БҮЙРЕК ТАСТАРЫ
Презентация қосу
Бүйрек-тас ауруы.
БҮЙРЕК - ТАС АУРУЫ
Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипатталатын ауру.
Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі
ауырады. Ауруға әкеліп соқтыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа
біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар
(пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың,
фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр
түрлі аурулары, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит,
гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің
зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады.
Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары
кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар
кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың
құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген
пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін
барады.
БҮЙРЕК ТАСТАРЫ
Бүйрек тастары-көптеген
жағдайларда операция жасауды
талап ететін сырқат.Тас бүйректің
ішінде,оның
табақшаларында,түбекшелерінде
немесе несеп ағарда табылады.
Уролитаз - тастардың несепағарда
кездесуі
Нефролитаз -тастардың
паренхимасында, түбекшелерінде,
табақшаларында кездесуі.
Уролитаз нефролитаз әсерінен
пайда болады.
ПАТОГЕНЕЗІ
Қалыпты жағдайда несеп құрамында еріген кристалоидты және ерімеген
коллоидты бөлшектер бар. Коллоид заттар кристалдардың жабысуынан сақтап,
еріген халде сақтайды.
Тастар пайда болуының 2 теориясы бар:
- Физика-химиялық теория - тепе-теңдік бұзылғанда кристалдар шөгіп, тасқа
айналады.
- Матрица теориясы - органикалық негіздің (ядроның) пайда болуына
байланысты. Ядро қызметін қан ұйындылары, ыдыраған тіндер, бактериялар
атқаруы мүмкін. Осы органикалық қалыпқа кейін тұздар шөгуіне байланысты
тастар түзіледі.
Тас пайда болуы үшін қанда немесе несепте тұздар концентрациясы артуы керек.
Кристализациялық қағида - тұздар еруі азайып, тұнуынан тас байлануын
түсіндіретін қағида.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері:
Бүйрек аймағының арқада ауырсынуы
Несеп жолдары тұсында ауырсыну
Зәр шығарған кезде ауырсыну
Лоқсу
Бастың ауырсынуы
Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен
басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар
және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және
ауырсынуымен сипатталады. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің
кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба
алмай, мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен
өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандырумен
тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтығы бір
тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы
тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде
болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі
байқалады. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа
шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз
түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.
ДЕРТ АНЫҚТАМАСЫ
Зәрдің және қанның
жалпы анализдерін
тексеріске алады. Рентген
сәулесі арқылы, ультра
дыбыспен зерттегенде,
экскреторлық урография
жүргізгенде тастың бөгде
зат болып орналасуын,
көлемін, пішінін анықтауға
мүмкіндік туғызады.
ЖАЛПЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ
• Жалпы қан анализі (лейкоцитоз,
эритроцитоз, кристалды тұздар)
• Биохимиялық қан анализі
(калий концентрациясының артуы,
зәр қышқылы, бейорганикалық
фосфор, магнийдың анықталуы,
бұлардың жоғарылауы зат алмасу
бұзылғандығын көрсетеді)
• Биохимиялық зәр талдауы
(зәрде әртүрлі тұздардың болуы,
аминокислоталардың болуы)
АСҚЫНУЫ
Бүйрек – тас ауруы көбінесе пиелонефритпен асқынады.
Әсіресе пионефроз бен бүйректің іріңдеп кетуі қауіпті,
өйткені сепсиске ұласады. Бүйрек қызметінің жедел
жеткіліксіздігі сирек байқалады. Бүйрек – тас ауруы ұзаққа
созылып, фиброзды, майлы тінді жайлап, бүйрек
қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшырайды.
Пиелонефрит – бүйректің және бүйрек түбегінің
қабынуы. Бұл – бүйректің ең жиі кездесетін ауруы.
ЕМІ
Ұстама кезіңде жылы емшаралар бел аймағына қолданылады (жылытқыш
немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға
қарсы дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі
басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды:
омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.
Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм
тағамдарының құрамында пуринді заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны
бермеу. Сырқаттың емі тастардың құрамына байланысты. Урат тастары
пайда болған жағдайда сүт өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру үшін
қолданылады. Фосфатурия жағдайында табиғи минералды суларын көп
мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі жұқпа жағдайында антибиотиктерді,
нитрофурандарды, сульфанильамидтерді қолданған жөн. Қазіргі кезде
тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz