Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттерібойынша топтастыру




Презентация қосу
АБАЙ атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
университеті

Оқытудың формалары мен әдістері білім беру
нәтижелеріне қол жеткізудің сәттілігін, алынған
білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану
қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және
құрылымдық ойлауды қалыптастыруға бағытталуының
ерекшеліктері
Орындаған: Сапарәлі Аружан
Қабылдаған: Молдабекқызы Г.
.

Оқытуды ұйымдастыру
формасы – оқыту процесінің
міндеттерін іске асырудағы
мұғалім мен оқушылардың іс–
әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Ұйымдастыру формасында
оқытудың мақсаты, мазмұны
мен әдістері бірыңғай жүзеге
асады.
Қоғамның даму тарихында
жас ұрпақты оқытудың
ұйымдастыру тәсілдері де
өзгеріп тұрады. Оқыту
жұмысын ұйымдастырудың
тарихында, оның негізінен үш
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда
пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған
жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып
тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй
тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін,
музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін.
Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке
жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше
оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды
оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас
еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп
отырып, әр кітаптан оқыған.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным
қабілеттерібойынша топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты
болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы
алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және
оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір
мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен
жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары
бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен
жұмыс істейді.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың
негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын
жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің
мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–
ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі
түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы
болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту
процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға
білім берумен қатар, олардың рухани – адамгершілік қасиеттері
мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс,
онда оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және
тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның
құрылымы алдын – ала белгілі болуы тиіс.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес
болуы қажет.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін
сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және
техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
“Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық
болуы керек”–деп Ж.Аймауытов жайдан– жай айтпағанын ескеру керек.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемелық
міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым–қатынас
жасау шеберлігін арттырып отыруы керек. Педагогикалық қарым–
қатынас мұғалімге оқушылармен рухани байланыс жасауға мүмкіндік
береді. Білім арқылы қарым–қатынас жасау және қарам –қатынас
арқылы білім алу керек деген қағиданы іске асыру пайдалы.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігінен білім алудың
әдіс–тәсілдеріне үйрету міндет.
Сабақта оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін
біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
Сабақтың дидиактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір–
бірімен өзара байланыста, бірін–бірі толықтырып тұрылуы қажет.
Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы,
мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу –
техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты
жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыруы
шарт.
Қорытынды
Олардың қатарына семинар, экскурсия,
факультативтік, қосымша, конференция сабақтары,
өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік
зертханалық (практикум) және пәндік үйірме
жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік
жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция
тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді
талқылау, оқушылардың танымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық
белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз
көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге
оқушылардың оқу материалын қаншалықты
мењгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және
бағыт–бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар
тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша
Назарларыңызға рахмет!

THANK YOU THANK YOU THANK YOU

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың типтері, құрылымы
Ырықты зейін
Сынып жетекшісі
Бейінді оқытуда таңдау курстары арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруды ұйымдастыру жолдары
Бақылау сабақтары
Ақпараттық жоба
Сабақ классификациясы (жіктелуі)
Қызым - қызғалдағым, Ұлым -ізгі арманым
Оқыту әдістері туралы ұғым, топтастыру
Оқыту әдістері мен құралжабдықтары
Пәндер