:Даулетбаева Д.
Жоспар:

•Кіріспе
•Негізгі бөлім
Адамзаттың энергия өндірудегі Жер
климатына әсері
•Қорытынды
Кіріспе

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық,
химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға
болады. Энергетикалық ресурстар олардың
табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына
(белгісіне) байланысты топтастырылады:
Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы

Бастапқы қоры Екінші қоры
Сарқылатын (көмір, мұнай,
тақтатас, табиғи газ,
жанғыш заттар)
Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан
қосымша өнімдер; гудрон, мазут және мұнай
өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш
дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.

Сарқылмайтын немесе
Жанғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың
қайтадан орнына келетін
жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су;
(ағаш, гидроэнергия, жел
күш берет
және күн энергиясы,
геотермальдық энергия,
жертезек, термоядерлық
энергия)
Негізгі бөлім

Дүниежүзілік мұнай қоры 840 млрд.тонна шартты
отын көлемінде бағаланады. Оның 10%-
анықталған, ал 90% болжамдық қорлар.
Дүниежүзілік рынокты негізгі мұнай мен
қамтамасыз ететін Таяу және Орта Шығыс елдері.
Мұнайдың 66% осы елдерде, 4%- Солтүстік
Америкада, 8-10% Ресейде, қалған мөлшері басқа
елдерде. Жапония, Германия, Франция т.б. көптеген
дамыған елдерде мұнай кен орындары жоқ.
Дүниежүзілік табиғи газдың қоры 300-500 трлн. м3 . Табиғи
газдардың үлкен қорлары Иракта, Сауд Аравиясында,
Алжирде, Ливияда, Нигерияда, Венесуэлада, Мексикада,
АҚШ-та, Канадада, Австалияда, Ұлыбританияда,
Норвегияда, Голландияда, Ресейде (30 %), Қазақстанда (5
млрд. м3). Жыл сайын Ресей 800-850 млрд. м3 шамасында
өндіріледі.
Жоғарыда көрсетілген отын түрлерін жер қойнауынан
алған кезде жер беті келбетінің өзгеруі, топырақтың
құнарлы қабатының бұзылуы, атмосфера мен сулардың
ластануы орын алады. Сондықтан табиғи ортаны сақтау
мақсатында ғалымдардың болжамы 2020 жылға дейін жер
қойнауынан алынатын отындардың 2,5 млрд.тоннадайы
зияндығы аздау отын түрлеріне айырбасталып, яғни
сарқылмайтын энергия ресурстарына олардан алынатын
электрэнергияның мөлшері 8%-ке дейін жетеді.
Жел энергиясынан электр тоғын алу
процестеріне экологиялық тұрғыдан қарасақ,
мұны таза технологияға жатқызуға болады. Шу
және теледидар жүйесінде кездесетін тағы да
басқа бөгеуілдердің мәселесі шешілетін
проблемалар деуге болады.

Қазақстанда жыл бойы жел болып тұратын
аймақтар жеткілікті. Осыған байланысты жел
энергиясы біз үшін сарқылмайтын ресурс.
Сондықтан жел энергиясын кеңінен қолдану
экологиялық жағынан да, экономикалық
жағынан да тиімді.
Электрэнергияның негізгі ауқымды бөлігі (57-64%)
химия, түсті және қара металлургия, құрылыс
өндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазақстан
өзін толығымен электр энергиясымен қамти
алмайтынына байланысты басқа елдерден 17 млрд.
кВт/сағат энергия алуға мәжбүр.
Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін
әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері
отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр
энергиясына айландырған және тұтынушыларға
берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.
Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері
қолданылған отынның табиғатына, химиялық
құрамына және жағу технологиясына байланысты.
Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға
тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ.

