ҚУЫҚ ЗАҚЫМДАНУЫ



Несеп жолдарының аурулары

Несепағардың жарақаты
Ашық және жабық жарақаттауы мүмкін. Несепағар сирек зақымдалады, себебі париетальды құрсақ қуысына жіне ірі қантамырларға, омыртқаға жақын орналасуына байланысты.
Клиникалық көрінісінде: гематурия, бел аймағының ісінуі, дене температурасының жоғарылауы, құрсақ қуысы клетчаткасының зәр инфильтрциясы.
Диагностикасы:
Хромоцистоскопия
экскреторлы урография
Индигокарминнің бөлінуіне қарау
Катетерлеу
Ретрограттық пиелоуретрография
Фистулография

Несепағардың ашық жарақаттары
Ашық жарақаттардың оқ тигеннен, пышақтан және ятрогенді түрлері болады. Ятрогенді жарақаттар:
1. Екі несепағарды байлау- анурия;
2. Бір несепағарды байлау- гидронефроз және үдемелі бүйрек атрофиясы;
3. Жарақаттанған несепағардан зәрдің таралуы(құйылымы) . Зәрдің құйылымы екіге бқлінеді: а) ішперде қуысына құйылым: ішперде қуысында еркін сұйық, дренаждау түтікшесінен немесе ішперде қуысынан зәрдің бөлінуі; б) ішперде қуысынан тыс құйылым: жамбас және бел аймағындағы тіндердің ісінуі, домбығуы, қынаптан немесе бұтаралығынан зәрдің бөлінуі (несепағар- қынап жыланкөзі) .
Емі.
- Оперативтік ем. Тек қана несепағардың кішігірім толық емес жыртылысында немесе тесілгенде несепағар катетерін немесе стент орналастырумен шектелуге болады.

Қуық жарақаты
Қуықтың зақымданулары біршама сирек болатынына қарамастан, бұл жарақатты білу хирург пен уролог үшін өте маңызды, өйткені мұндай зақымданулардың көпшілігі ауыр болады, мұндай науқастың тағдыры дер кезінде диагностика жасалып, оңтайлы ем қолдануына едәуір дәрежеде байланысты болады

Қуық зақымдануларының классификациясы
Ішперде қуысына қатысы жөнінен: ішперде ішіндегі, ішпердеден тысқары және аралас зақымданулар
Зақымданудың түрі бойынша: а - жабық : соғылу, толық емес жыртылу, толық жыртылу, екі кезеңдік жыртылу. Ә - ашық: соғылу, толық және толық емес жаралану: жанама жаралану, тесіп өткен жаралану, тұйықталған жаралану.
Зақымданулардың шоғырлануы жөнінен: алдыңғы, бүйір, артқы қабырға, түбі, шоқтығы, қуық мойны, несеп - қуық ұшбұрышы

Қуық зақымдануы
Қуықтың жабық зақымдануларының жамбас сүйектерінің сынуымен бірге болатыны біршама жиі кездеседі. Негізгі себептері:
Босану кезіндегі операциялар
Кесарь тілігі
Гинекологиялық операциялар
Жатыр мен оның сағақтарының қатерсіз жаңа түзілімдері
Қуықтың тым толып кетуі
Қуықты қоршап тұрған клетчатканы сөгу кезінде
Қуық жараланған кездегі патологиялық процесс жараланған снарядтың тікелей әрекетімен байланысты тіндердің бұзылуы дәрежесіне бұл тіндердегі жарақатқа жауап ретіндегі реактивтік өзгерістерге тәуелді: қан айналысының бұзылуы, ісік, қабыну және регенеративтік процесстер. Айналадағы тіндерге немесе ішперде қуысына несептің ағып келуі несеп инфильтрациясына, несептік және одан кейінгі іріңдік іркілмелерге, ішперде сыртындағы және жамбастағы клетчатканың флегмондарына, перитонитке себеп болады.
Жабық зақымдану
Ашық зақымданулар

Клиникалық көрінісі
қасаға үсті өңірінің ауруы
несептің жүрмей қалуы
гематурия
кіші дәреттің нәтижесіз белгілерінің жиі болуы
бірнеше тамшы қан немесе қанды несеп шығуы
қуықта несептің жоқтығы катетерлеумен анықталып тұрған жағдайда *қанды анутрия* симптомы деп аталады
кіші дәреттің ауыртып жиі келуі
несеп шығарудың тежелуі
бірнеше тамшы қан немесе қанға боялған несеп шығуы
гематурия, ол жараланғаннан кейін алғашқы сағаттарда
жара саңылауларынан несеп бөлініп шығуы
тік ішектен қан мен несептің бөлініп шығуы немесе несеп шығару кезінде нәжіс пен газдардың шығуы болады.
Жабық зақымдану
Ашық зақымданулар