Отын түрі

Ластаушы компонент

Тас көмір Қоңыр Мазут
Табиғи газ
көмір

Күкіртті газ 6,0 7,7 7,4 0,002
Азот оксидтері 21,0 3,4 2,4 1,9

Қатты бөлшектер 1,4 2,7 0,7 –

Фтор қосылыстары 0,05 1,11 0,004 –
Қатты отынды (көмір, жертезек, ағаш, қамыс, т.б.)
жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері,
шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда
шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен
шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның
себебі сапасының төмендігінде. Орта есеппен ЖЭС
сағатына 5 тоннадай күкіртті антигридпен және 16-17
күлмен ауаны ластап отырады.

Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін)
қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен
көміртегтің жаққанда қоршаған орта тек азот
оксидімен ластанады.
Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің
қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанды
табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң, газ ұстайтын
қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай
қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге
мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың
үйінділерін сақтау біраз жер көлемін ластайды.

Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС (1 мВт) 10мың тонна
шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын
қож пен күлдің мөлшері 1 мың тоннаның үстінде. Осы
тастандыны биіктігін 8м етіп үйгеннің өзінде бұған қажетті
жердің көлемі 1 гектардан артық келеді. Литосфераның
ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады.
Себебі, ауылшаруашылығына жарамды жерлердің біраз көлемі
құрылысқа бөлінеді. Осы мәліметтің өзі ЖЭС-ның табиғатқа
қандай қысым жасайтынын сипаттауға жеткілікті нәрсе.
Қоршаған ортаға қож пен күлдің тигізетін әсері, оларды
оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен
қатр қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі отынды
тасығанда, жинағанда оның тотығу салаларынан пайда болған
қосылыстар.
Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы, сол жердің
адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына,
бұлттылықтың биіктігіне байланысты болады. Мысалы, ЖЭС
конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі
сусалқындатқыштар (градирнилер) станция аймағының
микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарылатып, тұманның
пайда болуына, кейде сіркіреп жауынның жаууына, ал
қыстыгүні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді.
Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен
әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ
дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі. Тұмшаның адам
денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.
Энергия салқын судың көп мөлшерін жұмсайтын салаға
жатады, судың 99% электр мен жылу энергиясын өндіруге
жұмсалады. Негізінде ЖЭС мен АЭС-ларында суды көп
мөлшерде пайдаланушы турбина кондецаторы.
Кондецаторларды салқындатуға ЖЭС-да 1 кВт/сағ энергия
алу үшін 120 кг, ал АЭС 220 кг су қажет. Судың біразы басқа
да әртүрлі агрегаттарды салқындатуға қолданылады, осыған
байланысты жылу электростанциялары қоршаған ортаны
жылумен ластандыратын көзге жатады.
Электрстанциялардың ақаба сулары арқылы суаттар мұнай
өнімдерімен, әртүрлі қалқыған бөлшектермен, хлоридтермен,
сульфаттармен, ауыр металлдардың тұздарымен, күкіртті
сутекпен, тұз қышқылымен, формальдегидпен,
капролактаммен, мышьяк, сынап, ванадий оксидтерімен, т.б.
заттармен ластанып отырады.
Атом электрстанцияларына келетін болсақ, оны дұрыс қолданса,
атмосфераға тигізетін әсері органикалық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-ның
әсерінен анағұрлым зиянсыз. Себебі, АЭС жұмыс істегенде атмосферадағы
оттек пен көмір қышқыл газының мөлшерін өзгертпейді, оның басқа
химиялық құрамына да әсері жоқ. Қоршаған ортаны ластайтын негізгі
фактор болып радиация көрсеткіші болып саналады. Радиацияны қоршаған
ортаға шығармау үшін, ядролық реакция жүретін реактор көп жүйелі қорғау
жүйесімен қамсызданады. Ең қауіпті жағдай АЭС апатқа ұшыраған сәтте
орын алады, себебі қоршаған ортаға бақылауға көнбейтін радиация
таралады. Сондықтан, АЭС салғанда осындай төтенше болуы мүмкін
жағдайларды да, жобаларды да жан-жақты қарастырылады. АЭС жұмыс
істеген кезде орын алатын екінші проблема- қоршаған ортаның жылумен
ластануы. ЖЭС-сы сияқты АЭС-нан қоршаған ортаға бөлінетін негізгі жылу
бутурбиналық қондырғылардың конденсаторларынан пайда болады.

Ядролық энергия қондырғыларын салқындатудан шыққан суларда
радионуклидтердің болуы мүмкін. Осы сулар арқылы гидросфераның да
олармен ластануы орын алады. Қоршаған ортаға АЭС-ларынан шыққан
радиоактивті қалдықтар және оларды демонтаж жасап, радиациямен
былғанған аспаптар бөлшектерін көмгенде, т.б. жағдайлар да ластанады
Электрстанциясы беретін өндірістің тағы бір көзі гидроэлектрстанциялары
(ГЭС). ГЭС-ны салудан бастап, іске қосылып жұмыс істеген кезеңдердің
бәрінен де қоршаған ортаның ластануы орын алады. ГЭС плотинасының
алдында су жинау үшін салынатын су құймасының өзі жанасып жатқан
бірталай жер көлемінің судың астында қалуына себеп болады. Бұл су
құймасы ұйымдастырған жер, орманды немесе ауылшаруашылық
дақылдарын егетін, елді мекен орналасқан. Немесе пайдалы кен орындары
бар жер болса, құрылыс салдарынан топырақтың, судың гидрохимиялық
және гидробиологиялық режимдері күрт өзгереді. Және де су қоймасының
бетінен дымқылдың булануы жақын маңайдың климатына ықпалын
тигізеді. Яғни ауаның дымқылдығы жоғарылайды, тұманды күндер
жиілейді, жел екпіні жиілейді.

ГЭС үшін ірі су қоймаларын салу сейсмоактивтік жағдайдың дамуына
ықпал етеді, ал бұл жағдай жер қыртысына әсер ететін қосымша күштің
пайда болуына итермелеп, тектоникалық процестерді күшейтеді. ГЭС-тің
қоршаған ортаға тигізетін қолайсыз әсерлері жеткілікті.
Қорытынды
Жалпы энегетика саласының тіршілік ортаға тигізетін әсері күнен
күнге өсе түсетіні сөзсіз. БҰҰ болжамы бойынша қазір
дүниежүзіндегі халықтың саны 6 миллиардқа жақындап қалса, 2050
жылы 10 миллиардқа дейін көбейсе, осыған сәйкес энергияға
сұраныс та 2 еседей, яғни мұнай эквивалентімен алғанда 20 млрд.т
көтерілуі мүмкін. Бұл жағдай қоршаған ортаға да теріс ықпалын
тигізбей қоймайды. Қолданылатын көмір көлемінің артуы,
қазіргімен салыстырғанда ауаға бөлінетін көмір қышқылының
мөлшерін 60%-ке дейін арттырады. Бұл бір қатар әлемдік
проблемаларды тудыруы ықтимал. Мысалы, көп жерлердегі
топырақтың қышқылдануына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан
қазірден бастап қоршаған ортаға зияндығы аз альтернативті
энергетикалық технология мен қалдықсыз жанатын отын түрлерін
іздеу, гидравликалық және геотермальдық энергияны, биомассаны,
күн сәулесі мен желді энергия алуға кеңінен пайдалануға жол
ашатын жобаларды өмірге енгізу қажеттілігі туып отырғаны белгілі
жағдай.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
•Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Ю.Шоқаманов
•2009 жылғы «23» қараша №20.09
www.wikipedia.kz
•Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік
университеті
•Махамбетова Ж.К. «Энергоресурстар және
олардың көздері» пәніне арналған
қысқашадәрістер жинағы, Ақбөбе - 2010

Ұқсас жұмыстар
Экожүйенің энергетикалық типтері
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
ПАРНИК ЭФФЕКТІСІ
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКЗОГЕНДІК ПРОЦЕСТЕР
Әлем құрлығы және аймақ бойынша ауа температурасы үрдістері және басқа да климаттық сипат
Бірлестіктер экологиясы
Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті
Географиялық зерттеу әдістері
Спирттік ашу процесінен алынатын өнімдер
Импульстің сақталу заңына есептер шығару
Пәндер