Диагностикасы:
Қуықтың жарақаттануы жағдайында ерекше бағалы диагностикалық әдіс - ретроградтық цистография.
Қуықтың жыртылғанын айғақтайтын негізгі рентгенологиялық симптомы контраст заттың қуық шекарасынан асып ішперде қуысына немесе жамбас клетчаткасына құйылу болып табылады.
Цистограммада кейде қуық қабырғасының зақымдалған жерін байқау мүмкін болады.
Диагностиканың жақсы бір көмекші әдісі саусақпен ректальдық тексеру кезінде қолғапта жараның не қанның білінуі болып табылады
Кірер және шығар тесіктерді локализациялау, демек жара арнасын проекциялау белгілі бір көмек беруі мүмкін.
Шұғыл лапаротомия
Қуық қабырғасының ақаулары көп болып, жараның жиектері езілген кезде немесе тігістің герметизациялығына сенімділік болмаған кезде қуықты ұсынылады.
Жабық зақымдану
Ашық зақымданулар

Емі
Хирургиялық :
Алдын ала лапароцентезімен лапаротомия немесе ішпердеден тыс жарып ашып, қуықты ревизиялау. Толық зақымданулар әр уақытта хирургиялық әдіспен емделуге тиіс.
Оперативтік:
Несеп инфильтрациясы болмаса, қуық жарасын екі қатар кетгутпен тігіп, эпицистостомиямен аяқтайды
Несеп немесе ірің инфильтрациясы болса, оны жабушы тесік арқылы немесе басқа тәсіл арқылы дренаждайды
Тік ішек жарақаты болса, сигмоколостома жасалады
Ішперде іші қуық жарақатында- лапаротомия.
Ашық зақымданулар

УРЕТРА ЖАРАҚАТЫ
Несеп-жыныс мүшелерінің жарақаттарының ішінде уретра жарақаттары жиілігі жөнінен бірінші орын алады.
Жарақаттану кезінде өлімге ұшырау және оның асқынулары көп кездеседі: зардап шеккендерді ұзақ уақыт мамандандырылған емдеу керек болады, осының өзінде көптеген науқастар қайсыбір дәрежедегі мүгедектікке душар болады. Зардап шеккендердің жартысынан астамына қалпынна келтіру операцияларын жасап араласу керек болатыны да мұның ауыр жарақат екендігінің бір дәлелі болып табылады.

Уретраның жарақаттары
Соғылу; уретра қабырғасының барлық қабаттары зақымдалмай, жанама және тұйық жаралану; уретра қабырғасының барлық қабаттары зақымдалған жанама, тұйық және тесіп өткен жаралану; уретраның езілуі, үзіліп кетуі
Соғылу; толық емес жыртылу не ыдырау(уретра қабырғасының барлық қабырғалары бірдей заымдалмайды) ; толық жыртылу (уретра қабырғасының барлық қабаттары зақымдалады, саңылауы айналасындағы тіндермен қатынасады) ; уретраның үзілуі, езіліп кетуі
Ашық
Жабық

Уретраның ашық зақымдануы
Симптомдары. Несептің күрт журмей қалуы, несеп шығарудың қиындап ауыратыны, қуық молшерінің ұлғаюының қабаттасуы, несеп шығарудың ауыртатын белгілері, уретроррагиялар, ұма және шат аралығы өңірінде гематомалардың түзілуі, кіші дәрет сындыру актісі кезінде жарадан несеп ағуы, іштің төменгі тұсы мен шат аралығының ауыруы.
Диагностикасы. Негізгі зерттеу әдісі - уретрография. Уретраның артқы бөлімінің жарақатын қуық жарақатынан ажырату қажет.
Емі. Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу. Қуыққа жедел дренаж қою қажет. Урогематоманы дренаждау, гамостаз және уретраның жарақаттанған орнына дренаж қою. Уретраға біріншілік тігіс салу

Уретраның жабық жарақаты
Симптомдары:
Уретроррагия
Ишурия (зәр тұтылуы)
Урогематома (аралықтағы гематома)
Диагностикасы
Науқасты тік ішек арқылы тексеру
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz